Санның дәрежесі. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Дәрежеге келтіру дегеніміз не?

Дәреженің негізі дегеніміз не?

Дәреженің көрсеткіші дегеніміз не?

102, 103 өрнектері қалай оқылады?

  • 38 өрнегінде дәреженің көрсеткіші тең:

a) 3-ке;  b) 8-ге.

  • m3 дәрежесін көбейтіні түрінде көрсетініз:

а) mmm b) mmmm

  • 32+1 сандық өрнегінің мәнін табыңыз:

а) 10 b) 7

  • 120 дәрежесінің мәнін табыңыз

a) 20;  b) 1.

  • хх=16 теңдеуінің түбірін табыңыз:

a) 4 b) 8

  • Егер х3=27 болса, х-ті табыңыз?

a) 3 b) 9

  • 22∙3+5 өрнегінің мәнін табыңыз:

a) 17;  b) 11

Санның екінші дәрежесін осы санның квадраты деп атайды.

Мысалы, 72 – санның квадраты. Оқылуы: «7-нің екі дәрежесі» немесе «7-нің квадраты».

Санның үшінші дәрежесін осы санның кубы деп атайды.

Мысалы, 43 – санның кубы. Оқылуы: «4-тің үш дәрежесі» немесе «4-тің кубы».

Дәрежелеу – үшінші сатылық амал. Егер сандық өрнекте дәреже берілген болса, ең алдымен дәрежелеу амалы орындалады.

Мысалы, 162-130=16∙16-130=256-130=126

1- тапсырма №294. (слайд 5).

Өрнектің мәнін табыңыз:

1) 6∙102 2) 8∙104 3) 9∙106 4) 7∙105 5) 4∙107

2- тапсырма.

№308.

  • Көлемі 64 см3-ге тең кубтың қабырғасы нешеге тең?
  • Әр қайсысының көлемі 1 см3 тең 27 текшеден бір куб құралған. Құралған кубтың бір жағының ауданын табыңыз.

3- тапсырма.

№312. Дәреженің негізін табыңыз және кестені толтырыңыз:

Дәреженің мәні

Дәреженің көрсеткіші

2

16

81

625

4- тапсырма.

№316. Дәреженің көрсеткішін табыңыз және жұлдызшаның орнына қойыңыз:

  • 30 000 = 3∙10* 4) 150 000 000 = 15∙10*
  • 6 400 000 = 64∙10* 5) 315 000 000 = 315∙10*
  • 2 000 000 = 2∙10* 6) 4 200 000 000 = 42∙10*.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу