Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдаланады;
сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдаланады;
| |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдалана алады;
сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдалана алады;
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиет | |||||||
Бастапқы білім | Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау. Психологиялық ахуал Таңертен көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүлге оралды. Оқушылар көбелек болып орындарына отырады. Үй тапсырмасын қызыл – күрделі, сары – орындарлық, көк– жеңіл түстері арқылы бағалау. | Презентация | ||||||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин | «Ыстық орындық» - Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білімдерін тексеру. Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым түсінікті болу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. «Қатені тауып, дұрыс жолын көрсет» арқылы оқушылар қате жазылған теңдеуді тауып дұрыстап шығарады.
5х + 3х = -8 + 6 2х = -6 8х = -2 х = -3. x =.
8х - 5х = 8 - 7 5х + х = 120 3х = 1 6х = 120 x = . х = 20. 5) 2(х - 4) = 3(х + 1) - 7 6) 3х – 2 = -14 2х – 4 = 3х + 3 - 7 3х = -14 + 2 2х - 3х = 3 – 7 + 4 3х = -12 x = 0. х = -4. | Презентация Смайликтер Қосымша 1 | ||||||
9 – 20 мин | Жаңа сабақ Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қояйық: «Ой шақыру» С – 1: Модуль деген не ? С – 2: -5 және 5 санының модулі тең бе ? Неге ? С – 3: Есепте : ; ; С – 4: Модуль теріс сан болуы мүмкін бе ? С – 5: Егер ; ; болса, онда х неге тең ? С – 6: х-тің неше мәні болады, егер оның модулі оң сан болса ? С – 7: Теріс сан болса және 0- ге тең болса ? │х│= 3, │х-4│= 5, │2х+3│= 7, 3│х│- 2 = 7 теңдеулері айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді модуль таңбасы бар теңдеулер деп атайды. Мысалы, = 3, = 2х+1, т.с.с. – модуль таңбасы бар теңдеулер. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің екі тәсілін қарастырамыз. 1 – тәсіл: │а - b│координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығын пайдаланып шешу. 2 – тәсіл: санның модулінің анықтамасын пайдаланып шешу. Мысал: 5 ; 1 – тәсілмен: Шешуі: 5. Координаталық түзу бойындағы О(о) нүктесінен қашықтығы 5 бірлікке тең нүктелерді табу керек. Координаталық түзу бойында О(0) нүктесінен 5 бірлікке тең қашықтықта екі нүкте кескінделеді. Олар координаталыр – 5 және 5 нүктелері. Демек, х = - 5 немесе x = 5. 2 – тәсілмен: Шешуі:
Ситуациялық сұрақтар: Мына теңдеулерде ортақ не бар ? ; ; ; ;; ; ; . Мына теңдеулерден қандай айырмашылықтар байқап тұрсыңдар? Бұл теңдеулерді топқа бөліңдер. Бұл теңдеулерді топқа қандай шартарға бағына отырып бөлесіңдер. Оқушылардың өздеріне топқа бөлдіре отырып, сол теңдеулердің түбірлерін қалай табуға болатынын анықтау. Қорытынды шығару, яғни х a= b, түріндегі теңдеулерді шешуде
| Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 | ||||||
21 - 22 мин | Сергіту сәті Жапондық есімА-КА З-З П-НО Ц-МИ Б-ЗУИ-КИ Р-ШИ Ч-КЭ В-РУ К-МЭС-АРИ Ш-ХИ Г-ЖИ Л-ТА Т-ЧИЫЬЪ-ЗУК Д-ТЭ М-РИН У-ДО Э-МЭЙЕ-КУ Н-ТО Ф-ЛУ Ю-ФУ Ж-СУО-МО Х-РИ Я-НА | Презентация | ||||||
23 – 37 мин | Жұптық жұмыс Оқулық бойынша дифференциалданған тапсырмалар беру. А деңгейі №908. 1) 2) 3)
В деңгейі №913. 1) 5 2) 1,7 3) 2,5
| Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 Қосымша 2 | ||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №911 – есеп. Рефлексия: «Белгілер» әдісі | Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015. | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||
Саралау тапсырмалары жұптық жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау | Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру