Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Санды теңдіктер және олардың қасиеттері
Оқу мақсаттары:
6.2.2.1 тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
санды теңдіктер анықтамасын біледі;
тура санды теңдіктер анықтамасын біледі;
тура санды теңдіктердің қасиеттерін біледі;
- тура санды теңдіктердің қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады.
Психологиялық ахуал
Бір, екі, үш,
Сыныптың іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Мысалы:
18:6:3 =
(15 + 5):4 =
300-200+150 =
Анықтама: Өзара тең екі санды өрнектің «=» белгісімен жазылуы санды теңдік деп аталады.
Мысалы;
25 = 25
Тура санды теңдіктердің қасиеттері:
1. Егер а=b және b= с болса, онда а=с.
2. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік теңдік шығады.
Егер а = b болса, онда а+ с= в + с.
Мысалы: 8,4 + 3,6 = 12.
8,4 + 3,6 + (– 3,6 )= 12 + (– 3,6).
8,4 = 12 – 3,6.
8,4 = 8,4.
Демек, тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне көшіруге болады.
3. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік теңдік шығады.
Мысалы: 3 – 11 = - 8.
- 16 = - 16.
4. Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады.
Мысалы: 42:(-6) = -7
12*5 = 60
42:(-6) + 12* 5 = (-7) + 60
53 = 53
5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады.
5 + 3 = 8
9 – 2 = 7
56 = 56.
Сергіту сәті:
«Көңілді қалпақ» ойыны.
Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табу.
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық
Үйге тапсырма: №848.
Рефлексия:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру