Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

 

 Оқыту мақсаты: 6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

 Бағалау критерийі:

 Оқушы:

  •  қарама-қарсы сандарды біледі
  •  берілген санға қарама-қарсы санды табады
  •  координаталық түзуді сызады
  •  координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей алады

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 

 АНЫҚТАМА: а санына қарама-қарсы сан ( - 1) · а.

 

 «+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады.

 «» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады.

 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.

  •  Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан болып және ол оң сан болса, оның алдына «+» таңбасы қойылмайды.

 Мысалы:

 1) өрнегі түрінде жазылады.

 2) өрнегі түрінде жазылады.

  •  Өрнектерде теріс санның тікелей алдында қосу, көбейту, бөлу, азайту таңбалары тұрса, онда теріс сан жақшаға алынып жазылады.

 Мысалы,

  •  Көп жағдайда теріс сан өрнектің бірінші мүшесі болса, ол жақшасыз жазылады.

 Мысалы, өрнегін түрінде жазуға болады.

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

  •  Топқа бөлу.

 Оқушыларға екі таңбалы сандар таратылады, осы сандардың цифрларына байланысты заңдылықты анықтап, топтасу ұсынылады. Заңдылық: соңғы цифрлары бірдей оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: 45; 35; 55; 95; 65; 15 немесе 19; 59; 49; 29; 39; 69 т.б

 Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 1-тапсырма.

  Оқушыларды қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінуге жетелеу.

 Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.

 •ұзын – қысқа;

 •толық – арық; (қалың – жұқа)

 •күшті – әлсіз

 Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?

 Қандай сөздер антоним деп аталады?

 Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.

 Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.

 Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?

 Бұл тапсырмада оқушылар қазақ тілінен алған білімдерін қолданып, математикада кедесетін қарама-қарсы терминдерді өздері табулары маңызды.

 Математикада қарама-қарсы сөздер: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң сандар және теріс сандар.

 2-тапсырма. Арақашықтықты табыңыз:

  •  О нүктесінен К дейін;
  •  О нүктесінен Р дейін;
  •  О нүктесінен М дейін.

 Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан?

 

 Жауабы:

  •  О нүктесінен М-нүктесіне дейінгі қашықтық 6см.
  •  РК,КО,АВ нүктелері санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан.

 Тақырыпты зерделеу міндеті мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, тапсырманы сынып ауқымында талқылау.

 3- тапсырма.

 Топтық жұмыс:

 №316 есеп

 а

 12

 

 

 

 -31

 

 15

 

 

 

 

 0,9

 

 -4

 

 -9

 

 6

 

 Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді:

 - Оң санға қарама – қарсы сан?

 - Теріс санға қарама – қарсы сан?

 - Нөлге қарама – қарсы сан?

 Жауабы:

 а

 12

 -0,9

 

 -4

 -31

 9

 15

 6

 

 

 -12

 0,9

 

 4

 31

 -9

 -15

 -6

 

 

 Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді.

 4-тапсырма.

 №322 есеп

  •  n = -3; 2) – n = 1,9; 3) – n = -5

 Жауабы: 1) n = - 3 2) n = - 1,9 3) n = 5

 №325

 Координаталық түзуде А(-5); В(-3); С(2); D(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын Е, F, K және L нүктелерін белгілеңдер.

 Жауабы: E(5); F(3); K(-2); L(-4)

 №327

  •  – (*5) = - 5
  •  *(-3,9) = 3,9
  •  –(*5/8) = 5/8
  •  *(+0,2) = - 0,2
  •  – (*0,3) = 0,3
  •  *( - 0,5) = - 0,5

 Жауабы:

  •  – (+5) = - 5
  •  - (-3,9) = 3,9
  •  - (-5/8) = 5/8
  •  - (+0,2) = - 0,2
  •  – (- 0,3) = 0,3
  •  + ( - 0,5) = - 0,5

 

 Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.

 4-тапсырма.

 1 нұсқа

 1) Координаталық түзуде М(6) және К(-5) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.

 А) -6 және 5

 Б) -6 және -5

 В) 6 және 5

 

 2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -31; 15; -1,3; 5 1/4

 А) 31; 15; -1,3; 5 1/4

 Б) 31; -15; 1,3; -5 1/4

 В) 31; 15; 1,3; -5 ¼

 

  •  -3,5 және 15,6 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?

 А) -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15.

 Б) -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15.

 В) -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14.

 

  •  Теңдеуді шешіңіз: -х=8,5; -х=-4,4

 А) х=-8,5; -х=4,4

 Б)х=8,5; -х=-4,4

 В) х=-8,5; х=-4,4

 2 нұсқа

 1) Координаталық түзуде М(-5) және К(4) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.

 А) 5 және 4

 Б) -5 және -4

 В) 5 және -4

 

 2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз:

 1,7; -51; -13; 6 1/3

 А) -1,7; 51; 13; -6 1/3

 Б) 1,7; -51; 13; 6 1/3

 В) 1,7; 51; 13; 6 1/3

 

  •  -6,5 және 7,6 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?

 А) -6;-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7

 Б)-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7

 В) -6;-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6

 

  •  Теңдеуді шешіңіз: -х=-13,5; -х=14

 А) х=-13,5; х=-14

 Б) х=13,5; х=-14

 В) х=13,5; х=14

 3 нұсқа

 1) Координаталық түзуде М(3) және К(-4) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.

 А) -3 және 4

 Б) -3 және -4

 В) 3 және 4

 2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -6; -23,1; 98; 9 1/5

 А) 6; 23,1; -98; -9 1/5

 Б) -6; 23,1;- 98; 9 1/5

 В) 6; -23,1; 98; 9 1/5

 

  •  -5,9 және 11,1 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?

 А) -5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10;11.

 Б)-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10.

 В) -4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10;11.

 

  •  Теңдеуді шешіңіз: -х=9,5; -х=-19,3

 А) х=9,5; х=19,3

 Б) х=-9,5; х=-19,3

 В) х=-9,5; х=19,3

 4 нұсқа

 1) Координаталық түзуде М(-5) және К(6) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.

 А) 5 және -6

 Б) 5 және 6

 В) -5 және -6

 

 2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -3; -11,1; 65; 10 1/5

 А) 3; -11,1; -65; -10 1/5

 Б) 3; 11,1; -65; -10 1/5

 В) 3; 11,1; -65; -10 1/5

 

  •  -6,7 және 9,2 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?

 А) -6;-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8.

 Б) -6;-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9.

 В) -5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9.

  •  Теңдеуді шешіңіз: -х=3,1; -х=-5

 А) х=3,1; х=5

 Б) х=3,1; х=-5

 В) х=-3,1; х=5

 

 Тест тапсырмасының жауаптары:

 1- нұсқа: 2- нұсқа: 3- нұсқа: 4- нұсқа:

 1) А 1) В 1) А 1)А

 2) Б 2) А 2) А 2) Б

 3) Б 3) А 3) А 3) Б

 4) А 4) Б 4) В 4) В

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 Математика-6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/butin-sandar



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу