Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

 

 Оқыту мақсаты: 6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  •  координаталық түзуді сызады;
  •  координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алады;
  •  санақ басын біледі;
  •  бірлік шкаласын қолданады;
  •  нүктелердің координатасын жазады.

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 

 

 1-сурет

 

 Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу (1-сурет).

 Оң сандар мен теріс сандар және 0 саны координаталық түзуде кескінделеді. Сондықтан координаталық түзуді «сандық түзу» деп те атайды.

 

 Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді (4 – сурет).

 

 

 4-сурет

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

  •  Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты қайталау.

 Сыныппен жұмыс:

 Кубтың әрбір жағында бір сұрақтан жазулы тұрады. Кубты оқушылар лақтырғанда қай сұрақ жоғарғы жағында болса, сол сұраққа оқушылар жауап береді. Куб жағындағы сұрақтар:

  •  Қандай сандар оң сандар деп аталады? («+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп атаймыз)
  •  Қандай сандар теріс сандар деп аталады? («-» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп атаймыз )
  •  Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды? (Нөл саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. 0 (нөл) саны шамалардың сан мәндерін айқындауда санақ басы ретінде алынады)
  •  Оң сандарды, теріс сандарды пайдаланып мысал келтіріңдер?
  •  Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады және қанша метр? ( ХанТәңірі (Сарыжаз жотасы) - 6995 м)
  •   Әлемдегі ең терең шұңғыма қалай аталады және қанша метр? ( Мариана шұңғымасы тереңдігі 11022 метр)

 

 

 Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты қайталау кезінде оқушылар кубты лақтырғанда қайта-қайта бір жағы түсе беруі мүмкін. Осындай жағдайда, берілген уақыт тәмәмдалғаннан соң, оқушыларға кубиктағы ашылмай қалған сұрақтарды көрсетіп, олардан жауап алған абзал.

  •  1-тапсырма.

  Оқушыларды өз беттерінше (жұбымен) координаталық түзуді сызуға жетелеу. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 1)Түзу сызыңыз,

 2) оның бойынан О нүктесін белгілеңіз. Осы нүктені санақ басы ретінде қабылау керек.

 3) Бірлік кесіндіні таңдап алыңыз.

 4) Оң бағытты көрсетіңіз.

 Осы сіздердің салған түзуіңіз координаталық түзу деп аталады. Координаталық түзудің жалпы анықтамасын айтып көріңіз.

  •  2-тапсырма. Мәтінді оқу.

 Оқушыларға мәтінді түгел оқуға беруге болады немесе мәтінді екі бөлікке бөліп, бір бөлігін сыныптың жартысына, екінші бөлігін сыныптың екінші жартысына беріп талқылау жасатуға болады.

  •   3- тапсырма.
  •  Мәтін бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

 1)Координаталық түзу дегеніміз не?

 2)Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең? (0 саны)

 3)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? ( оң сандар)

 4)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? (теріс сандар)

 Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар координаталық түзу жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс.

  •  4-тапсырма.

 Бұл 4-тапсырмадағы есептер оқушылардың назарын пәнге қатысты лексика мен терминология мен диалогқа/жазылымға қажетті тіркестерге (ғылыми тілге) аударуға бағытталған.

 

  •  Домбраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В, С нүктелерін координаталарымен жазыңыз.

 

 Шешуі: Домбраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне бөлшегі, мойнына бөлшегі және құлағына бөлшегі сәйкес келеді.

 Жауабы: А(); В(); С().

 

 

 42. 13-суреттегі O, H, K, L, M және N нүктелері қандай сандарды кескіндейді?

 

 

 

 

 

 

 Жауабы: О (0); Н(-5); К( -3,7); L(1); М(2,2); N(4).

 

 48. 16-суретте мысықтың тұрған орны координаталық түзудің санақ басы болатын О нүктесіне сәйкес келеді. Торғайдың, тышқанның тұрған нүктелерінің координаталарын табыңдар. Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, тышқанға жетеді? Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, торғайға жетеді?

 

 Шешуі:

 Торғайдың тұрған нүктесінің координатасы – (-4);

 Тышқанның тұрған нүктесінің координатасы – (5);

 Мысық оң бағытта 5 бірлік кесіндіге секірсе, тышқанға жетеді;

 Мысық сол бағытта 4 бірлік кесіндіге секірсе, торғайға жетеді.

 

 Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

 Алматы: «Атамұра» 2002

 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/butin-sandar



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу