Әріпті өрнектерді түрлендіру. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

5.1.2.11 қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін қайталау:

  • ;

1. Көбейтінді берілген санға бөліне ме?

2. Көбейткіштер берілген санға бөліне ме?

Мұғалім түрткі болу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың жауаптары ескеріліп, ауызша бағалау жүзеге асады.

Қосындының және айырманың натурал санға бөлінгіштігін анықтау үшін оқулықпен жұмыс ұйымдастыру. Қосынды мен айырманың еселік болатынын дәлелдеу үшін қосу мен азайтуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті қалай қолданылуы мүмкін екенін оқушыларды өздігінен түсінуге бағыттау.

Қосындының берілген санға бөлінгіштігін анықтау үшін, қосылғыштардың әрқайсысының сол санға жеке-жеке бөлінгішігін қарастыру.

1-жағдай. Қосылғыштардың әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінеді.

Қосын ды

Бөл гіш

Қосылғыштардың бөлінгіштігі

Қосындының бөлінгіштігі

12+6

3

12:3=4 6:3=2

18:3=6

28+42

14

28:14=2 42:14=3

70:14= 5

75+100

25

75:25=3 100:25=4

175:25꞊7

Кестедегі мысалдардан қосындының қасиеті тұжырымдалады.

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды сол санға бөлінеді.

2-жағдай. Қосылғыштар берілген санға қалдықпен бөлінеді.

Қосын

ды

Бөл

гіш

Қосылғыштар

дың қалдықпен бөлінуі

Қалдық

тар қосындысы

Қосындының бөлінгіштігі

15+21

22+38

33+36

9

15

23

1591 (қалдық 6)

2192 (қалдық 3)

22:15=1 (қалдық 7)

38:15=2 (қалдық 8)

33:23=1 (қалдық10)

36:23=1 (қалдық13)

9

15

23

36:9=4

60:15=4

69:23=3

Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?

№185 Ауызша есептеңдер:

1) (32):4 (66):6 (20):5

(15):3 (21):7 (24):8

Ауызша бағалау түрлі-түсті стикер арқылы орындалады.

№188. Қосындыны санға бөлуді орындаңдар:

  • (84+28):14; 3) (192+72):24; 5) (183+305):61;
  • (133+76):19; 4) (220+88):44; 6) (300+150):75.

Үлгі: (70+42):14=70:14+42:14=5+3=8

Оқушылар есепті тақтаға жеке-жеке шығарады.

Оқушылардың жұмысын интерактивті тақтада көрсетілген бағалау критерийлері арқылы бағалаймыз.

Бағалау критерийлері:

Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді қосуды білсе;

Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді азайтуды білсе;

Қосындының және айырымның берілген санға бөлінгіштігін білсе.

Есепті өрнек құрып шығарыңыз:

№191. Жеңіл машина мен автобус 450 км қашықтықты бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Кездескенге дейін автобус 150 км жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығы қандай?

А. 100 км/сағ; В. 90 км/сағ; С. 105 км/сағ; D. 85 км/сағ.

2. Оқушыларға сұрақ қойылады:

Қандай жағдайда қосынды берілген натурал санға бөлінеді?

Берілген санға еселік санды әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінетін қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсету үнемі мүмкін бола бере ме?

Түрлі-түсті стикер арқылы оқушылар жауабын бағалау жүзеге асады.

№205. Амалдарды орындаңдар:

  • (145х+58у-116х):29 2) (288у+195х + 144у):48
  • (245z+147у-98z):49 4) (130a+195b-65a):13

3. Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  • Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлеміз;
  • Шыққан бөлінділерді қосамыз;
  • Жауабын жазамыз.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Топтық жұмыс: Топ оқушылары тапсырманы тақтада орындап болған соң, келесі топ оқушылары дескриптор бойынша және стикерге тілек жазу арқылы олардың жұмысын бағалайды.

1-топ

№196. 543+84 қосындысы 5,4,3 сандарының қайсысына бөлінеді?

№202 2195+21·253 қосындысы 21 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

(160х-92х):23+17х

2-топ

№196 72+132 қосындысы 9,8,12 сандарының қайсысына бөлінеді?

№202 187·35- 35·24 айырмасы 35 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

65у:5+(171у-95у):19

Оқушылармен бірігіп айырымды берілген санға бөлу есебінің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  • Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлеміз;
  • Шыққан бөлінділерді азайтамыз;
  • Жауабын жазамыз.

Жұптық жұмыс:

203. Амалдарды орындаңдар:

  • (404·16-6072):56; 2) (6464:32-2408:43):73;
  • 2000:(50·8) - 850:(25·17); 4) 3636:(12·3)-6060:(15·4)

Жұптағы оқушылар бірін-бірі дескриптор (айырымды берілген санға бөлу есебінің шығарылу жолының алгоритімі) бойынша бағалайды.

Жеке жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)

№198. Қарағандыдан шыққан пойыз осы уақытта Екібастұздан шыққан пойызбен 3 сағаттан соң кездеседі (суретте). Қарағандыдан шыққан пойыз 285 км жол жүрсе, Екібастұздан шыққан пойыз 207 км жол жүреді. Екі пойыз 1 сағатта бір-біріне неше километр жақындайды?

Есептер шығару.

№207. Семейден Павлодарға дейінгі автомобиль жолының ұзындығы 328 км. Сағат 13-те Семей қаласынан Павлодарға қарай 70 км/сағ жылдамдықпен автомобиль шықты. Ол 1 сағ жүрген соң, оған қарсы Павлодардан 59 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. Автомобиль мен автобус сағат нешеде кездеседі?

Бұл қолданбалы есепті бағалау мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
  • Бағалау критерийі қандай?
  • Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай талдау керек?

№209. Қай тұжырымдама дұрыс?

  • Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінбесе, онда қосынды да сол санға бөлінбейді.
  • Егер азайғыш берілген санға бөлінбесе, онда айырма да сол санға бөлінбейді.
  • Егер қосылғыштардың біреуі берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

Бұл ребусты шешкенде осы тақырыптағы ең негізгі сөз шығады.

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек!»

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерін және тілегін жазады.

Үйге тапсырма:

№192. Бірінші аптада машинамен 200 т бидай тасылды. Екінші аптада 165 т бидай тасылды, себебі екінші аптада бірінші аптаға қарағанда 7 машина бидай аз тасылған. Әр ретте машинамен неше тонна бидай тасылған?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

1) 42х:7+(65х+39х):13; 2) (581у·5):83-18у.

205. Амалдарды орындаңдар:

5) (380d+152b- 304d):76 6) (498c+166d- 332c):83

1-топ

№196. 543+84 қосындысы 5,4,3 сандарының қайсысына бөлінеді?

№202 2195+21·253 қосындысы 21 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

(160х-92х):23+17х

2-топ

№196 72+132 қосындысы 9,8,12 сандарының қайсысына бөлінеді?

№202 187·35- 35·24 айырмасы 35 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

65у:5+(171у-95у):19

Жұптық жұмыс:

203. Амалдарды орындаңдар:

  • (404·16-6072):56; 2) (6464:32-2408:43):73;
  • 2000:(50·8) - 850:(25·17); 4) 3636:(12·3)-6060:(15·4)

Жеке жұмыс:

(Шығармашылық тапсырма)

№198. Қарағандыдан шыққан пойыз осы уақытта Екібастұздан шыққан пойызбен 3 сағаттан соң кездеседі (суретте). Қарағандыдан шыққан пойыз 285 км жол жүрсе, Екібастұздан шыққан пойыз 207 км жол жүреді. Екі пойыз 1 сағатта бір-біріне неше километр жақындайды?

Ребус



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу