Сан аралықтары. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Сан аралықтар»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.7

сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;

6.2.2.8

сан аралықтарды кескіндеу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Координаталық түзуде нүктелерді белгілей алады;
  • Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажырата алады;
  • Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей алады;
  • Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалана алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру.

Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену,үғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Оқушылардың бір ұядай тату тәтті, бір-біріне адал, қамқор болуларын тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар орындарында отырып дәптерлерінен тексереді, мұғалім әр оқушыдан жауаптарымен шығару жолдарын сұрайды. Егер қате кетсе, тақта да орындап көрсету.

Өткен сабақты бекіту үшін: “ Қағып ал” ойыны ойналады, мұғалім допты кез келген оқушыға лақтырады және кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап беріп, рет-ретімен әріптерді ашады, түгел сұрақтар қойылып болғанда бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы шығады.

1.Санды теңсіздік дегеніміз не?

2. Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

3. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігін оның екінші жақ бөлігіне орын ауыстырғанда теңсіздік белгісі қалай өзгереді?

4. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосып болады?

5. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп алуға болады?

6. Айырма теңсіздіктің теңсіздік белгісі қалай анықталады?

7. Қандай теңсіздіктерді көбейтуге болады?

8. Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктер қалай көбейтіледі?

9. Теңсіздіктер қалай бөлінеді?

10. Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік белгісін қалай өзгерту керек?

11. 1 теңсіздігіндегі х-тің теңсіздік тура болатын сан мәндерін табыңдар.

12. 1 координаталық тузуде белгілеңіз.

13. -2 теңсіздігіндегі х-тің мәндерін табыңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Әр сұрақтың артында әріптер бар. Сол әріптерді құрастыру арқылы «Сан аралықтары» деген жаңа тақырып ашылады.

Жаңа сабақ: «Сан аралықтары»

Координаталық түзуде а және в сандарына сәйкес нүктелерді белгілейік.

Координаталық түзудегі а және в сандарына сәйкес нүктелердің аралығы а және в сандарының аралығын кескіндейді.

Сан аралықтары.

Координаталық түзудегі а және в сандарына сәйкес нүктелердің аралығы а және в сандарының аралығын кескіндейді.

Сан аралықтарының түрлері

Интервал.

Мысал: 27 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік.

Белгіленуі: (2; 7). Оқылуы: 2 - ден 7-ге дейінгі аралық.

Кесінді.

Мысал: -43 қатаң емес қос теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік.

Белгіленуі: [-4; 3]. Оқылуы: -4 саны мен 3 саны қоса алынған -4 тен 3-ке дейінгі аралық.

Жартылай интервал.

Мысал: -24 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік.

Белгіленуі: [-2; 4). Оқылуы: -2 саны қоса алынған -2 ден 4-ке дейінгі аралық.

Сәуле.

Мысал: х ≥ 8 теңсіздігі шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік.

Белгіленуі: [8; +∞). Оқылуы: 8 саны қоса алынған 8- ден плюс шексіздікке дейінгі аралық.

Ашық сәуле.

Мысал: х < 5 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік.

Белгіленуі: (-∞; 5). Оқылуы: минус шексіздіктен 5-ке дейінгі аралық.

Сабақты бекіту: Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсатын бекіту үшін, орындарында отырып орындауға тапсырма беріледі..

Кестені толтырыңдар:

Сан аралығының белгіленуі

[-3:-2 ]

(-∞:4)

(1:6)

(2:+∞)

Сан аралығының аты

Сан аралығының коор.түзудегі кескіні

Оқушылармен оқу мақсатын меңгеру үшін оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Түсінбесе немесе қате шығарса, тақтада орындайды.

Жұптық жұмыс

А деңгейі

№991. Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер:

1) [-3;5]; 2) (-1;8]; 3) [-5;0]; 4) ( 0; 8)

5) (- 6) [-9; + ); 7) (-;5); 8) (-5; + ).

В деңгейі

№ 998.

  • -4; -2; -6; 0; 7; 9,3; 8,4; сандарының қайсысы [ -3;8,5]

аралығына тиісті, қайсысы тиісті емес? Берілген сан аралығына тиістілерін теріп жаз.

Ж: -2; 0; 7; 8,4 – тиісті сандар.

  • 5; 4,7; -3,2; 9; 0; 2; 8; -1; 10 сандарынан аралығына тиістілерін теріп жазыңдар.
  • Ж: -3,2; -1; 0; 2тиісті сандар.

С деңгейі

№1005. Мына қос теңсіздіктердің шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазыңдар:

1) 28; 2) -90; 3) -35; 4) -27;

5) 9100; 6) 09; 7) -19; 8) -85.

Ж: 1) ; 2) ; 3) (-3; 5); 4) (-2; 7); 5) ; 6) (0; ;

7) ; 8) .

Бағалау: Қатар отырған жұптар бірін-бірі тексереді, бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмысты болғаннан соң, оқушылармен сергіту жұмыстарын жүргізу.

Сергіту сәті.

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Оқушылардың бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеруін тексеру үшін өз беттік жұмыс тапсырмаларын беру.

Өз беттік жұмыс

Тапсырма 1

Координаталық түзуде белгілеңіз:

1) ( 0; 9);2) [-8;9);3) [-2; 2];

4) (-∞;9];5) (11;+ ∞);6) [-8;+ ∞).

Тапсырма 2

Аралықтағы бүтін сандарды табыңыз:

( -6,3; 6] және ( -4,3; 9].

Ж: -6; -5; -4; -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6 және -4; -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9.

Бағалау: Оқушы дайын жауаппен өзін-өзі тексереді.

Тапсырмаларды орындап болғаннан соң, қорытындылап, үйге тапсырма беру және оны талдау.

Үйге оқулық бойынша №995 есепті беру.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: Оқушылар оқу мақсатын қандай дәрежеде меңгергендігі туралы суреттен бояп көрсетеді.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу