Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әлібекқызы Айнұр

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.17

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы;

 Сабақ мақсаты

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешеді;
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешеді және есептің жауабын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шеше алады;
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шеше алады және есептің жауабын анықтай алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
  • тақырыптық сөздікті дәл пайдаланып функцияның сызықтық графигі бойынша өз қорытындысын талқылай алады.

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • мәндес жүйелер;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі;
  • графикалық түрі;
  • түзулер;
  • бастапқы айнымалы;
  • тұрақты;
  • коэффициент.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • сызықтық теңдеулер жүйесі ... ;
  • теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері... ;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі …;
  • осы графиктегі қиылысу … білдіреді;
  • х шешу, себебі … .
  • егер бұл x болса, онда бұл y болуы мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысады, сол сияқты сыныппен талқылауға қатысу арқылы коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Оқушыларға есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс жасайды, топпен жұмыста бір-біріне қолдау көрсетеді.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулер және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-10 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Оқушылар дәптерлерімен ауысады. Өзара бағалау. Презентацияда дұрыс жауаптар көрсетіледі.

Сабақтың ортасы

11-35 мин

ІІІ. Миға шабуыл

1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?

3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін айтыңдар.

4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін қалай салады?

Өтілген материалды оқушылармен талдау, қайталау.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері үш түрлі жағдайда орналасады. Осыған байланысты екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің:1. бір ғана шешімі бар,2. шешімдері жоқ3. сансыз көп шешімдері бар.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу. Осы мақсатқа оқушылардың өздігінен жетулері үшін топтық жұмысты орындату.IV. Топтық жұмыс

1 топқа:

2 топқа:

3 топқа:

Топтық жұмыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің графиктік, алмастыру, қосу тәсілдері бар.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуді қарастырып отырмыз.1 жағдай.

Жауабы: (2; 3)Егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, онда теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады.ІІ жағдай.Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель

жауабы: шешімдері болмайды, ØЕгер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель болса, онда теңдеулер жүйесінің шешімі болмайды.ІІІ жағдай.Жүйедегі теңдеулердің графигі болатын түзулер беттеседі.

Егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер беттесетін болса, онда теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болады.

V. Жеке жұмыс

1. Ж: (2;11)

2. Ж: (-6;-2)

3. Ж: (3;5)

4.Ж: (-3;1)

5.Ж: (1;-2)

6.Ж: (шешімі жоқ)

7.Ж: (3;-2)

8.Ж: (-1;-1)

9.Ж: (4;-3)

Қосымша1.

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

36-40 мин

Сабақты бекіту кезеңі:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
  • Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
  • Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 мин)

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындықтар туындады
  • … әлі де жұмыс жасауым керек
  • … маған қызық болды?

Үйге тапсырма:

Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша өзінің ақсаған тұсын анықтап, үйден қайталау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын.

Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу