Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Саменов К.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.18

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;

 Сабақ мақсаты

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің мәндер жұбын анықтайды;
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін болжайды.

Бағалау критерийлері

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі айнымалылардың мәндер жұбы екенін біледі және таба алады;
  • Мәндер жұбының екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі болатынын, болмайтынын анықтайды;
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі болатынын немесе болмайтынын анықтайды;
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешеді және есептің жауабын анықтайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • коэффициенттеріне қатысты сызықтық теңдеудің түбірлерінің санын түсіндіре алады;
  • математикалық модельдің жасалуын сипаттайды;
  • сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу барысында тепе-тең түрлендірулердің орындалуын түсіндіре алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- математикалық модель;

- шынайы жағдаят;

- ең кіші мән.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін сан;

- айнымалыны енгіземіз;

- жүйені құрастырып және оны шешеміз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарды дарыту

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жұпта және топта өз ойын жеткізу және өзгені тыңдауға, бағалауға үйрету

АКТ қолдану дағдылары

Үлестірмелі материалдар

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шеше біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-7 мин

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. Ынтымақтастық ахуал орнату.

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтады.

Төмендегі суреттердің көмегімен оқушыларды 3 топқа бөлу.

Сынып 3 топқа бөлінеді:

1 топ – “Western Union” банкі

2 топ - “Болашақ” банкі

3 топ - “Тетраэдр” банкі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді (өзара тексеру), тақтаға бағалау критерийлері шығарылады.

Бейнебаян көрсету. (Оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыру мақсатында)

«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жеткізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков.

Слайд 1-3

https://twig-bilim.kz/kz/film/european-mathematical-symbols

Сабақтың ортасы

7-35 мин

ІІ. “Біліміңді сынап көр” – акциялар сату, құны – 10 евро.

(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)

  • Бір айнымалының мәні екінші айнымалының мәніне туәуелді болса, мұндай тәуелділікті не деп атаймыз? ( функция, айнымалы)
  • Берілген формуллалардың қайсысы х-ке тәуелді у функциясы болып табылады (y=2x+3, х+y-3=0)
  • y=2x+3 функциясындағы х : ( аргумент, функцияның мәні)
  • Сызықтық функцияның жалпы формуласын көрсетіңіз: (y=kx+b, y+kx+b=0)
  • Қандай жағдайда сызықтық функциялардың графиктері қиылысады? (k бірдей болған k әртүрлі болған жағдайда)
  • k бірдей болған сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасады? (параллель, қиылысады)
  • Қандай жағдайда сызықтық функциялардың графиктері координаталар бас нүктесінен өтеді? (b=0 болғанда, b=1 болғанда)

ІІІ. “Білімді мыңды жығады” (Деңгейлік тапсырма)

Топтық жұмыс

“Western Union” банкі

  • 5х – 2у =10 теңдеуі берілген.

Төмендегі мәндер жұптарының ішінен осы теңдеудің шешімі болатынын көшіріп жазыңыз:

1) х = 2, у = 0; 2) х = 3, у = 0; 3) х = -3, у = - 10.

(€10)

2. 7х + 3у = 14 теңдеуінің шешімдері : а) (х ; 7) ә) (5; у) болса, онда х және у -тің мәндерін табыңыз.

(€20)

3. (3; -5) жұбы жүйенің шешімі болатынын, болмайтынын анықтаңыз.

(€20)

4. у=0,5х+2 және у=-1,5х+6 функция графиктерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңыз

жауабы: (2; 3)

(€20)

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шешіңіз:

(€40)

“Болашақ” банкі

  • 2х – 3у = 6 теңдеуі берілген.

Төмендегі мәндер жұптарының ішінен осы теңдеудің шешімі болатынын көшіріп жазыңыз:

1)х = 3, у = 0; 2) х = - 3, у = - 4; 3) х = 6, у = - 2.

(€10)

2. 3х + 5у = 15 теңдеуінің шешімдері: а) (5 ; у) ә) (х; –3) болса, онда х және у -тің мәндерін табыңыз.

(€20)

3. (3, 5) жұбы жүйенің шешімі болатынын, болмайтынын анықтаңыз.

(€20)

6. у=-0,5х+2 және у=-0,5х-3 функция графиктерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңыз

жауабы: шешімдері болмайды, Ø

(€20)

4. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шешіңіз:

(€40)

“Тетраэдр” банкі.

  • 4х + 3у =8 теңдеуі берілген.

Төмендегі мәндер жұптарының ішінен осы теңдеудің шешімі болатынын көшіріп жазыңыз:

1) х = -2, у = 0; 2) х = 5, у = - 4; 3) х = - 2, у = 5.

(€10)

2. 4х + 7у = - 8 теңдеуінің шешімдері : а) (х ; 4) ә) (5; у) болса, онда х және у -тің мәндерін табыңыз.

(€20)

3. жұбы жүйенің шешімі болатынын, болмайтынын анықтаңыз.

(€20)

4. 7х+2у=12 және 35х+10у=60 функция графиктерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңыз 

жауабы: шексіз көп шешімі бар

(€20)

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шешіңіз:

(€40)

Бағалау критерийі:

Дескриптор

1

теңдеудің шешімдерін дұрыс анықтайды

2

мәндер жұбының теңдеулер жүйесінің шешімі болатынын, болмайтынын анықтайды

3

теңдеулер жүйесін шешеді

4

теңдеулер жүйесінің қанша шешімі бар екенін болжайды

5

теңдеулер жүйесінің графиктерін салады

6

графиктердің қиылысу нүктесінің жүйенің шешімі екенін біледі және жауабын жазады

Дарынды және қабілетті оқушыға шығармашылық тапсырма:

ax – by = 7 теңдеуінің шешімдері x=3; y=2 және x=5; y= -6 болғандағы a және b- ның мәнін табыңдар.

(€50)

Бағалау

Әр топтың қанша жинағанын есептеу, қателіктерін талдау

70 – 110

ЖАРАЙСЫҢ, КЕРЕМЕТ !!!

50 – 70

ТЕК АЛҒА ҰМТЫЛ !!!

50 -ден төмен

БІЗ САҒАН СЕНЕМІЗ !!!

Үлестірме лер

Сабақтың соңы

36-40 мин

Сергіту сәті.

"Математиктер қалай билейді"

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 мин)

«Табыс ағашы» (оқушылар стикерлерге тақтадағы табыс ағашына бүгінгі сабақ бойынша өз жазбаларын жапсырады)

Үйге тапсырма:

Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша өзінің ақсаған тұсын анықтап, үйден қайталау.

№ 24.7 Графиктік тәсілмен шешіңіз.

№ 24.8 Теңдеулер жүйесінің қанша шешімі бар

Стикер, «табыс ағашы» макеті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын.

Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу