Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу; 6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету; 6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі, шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Окушы: - қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу; - қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу; - шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын таба алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қолданбалы математика есептері | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды көбейту және бөлу. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді. Үй тапсырмасын тексеру . Бір – бірінің дәптерлерін тексеру Ой – түрткі:(Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар беру) С-1: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылады? С-2: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады? С-3: Перидты ондық бөлшектің периоды дегеніміз не? | ||||||
Сабақтың ортасы 6 – 17 мин | Жалпы сыныппен жұмыс А – деңгейі №607. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар. Таза периодты ондық бөлшектерді бір жолға, аралас периодты бөлшектерді екінші жолға теріп жазыңдар: - №608. Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: №609. (1) АВСД тік төртбұрышының ауданы 22 см2. Оның ұзындығы 9 см. Берілген тік төртбұрыштың енін тауып, оны периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар. В – деңгейі №615. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: С – деңгейі №626. (1,3,5) Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
Бағалау: Тақтада және өз орнында отырып орындаған оқушыларды мадақтау сөздермен, әр түрлі смайликтермен мадақтау. | Қосымша 1 Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 138 - 142 бет | |||||
18 – 27 мин | Жұптық жұмыс «Карусель» әдісімен бір – біріне бағалау арқылы орындайды. №1. Жай бөлшектерді периодтық ондық бөлшектер түрінде жазыңдар:
№2. Қай жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады?
№3. Теңдіктің дұрыстығын дәлелдеңдер: 0,222... = | Қосымша 2 Математика. 6кл.Учебник. Виленкин. Н. Я. 2009. 204 стр. | |||||
28 – 29 мин | Сергіту сәті. https://www.youtube.com/watch?v=XWKvb1zV_ws | ||||||
30 – 37 мин | Жеке жұмыс 1-тапсырма Берілген бөлшектерден шектеулі ондық бөлшек түрінде жазуға болатын бөлшектерді теріп жазыңыз: Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазып, таза период пен аралас периодты анықтаңыз: a) ; b) ; c) d) Дескриптор: Білім алушы -амалдарды орындайды; -нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазады; -период түрлерін анықтайды. | Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үй тапсырмасы: №615 Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі
-Нені білдім, нені үйрендім - Нені толық түсінбедім - Немен жұмысты жалғастыру қажет | Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 140 бет | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, жалпы сыныппен оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Жұптық, жеке жұмыстарда алған білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылып, әр түрлі смайликтер беріледі. Жұпта бірін-бірі бағалайды. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру