Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.17

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы;

6.2.2.18

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінік беру;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын түсіндіру;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіндіру.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігі бар;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;

 

 Құндылықтарды

  дарыту

Әлемдік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, пікірлерін тыңдауды, өз ойын ашық айтуды, ынтымақтастықты жұптық және топтық жұмыстар арқылы дарыту.

 Пәнаралық

  байланыстар

Күнделікті өмірден мысалдар алып екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру, осы түсінігін жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқығанда пайдалану.

 АКТ қолдану

 дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Өткен сабақта алған білімді нақтылау:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу түсінік;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі;
  • (3;0), (4;-2), (5;-2), (-1;8) мына сандар жұбының қайсысы 2х+у=6 теңдеуінің шешімі болады?

Слайд 4

Сабақтың ортасы

3 – 13 мин

13 – 15 мин

15 – 21 мин

21 – 30 мин

30 – 32 мин

32 – 37 мин

37 – 38 мин

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз.

Бір топқа ТАРСИЯ, келесі топқа ДОМИНО жинауды ұсыныңыз.

ТАРСИЯ

ДОМИНО

Уақыт болған кезде дайын құрылған жауаптарды әр топқа беріп, жұмыстарын ауыстырып, тексеріп, өзара бағалауды ұсыныңыз.

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.

Мысал-1.

Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 4 см ұзын, ал оның периметрі 36 см. тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін табыңдар.

Шешуі: х – ұзындығы, у – ені болсын, сонда:

есеп шарты бойынша екі айнымалысы бар екі теңдеу құрылады. Екі теңдеудегі х – тің мәндері тең және екі теңдеудегі у – тің мәндері де тең. х пен у мәндерін табу үшін екі теңдеу бір жүйеге біріктіріледі, себебі шешімдері ортақ. Оларды фигуралық жақшамен біріктіріп жазады, сонда алынған жүйені екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі деп атайды.

x = 11, y=7 мәндерін теңдеудің әрқайсысына қойсақ, онда тура теңдікке айналады.

Жауабы: (11; 4).

Есіңе сақта!

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.

Сыныппен талданып орындалатын тапсырмалар

№1.

(2; 1) сандар жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма?

Жауабы: болады, .

№2.

Егер екі санның қосындысы 39, айырмасы 11 болса, онда осы сандарды табыңыздар (бірінші үлкенін жазыңыз).

x = 25, y=14 мәндері болады.

Жауабы: (25; 14), .

№3.

, егер (3; 4) мәндер жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болса, онда a және b мәндерін табыңыздар.

Жауабы: a = 8, b = 7 ,

Дескриптор: Білім алушы:

  • сандар жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болатынын көрсетеді;
  • белгісіз сандарды табады;
  • белгісіз коэффициенттерді дұрыс табады.

Берілген тапсырмаларды сынып болып талқылап, әркім өз жұмысын тексеріп, бағалайды.

Жұптық жұмыс тапсырмалары:

№1. (1; -1) сандар жұбы төмендегі теңдеулердің қайсысының шешімі болады?

6x+8y=1

15x−12y=3

5x−2y=7

2x+11y=15

7x+3y=10

6x−2y=4

№2.

шешімі болатын мәндер жұбын табыңыз.

Жауабы: (-3; -2), .

Дескриптор: Білім алушы:

  • берілген сандар жұбы қай теңдеудің шешімі екенін дұрыс табады;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі болатын мәндер жұбын табады.

Дайын жауап, дескриптор арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Қосымша 1

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 2

Слайд 5-6

Слайд 7 - 8

Қосымша 3

https://www.yaklass.ru/p/algebra/7-klass/sistemy-dvukh-lineinykh-uravnenii-s-dvumia-peremennymi-10998/osnovnye-poniatiia-12436/re-bc18318f-0820-4603-83ec-bc624cf9b5a0

Слайд 9

Қосымша 4

Слайд 10

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінік;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын айтыңыз;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіндіріңіз.

Үй тапсырмасы:

шешімі болатын мәндер жұбын табыңыз.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 11 - 12

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақта сыныппен талдауға, жұппен орындауға берілген тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында жұптық жұмыста зерттеу тапсырмасы ұсынылады.

Жұптық жұмыста бірін-бірі өзара бағалау, сыныптық жұмыста өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы жүргізіледі.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болуына назар аударыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу