Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;
  • түріне келтіре біледі;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;
  • Шешімін координаталық түзуде сала біледі;
  • Шешімін аралық түрінде жаза алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап алайық.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Миға шабуыл» - Қайталау. Оқушыларға өз беттерімен орындауға тапсырма беру.

Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.

15y + 3 ≤ 7 + 3y

Сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмі

Мысал: 15y + 3 ≤ 7 + 3y

1. Таңбаны қарама-қарсы таңбаға ауыстырып, х айнымалысы бар қосылғыштарды сол жаққа, ал сандарды оң жаққа орын ауыстыру.

2. Ұқсас мүшелерді біріктіру.

3. Теңсіздіктің екі жағын да х айнымалысының алдындағы санға (егер бұл сан оң сан болса, теңсіздік таңбасы өзгермейді, ал теріс сан болса, теңсіздік таңбасы қарама-қарсы таңбаға өзгереді) бөлу.

5. Аналитикалық түрінде берілген теңсіздікті геометриялық түрде бейнелеу.

6. Теңсіздікті қанағаттандыратын нүктелер жиынын жазу.

Жауабы:

Тез есептеген және сұрақтарға жауап берген оқушыларды смайликтермен марапаттау.

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға жалпы сыныппен орындайтын дифференциалданған тапсырмалар беру. Жұптағы қатар отырған оқушылар дайын жауаппен бірін-бірі тексеріп, бағалайды. Түсінбеген немесе есеп шығаруда қиналған оқушылар тақтада орындайды.

Сыныппен жұмыс.

№1. Теңсіздіктерді шешіп, координаталық түзуде кескінде.

2(x + 1) – 4x > – 3x + 8 Ж: (6; +).

№2. 5x + 1 > 6 теңсіздігінің шешімі табыңыз және жауабын сан аралығы түрінде жазыңыз.

№3.

Бұл сан аралығы төмендегі қай теңсіздіктің шешімі болатынын көрсет.

1.11x + 1 > – x – 1

2. 10 + x > 0

3. – x + 13 ≥ – 3

4. x ≥ – 13

№4. Теңсіздікті шеш: 5 + x < 3 – x. Ж: (-).

№5. Теңсіздікті шеш: 8x – 5 ≥ – 24. Ж: ).

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында оқушыларға жұпта орындайтын тапсырма беріледі.

Жұптық жұмыс

№1. Кестеде теңсіздіктер және оның шешімдері берліген. Шешімі дұрыс көрсетілген болса «+», ал шешімі қате көрсетілген болса «-» қойыңыз.

Теңсіздіктер және оның шешімдері

«+» немесе «-»

-

+

-

-

№2. −3𝑥 ≤ −45 теңсіздігіне қандай сандық аралық сәйкес келетінін табыңыз. Ж: ).

№3. Теңсіздікті шеш: 3(x+2)>4(x+3); Ж: (-).

Жұптық жұмысты орындап болғаннан соң сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті.

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылар жеке тапсырма орындап, рет-ретімен бірін-бірі тексереді.

Өз беттік жұмыс

Теңдеудің түбірлерін тауып, кестені толтыр.

Теңсіздіктер және оның шешімдері

«+» немесе «-»

(-

).

(-

).

Жеке жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №1028 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

«Анкета» әдісі.

Оқушыларға кішігірім анкета ұсынылады,ол өзгертуге болатындай толықтырылып отырылады, яғни сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді.Оқушылардан өздерінің жауаптарын дәлелдеп беруін сұрауға болады.

1. Мен сабақта жұмыс… жасадым

2.Менің сабақта жасаған жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Мен сабақта

5. Менің көңіл-күйім

6. Сабақтың материалы маған

7. Үй жұмысы маған

белсенді / неғұрайлы

Көңілім толды / толмады

ұзақ / қысқа немесе тез

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / төмендеді

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

жеңіл / күрделі

қызықты / қызықсыз

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Математика 6 кл. Дорофеев, Петерсон – 2010


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу