Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1. (Мәтінді оқу)

Координаталық түзу

 Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады.

1 –сурет

  •  Түзу сызып 1 –сурет, оның бойынан О нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек;
  •  Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек;
  •  Оң бағытты көрсету керек.

 Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

 Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

  О нүктесі координаталық түзуді қарама – қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.

 I. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді: (0).

 Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді.

 II. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.

 Таңдап алынған бірлік кесінді О нүктесінің оң жағына, бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салынады (2-сурет). Бірлік кесіндіні бірінші рет салғанда оның соңғы А нүктесі 1 санына сәйкес, екінші рет салғанда, оның соңғы В нүктесі 2 санына сәйкес болады. оған жалғастыра бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы С нүктесі 3 санына сәйкес және т.с.с. болады.

 2 –сурет

 Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді.

 III. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу. Бірлік кескінді О нүктесінен солға қарай жалғастырыла қажетінше бірнеше рет салынады. Бірлік кескіндіні бірінші рет, оның соңғы D нүктесі – 1 санын, екінші рет салғанда, оның соңғы Е нүктесі – 2 санын кескіндейді. Бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы Ғ нүктесі – 3 санын кескіндейді және т.с.с. Егер осы нүктелерді координаталарымен жазсақ, онда:

  D(-1), Е(-2), Ғ(-3), ... .

 Координаталық түзудегі бірлік кесіндіні тең бөлектерге бөліп, оң бөлшектерді немесе теріс бөлшектерді кескіндеуге болады.

 

 3 –сурет

 Мысалы, координаталық түзу бойында 2,5 санына L нүктесі сәйкес, ал санына N нүктесі сәйкес келеді (3 – сурет).

 Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.

 

 Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді (4 – сурет).

 Ауа температурасын, адам денесінің температурасын өлшейтін термометрдің шкалалары вертикаль координаталық түзу тәріздес орналасқан.

4-сурет

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу