Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.10
түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;
6.2.2.11
алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;
6.2.2.12
теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;
6.2.2.13
теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;
- түріне келтіре біледі;
- түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;
- Шешімін координаталық түзуде сала біледі;
- Шешімін аралық түрінде жаза алады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Психологиялық ахуал:
«Әр елдің амандасу салты»
Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.
Қазақтар - қол алысады,
Италияндықтар – құшақтасады,
Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады, Зимбабалықтар –арқасымен амандасады, Македониялықтар – шынтақпен,
Никарагулықтар - иықпен амандасады,
Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді.
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
« Қай жұп жылдам?» - өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың есеп шығару қабілеттерін, шапшандығын байқау.
4 жұпта тапсырмалар беру, тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді.
1 жұп
Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.
4(x – 3)+5x ≤ 3x Ж: .
2 жұп
Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.
Ж: (-
3 жұп
Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.
7(x+1) – 4x>3x+16 Ж: .
4 жұп
Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.
6x+17>2(3x+4) Ж: шексіз көп шешімі бар.
Жұптық жұмысты орындап болғаннан соң оқушыларға жұпта орындайтын тапсырмалар беру.
Оқушыларға жұптарға бірігуді ұсыныңыз. Әр жұпқа үш бағаннан тұратын кесте таратыңыз. Бірінші бағанға түрлі теңсіздіктерді жазыңыз. Екінші бағанды «Сызба» деп , ал үшінші бағанды «Теңсіздік» деп атаңыз.
Теңсіздік | Сызба | Теңсіздік |
Оқушылар келесі схема бойынша жұмыс жасайды:
- Әр оқушы бірінші бағанда жазылған теңсіздіктің шешімінің сызбасын екінші бағанда кескіндейді;
- Тапсырмалар жазылған бағанды бүктейді;
- «Теңсіздік» бағанын(үшінші бағанды) толтырады;
Талдау, бағалау: Жұмыс соңында оқушылар парақты жазып, бірінші баған мен соңғы бағанның нәтижелерін салыстырады. Салыстыру барысында шешімін талқылап, тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
Оқушылармен жұптық жұмысты талдап болғаннан соң, жалпы сыныппен жұмыс, теңсіздіктерді шешіп, оның шешімін координата түзуінде белгілеп, шешімін аралықпен көрсетуге тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырманы орындарында отырып орындайды, түсінбеген оқушылар есептерін тақтада орындайды.
Жалпы сыныппен жұмыс
1. Теңсіздікті шешіңіздер: 2x – 5 > 9.
2x – 5 > 9 <=> 2x > 14
x > 7.
(7; ∞).
2. Теңсіздікті шешіңіздер: 4a – 11 > a + 13.
4a – 11 > a + 13 <=> 3a > 24 <=> a > 8.
а (8; +∞).
3. Теңсіздікті шешіңіздер: 5y2 – 5y(y + 4) ≥ 100.
5y2 – 5y(y + 4) ≥ 100 <=> 5y2 – 5y2 – 20y ≥ 100 <=> -20y ≥ 100 <=> 20y ≤ -100 <=> y ≤-5.
y ≤-5.
4.Теңсіздікті шешіңіздер:
5.Теңсіздікті шешіңіздер:
;
Жауабы:
немесе .
6. Теңсіздікті шешіңіздер:
.
. .
Жауабы:
.
Жалпы сыныппен жұмысты орындап болғаннан соң өз – өздерін дайын жауап бойынша тексеріп, бағалайды. Содан соң оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.
Сергіту сәті.
«Жаңылыспаймын» әдісі
Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушыларға өз бетімен орындайтын тапсырмалар беріледі, рет-ретімен бірін-бірі дайын жауап бойынша тексереді және бағалайды.
Жеке жұмыс
- Теңсіздікті шешіңіздер:
.
.
.
.
Жауабы:
.
- Теңсіздікті шешіңіздер:
.
.
.
Жауабы:
- Теңсіздікті шешіңіздер:
.
.
.
.
Жауабы: .
4. Теңсіздікті шешіңіздер: 2х+1>0.
2х > -1
Жауабы:
немесе (-1/2;∞).
5. Теңсіздікті шешіңіздер:
1-ші әдісі:
2-ші әдісі:
2 < х < 7
Жауабы: 2 < х < 7 немесе (2; 7)
Өз беттік жұмыс талданып аяқталғаннан соң, қатар отырған жұптар өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма: Оқулық бойынша №1036 есеп.
Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.
Рефлексия:
«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады, өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру