Сан аралықтары. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сан аралықтары. | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.7 сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану; 6.2.2.8 сан аралықтарды кескіндеу; | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - теңсіздік; - санды теңсіздік; - қатаң теңсіздік; - қатаң емес теңсіздік; - сәуле, ашық сәуле; - аралық, кесінді; - жартылай интервал; - сан аралығы; - координаталық түзудегі сан аралығына жататын (жатпайтын) нүктелер; - өрнектерді бағалау; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиет | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат. Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу, ұлағат. Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық. Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар орындарында отырып дәптерлерінен тексереді, мұғалім әр оқушыдан жауаптарымен шығару жолдарын сұрайды. | Презентация | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Өткен сабақты бекіту үшін: “ Қағып ал” 1.Санды теңсіздік дегеніміз не?
11. 1 теңсіздігіндегі х-тің теңсіздік тура болатын сан мәндерін табыңдар. 12. 1 координаталық тузуде белгілеңіз. 13. -2 теңсіздігіндегі х-тің мәндерін табыңдар. | смайликтер | ||||||||||||||||||||
9 – 20 мин | Жаңа сабақ Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Әр сұрақтың артында әріптер бар. Сол әріптерді құрастыру арқылы «Сан аралықтары» деген жаңа тақырып ашылады. Координаталық түзуде а және в сандарына сәйкес нүктелерді белгілейік. Координаталық түзудегі а және в сандарына сәйкес нүктелердің аралығы а және в сандарының аралығын кескіндейді. Сан аралықтары. Координаталық түзудегі а және в сандарына сәйкес нүктелердің аралығы а және в сандарының аралығын кескіндейді. Сан аралықтарының түрлері Интервал. Мысал: 27 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік. Белгіленуі: (2; 7). Оқылуы: 2 - ден 7-ге дейінгі аралық. Кесінді. Мысал: -43 қатаң емес қос теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік. Белгіленуі: [-4; 3]. Оқылуы: -4 саны мен 3 саны қоса алынған -4 тен 3-ке дейінгі аралық. Жартылай интервал. Мысал: -24 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік. Белгіленуі: [-2; 4). Оқылуы: -2 саны қоса алынған -2 ден 4-ке дейінгі аралық. Сәуле. Мысал: х ≥ 8 теңсіздігі шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік. Белгіленуі: [8; +∞). Оқылуы: 8 саны қоса алынған 8- ден плюс шексіздікке дейінгі аралық. Ашық сәуле. Мысал: х < 5 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілейік. Белгіленуі: (-∞; 5). Оқылуы: минус шексіздіктен 5-ке дейінгі аралық. Сабақты бекіту: Оқушылар орындарында отырып орындайды. Кестені толтырыңдар:
| Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы. Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||
21 – 28 мин | Жұптық жұмыс Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау. А деңгейі №991. Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер: 1) [-3;5]; 2) (-1;8]; 3) [-5;0]; 4) ( 0; 8) 5) (- 6) [-9; + ); 7) (-;5); 8) (-5; + ). В деңгейі № 998.
аралығына тиісті, қайсысы тиісті емес? Берілген сан аралығына тиістілерін теріп жаз.
С деңгейі №1005. Мына қос теңсіздіктердің шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазыңдар: 1) 28; 2) -90; 3) -35; 4) -27; 5) 9100; 6) 09; 7) -19; 8) -85. Бағалау: Қатар отырған жұптар бірін-бірі тексереді, түсінбесе немесе қате шығарса, тақтада орындайды. Бірін-бірі бағалайды. | Презентация Қосымша 2 Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы. | ||||||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. | Презентация | ||||||||||||||||||||
31 – 37 мин | Өз беттік жұмыс Тапсырма 1 Координаталық түзуде белгілеңіз: 1) ( 0; 9);2) [-8;9);3) [-2; 2]; 4) (-∞;9];5) (11;+ ∞);6) [-8;+ ∞). Тапсырма 2 Аралықтағы бүтін сандарды табыңыз: ( -6,3; 6] және ( -4,3; 9]. Бағалау: Оқушы дайын жауаппен өзін-өзі тексереді. | Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: №995 | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015 | ||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жұптық жұмыста және жеке жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. | Оқушылармен сергіту сәті жаттығу жұмысы жүргізіледі. | ||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру