Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы

6.3.2.4

кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;

 Сабақ мақсаттары:

  • кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын танып біледі;
  • жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді үйрету.

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз

Бұл тарау оқулықта жоқ, қосымша дидактикалық материалдарды пайдалануды түсіндіру. НЗМ оқуға қабылдау конкурсының емтиханында осы бөлім бойынша тапсырмалар берілетінін еске салу.

Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, сызба жұмыстарын орындауда бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Жаңа тақырыпты баяндаңыз

Біздің айналамыздағы объектілердің кеңістіктік нысаны бар, сондықтан геометрияда жазықтықтың және кеңістіктіктің фигуралары қарастырылады. Кеңістік фигуралар геометриялық денелер деп аталады.

Геометрия

Планиметрия Стереометрия

Геометрияда келесі кеңістіктік фигуралары зерттеледі:

1) тікбұрышты параллелепипед

2) текше

3) цилиндр

4) конус

5) шар

6) пирамида.

Есте сақта!

Кеңістіктік фигураларды бейнелеу ережелері:

1) бақылаушы көзіне көрінетін сызықтар тұтас сызықпен бейнеленген.

2) байқаушы көзге көрінбейтін сызықтар үзік сызықтармен көрсетілген.

Егер көпжақтың бетін кейбір қабырғалар арқылы қиып алатын болсақ, онда оны жазба түрінде қарастыра аламыз.

Есте сақта!

Кескін бойынша фигураның проекциялары

Геометриялық фигура алдынғы жағынан сол жағынан жоғарыдан

Жалпы сыныппен жұмыс

Оқушыларға жалпы сыныппен жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

№ 1. Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген, атап шығыңыз. Дәптерге салыңыз.

№2. Суретте 1 санымен фигура алдынғы жағынан көрсетілген, 2 санымен – жоғарыдан көрінісі. Қандай фигура болуы мүмкін?

№3. Суреттердің қайсысы текшенің жазбасы болады?

№4. Суреттердің қайсысы пирамиданың жазбасы болады?

№5. Бос орынға тиісті фигураның проекциясын салыңыз.

фигура алды сол жағы жоғарыдан

Дескриптор: Білім алушы:

  • геометриялық фигураларды ажыратады;
  • сызбаны сауатты орындайды;
  • фигураны кесіні бойынша ажыратады;
  • геометриялық денелер жазбасын біледі;
  • геометриялық денелердің проекциясын біледі, сауатты салады

Тақтада көрсетілген тапсырмалар жауаптары, дескрипторы бойынша өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Сабақ барысында оқушылар қосымша материалдармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.

Сабақты қорытындылау:

  • кеңістікте ойлау дағдылары қандай?
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын біле ме?
  • жазықтық және кеңістік фигураларын кескіндеуді қалай меңгердім?

Үйге тапсырма

Мына геометриялық денені қатты қағаздан жасап келуді тапсырыңыз.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім

Мен не үйрендім

Мен нені түсінбедім

Мен не білуім керек

Ресурстар:

  • Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6 класс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.
  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу