Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.10

түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығара алады;
  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал:

Керемет Тамаша

Орташа

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

« Не білемін» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары қойылады.

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз?
  • Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
  • Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолы?
  • а=0 және в˂0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
  • а=0 және в˃0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?

«Кім жылдам»

№1. Теңсіздікті шешіңіздер :

а) 2х ≤ 10             д) у-4 ≥ 14

б) х+3 ≥ 7             е) −3у > −9

в) −4х < 8             ж) 13 < 8-х

г) -х < 5

Жауаптары:

х < 3    х ≤5    х ≥ 4    х > −2    х ≥ 18    х < −5    х > −5

№2. Координаттық түзуде көрсетілгенді аралық түрінде жазыңыз:

Жауаптары: 1) ; 2) ; 3) ; 4)

Сыныпты топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;
  • ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Топтық жұмыс

Оқушылар топтық жұмыстарын постерде жазып, қорғайды. Теңсіздіктерді флипчартқа шығару және өзара тексеру ұсынылады:

№1.

  • 6у – ( у + 8 ) – 3( 2 – у )≤ 2;
  • 4( 2 – 3х ) – ( 5 – х ) > 11 – х.
  • 3 ( х – 4 ) – 7 ≤ 3 – 2( х + 6 ).
  • 2( 2х – 3 ) > 1 – 2( х + 5 ).
  • 6х ≥ 2( 1 – х ) – 3( х + 1 ).

№2. Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып, екінші қалаға қарай 3 сағат жүргенде екінші қалаға дейін 45км қашықтық қалды. Пойыздың жылдамдығын бағалаңыз.

№3. x-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні теріс сан болады: 2x – 5; 1,4x – 7; 6 – x?

Топтар жұмыстарын тексеріп, бағалап болғаннан соң, оларға басқа тапсырма беріледі.

Берілген есептің шығарылуынан жіберген қателерді табады және теңсіздіктерді шығарып сәйкестендіреді. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді және бағалайды.

«Түртіп алу» стратегиясы

1. «Қатесін тап»

1)5у+9≤3-7у,   2)3х+1≤4х-5,   3)6-5у˃3у-2, 4)3-7у˃5у-3,

5у-7у≤3-9,       3х-4х≤-5+1,    5у-3у˃-2-6,      7у-5у˃-3-3,

-2у≤-6,              -х≤-4,              2у˃-8,          2у˃-6,

у3.                х≤4.                 у-4.               у˃-3.

2. Сәйкестендіру тесті:

р/с

Теңсіздік

Белгіленуі

1

5(х-2)≥2х-1

A. х≤2

2

7х-8≤5х+2

B. х˃7

3

4(х-3)≤х-6

C. х˂-2

4

3+2(х-1)˃8+х

D. х≤5

5

2х+5˂х+3

E. х≥7

6

3х+4≥2х+11

F. х≥3

Жауабы: 1-F,  2-D,  3-A,  4-B,  5-C,  6-E.

Сергіту сәті.

«Мен таптым» әдісі

Оқушылар орындарында отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушыларға оқу мақсатын меңгеру үшін топта өздері орындайтын тапсырмалар беріледі.

«Мен саған, сен маған»

Оқушылар өткен тақырыптары бойынша топтар бір-біріне өздері есептер құрастырып береді, ал қалған топтар соны шығарады, дұрыстығын сол топ мүшелері өздері тексеріп, бағалайды. Мысалы, бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, ал үшінші топ бірінші топқа есептер береді немесе сұрақтар қояды. Әр топ өз еріктерінде.

Топтық жұмыс талданып аяқталғаннан соң, қатар отырған топтар өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, жауаптарын өз дайын жауап бойынша тексереді, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №1040 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

«Жетістік» баспалдағы.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу