Рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тикшекеева Р.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету.

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.19

рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түріне келтіреді;
  • Білімін жинақтайды, бір жүйеге келтіреді;
  • Математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
  • Өзін өзі бақылау және өзіне анализ жасау дағдыларын дамытады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді:

- Периодты ондық бөлшектерді ажыратады, жазады, оқиды;

- Рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түріне келтіреді;

- Өз жауабын негіздейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
  • шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • шектеулі ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодты ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодсыз ондық бөлшек;
  • қысқартылмайтын жай бөлшек;
  • периодты ондық бөлшек;
  • таза периодты ондық бөлшек;
  • таза периодты ондық бөлшек;
  • бөлшектің периоды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • рационал санды жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазуға болады;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін ... қажет;
  • егер сан периодты/шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын болса, онда ол рационал сан болып табылады;
  • 0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;
  • 3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз.

Құндылықтарды дарыту

Оқи білу, өздік мәлімет жинақтау, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, проблеманы қою және оны шешу, өз жұмысына және өз тобының сапалы нәтижесіне жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу, сабақтағы ұсыныстарға және көпмәдениеттілікке құрмет көрсету.

Құндылықтарды дарыту сабақтағы іс-әрекеттердің барлық кезендері барысында енгізіледі.

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушылар алға қойылған талаптытүсінуі қажет, жұппен жұмыста қолдау көрсетіп, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқыбілім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

ресурстар

Сабақ басы

6 минут

І. Cәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында мұғалім жасайтын акценттер:

-Оқушылардың зейініңконцентрациялау;

-Оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын анықтау;

-Сабақ аяғында күтілетін нәтижемен танысу;

-Үй тапсырмасын тексеру: дайын үлестірім парағы бойынша өзің-өзі тексеру жүргізеді (шешу барысында туындаған сұрақтарды талдау, жауап беру).

Оқулық Математика 6 сынып. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С. Алматы: Атамұра, 2011.

Бағалау критерийлері: рационал санды периодты ондық бөлшек түрінде көрсетеді.

Дескрипторлар:

- рационал санды периодты ондық бөлшек түріне келтіреді - 1 ұпай.

- нәтижені дұрыс жазады - 1 ұпай.

- таза периодты ондық бөлшекті анықтайды- 1 ұпай.

- аралас периодты ондық бөлшекті анықтайды- 1 ұпай.

№ 607 бет 139. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар. Таза периодты ондық бөлшектерді бір жолға, аралас периодты бөлшектерді екінші жолға жазыңдар:

Жауабы:

Таза периодты ондық бөлшектер

Аралас периодты бөлшектер

Үй жұмысы

Сабақ ортасы

12 минут

15 минут

жұппен жұмыс орындау уақыты

10 минут

өзін-өзі тексеру

ІІ. Оқушылардың жетекші білімдері мен дағдыларын өзектендіру.

Осы кезенде оқушыларда келесі дағдылар:

-оқитын тақырып бойынша білімін тексеру және бекіту,

-математикалық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру,

- қызығушылықтарың арттыру.

Миыға шабуыл:

  • Рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түріне келтіру тәсілдерін білісің?(бөлшек бөлімін 10 санының дәрежесіне келтіру және бұрыштап бөлу)
  • Бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге жай көбейткіштері болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшектерді қанддай бөлшек түрінде жазуға болабы? (шектеуллі ондық бөлшек түрінде жазуға болады)
  • Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады? (бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 саны да, 5 саны да болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшектерді таза периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады)
  • Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер аралас периодты ондық бөлшек түрінде жазылады? (бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 немесе 5 сандарынан басқа да жай сандар болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді аралас периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады)
  • Натурал сандарды таза периодты ондық бөлшек түріне келтіру әдісін тұжырымда. Мысал келтір. (Натурал сандардың периодына тек 0 цифры тіркеліп жазылады. Оқушы мысалы)
  • Түрлі түсті сигналдық карталардың көмегімен:

а) шектеулі ондық бөлшектерді;

b) таза периодты ондық бөлшектерді;

с) аралас периодты ондық бөлшектерді анықтайды

IIІ. Жұппен жұмыс. Оқушыларды дайындық деңгейіне байланысты жұптарға бөлу (1 -С деңгейі, 2 - В деңгейі /қосымша нұсқаулық беріледі/, 3 - А деңгейі /толық нұсқаулық беріледі/)

Осы кезенде оқушыларда келесі дағдылар: өмір бойы үздіксіз білім алу, сондай-ақ ақпаратты талдау, өңдеу, проблемалық жағдайларды шешу барысында теориялық материалдарды қолдануды жинақтайды, академиялық адалдық, сыйлстық және өз уақытын ұйымдастыра білу қалыптасады.

Бағалау критерийлері: рационал санды периодты ондық бөлшек түріне келтіреді.

1 жұп

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

2 тапсырма:Жылдамдықтарды м/с есебімен периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 13,6км/сағ; 23,7 км/сағ.

жұп

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

  • Қосындының мәнін есепте
  • Қосындының мәнін периодты ондық бөлшек түріне келтір
  • Жауабын жаз

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

  • Айырманың мәнін есепте
  • Көбейтіндіні тап
  • Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін тап
  • Қосындының мәнін периодты ондық бөлшек түріне келтір
  • Жауабын жаз

2 тапсырма:Жылдамдықтарды м/с есебімен периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 13,6км/сағ; 23,7 км/сағ.

  • Бос орынды толықтыр: 1км=________м, 1сағат=_________ секунд және берілген жылдамдықты бөлшегінекөбейтіндісін жаз
  • Амалды орында
  • Бөлшекті периодты ондық бөлшекке келтір
  • Жауабын жаз

ІІІжұп

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

  • Бөлімдері 12 –ге тең бөлшектердің қосындысына келтір және қосындының мәнін есепте
  • Табылған бөлшегінің алымы бөлімінен кіші 11< 12 екенін ескере отырып, бұрыштап бөлуді орында
  • Жауабын периодты ондық бөлшек түрінде жаз

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

  • 5 санын аралас санға келтір және айырманың мәнін есепте
  • айырманың нәтижесі мен санының көбейтіндісін тап
  • -бұрыс бөлшегінің бүтін бөлігін анықта
  • Бөлшек бөлігініне бұрыштап бөлуді орындап, периодты ондық бөлшек түріне келтір
  • Жауабын жаз

2 тапсырма:Жылдамдықтарды м/с есебімен периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 13,6км/сағ; 23,7 км/сағ.

  • 1км=1000м, 1сағат=3600 секунд екенін ескеріп, берілген жылдамдық пен көбейтіндісін жаз
  • Қысқарту орында
  • Бөлшектің бүтін бөлігін ажыратып ал, бөлшек бөлігін периодты ондық бөлшекке келтір
  • Жауабын жаз

Өзін-өзі тексеруді дайын үлестірім парағы бойынша жүргізеді (сыныппен талдау).

Жауап парағы:

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

1

Қосындының мәнін есептейді

1

2

Периодты ондық бөлшекке келтіреді

1

3

0,9166....=0,91(6)

н/е 0,91(6)

Жауабын дұрыс жазады

1

1 тапсырма:Амалдарды орындап, нәтижені периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

1

Айырманының мәнін есептейді

1

2

Көбейтіндіні табады

1

3

Бүтін бөлігін ажыратады

1

4

Периодты ондық бөлшекке айналдырады

1

5

-1,222....=-1,(2)

немесе

-1,(2)

Жауабын дұрыс жазады

1

2 тапсырма:Жылдамдықтарды м/с есебімен периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 13,6км/сағ; 23,7 км/сағ.

Бағалау критерийлер

Дескрипторлар

Балл

1

13,6 км/сағ=

Көбейтіндіні табады

1

2

м/с келтіреді

1

3

Периодты ондық бөлшекке айналдырады

1

4

13,6 км/сағ=

н/е

Жауабын дұрыс жазады

1

13,6км/сағ=

Бағалау критерийлер

Дескрипторлар

Балл

1

23,7км/сағ=

Көбейтіндіні табады

1

2

м/с келтіреді

1

3

Периодты ондық бөлшекке айналдырады

1

4

23,7 км/сағ

н/е

Жауабын дұрыс жазады

1

23,7км/сағ=

Жұппен жұмыс

Оқулық Математика 6 сынып. Алдамұратовап Т.А., Байшоланов Т.С. Алматы: Атамұра, 2011.№ 608 (1), 626 (3)

Оқулық Математика 6 сынып. Алдамұратовап Т.А., Байшоланов Т.С. Алматы: Атамұра, 2011.№ 625 (1,2)

Жауап парағы

Сабақ соңы

2 минут

IV. Үй тапсырмасы. Оқулық Математика 6 сынып. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С. Алматы: Атамұра, 2011.

§ 3.6., 3 тарау; № 625 (3-5);

Жылдамдықтырарды м/с есебімен периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар: 43, 1 км/сағ; 57, 3 км/сағ; 73, 7 км/сағ

626 (5-6) бет 142

Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау– Сіз қалай көп қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Қабілеттері мол оқушыларға қандай мәселелер қою жоспарлап отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Әрбір оқушы өзін өзі бағалайды және бір-бірін жұпта бағалайды.

Сабақта сергіту сәті көз жаттығуы қарастырылған.

Сабақта сыныпта қозғалып жүруге арналған белсенді іс-әрекет түрлері қарастырылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу