Әріпті өрнектерді түрлендіру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: 4А Теңдеу, теңсіздік, өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cмагулова М.Е.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Әріпті өрнектерді түрлендіру

Оқу мақсаты:

4.2.1.2 әріптердің берілген мәніндегі бірнеше айнымалысы бар өрнектің мәнін табу

Бағалау критерийлері

Санды және әріпті өрнектері түрлендіреді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өрнек, түрлендіру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Санды өрнектің мәнін табуда амалдар ретінің қатаң орын- далатынын еске түсіріп, талқылау

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Әртүрлі теңдеулерді шешу

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма

Әріпті және айнымалы туралы білетіндерін ортаға салады.

Бағалау: Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындағандарға «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындағандарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау.

(Т) Зымыран жолын белгіле. Кеспеқағаздардағы өрнектерді «Зымыран жолдарына» қойып шығады. Неліктен ол жолды таңдағандарын топ мүшелері дәлелдеп шығады. «Әріпті өрнек» пен «Сан- ды өрнек» жолдарын ажыратады. Оқушылар әріпті өрнектің мәнін табады.

Жауабы:

«Cанды өрнек» 256 + 689; 846 : 2.

«Әріпті өрнек» 218 : а; а + 2796.

(Т) Шығарып көр. а) Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді бөліп жаз: а + 87;10 . 405 – а; 2112 : b;

4782 – 39;7 . 408 – 176; 56 . 36 + 2781;

46 . 58 + 2577 : b; 1097 . 12;276 : 4.

ә) Санды өрнектерді оқы және мәндерін тап.

б) Әріпті өрнектерді оқы және олардағы а = 403; b = 3 деп алып, олардың мәндерін тап.

Санды өрнектер: 4782 – 39; 276 : 4; 7 · 408 – 176; 1097 · 12; 56 · 36 + 2781.

ә) 4782 – 39 = 4743; 276 : 4 = 69;

7 · 408 – 176 = 2680; 1097 · 12 = 13164;56 · 36 + 2781 = 4797.

б) 403 + 87 = 490;10 · 405 – 403 = 3647; 2112 : 3 = 704;46 · 58 + 2577 : 3 = 3527.

Бағалау. Ынталандыру арқылы бағалау. *Жарайсың! *Мен сабақтағы жұмысына ризамын. *Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз

(Ж) Есептеп көр. Тапсырмада кесте берілген, мәлімет бойынша оқушылар сандық мәліметтерге қарай есептің сұрақтарын анықтайды. Әріпті өрнек құрады. Оны шешу жолын қарастырады. Олар есепті шешуде кез келген нұсқаны таңдауы мүмкін. Есепті дәптерлері- не жазып, өздерінің шығару жолдарын тексереді және басқа жұптарға барып жауаптарын салыстырады.

Саяхатшылар ЭКСПО-2017 көрмесінен Байқоңыр қаласына жеңіл авто- көлікпен жолға шықты. Астана қаласы мен Байқоңырдың арақашықтығы а километр. Олар бірнеше аялдама жасады.

1-аялдама Қарағанды қаласы 212 км.2-аялдама Жезқазған қаласы 741 км.3-аялдама Қызылорда қаласы 1163 км.Аялдамалардың арасындағы арақашықтықты тап. Саяхатшылар Қызылорда қаласынан Байқоңыр қаласына дейін қанша километр жүрулері керек? Мұндағы а = 1416 деп алып, есепті шығар.

Жауабы:

1-аялдама 212 км (Астана-Қарағанды);2-аялдама 741 – 212 = 529 км (Қарағанды-Жезқазған); 3-аялдама 1163 – 741 = 422 км (Жезқазған-Қызылорда); 4-аялдама а –1163; а = 1416; 1416 – 1163 = 253 км (Қызылорда Байқоңыр).

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді.

(Ж) Орындап көр. Көрсеткілердегі берілген сандармен әріпті өрнек құрастырады. Әріпті өрнектің мәнін қойып, оны шешеді. Келесі жұппен жұмыстарын ауыстырып тексе- реді.

Жауабы:

а – 538 667; а – 587 483; а – 974 239; а – 412 000; а – 800 701.Мұндағы а = 1 000 000.1 000 000 – 538 667 = 461 333; 1 000 000 – 587 483 = 412 517;

1 000 000 – 974 239 = 25761; 1 000 000 – 412 000 = 588 000; 1 000 000 – 800 701 = 199 299.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Дұрыс жауапқа үш шапалақ.

Есеп құрастыр.

(Ж) Ашықхаттар. Кеспеқағаздардан сандарды ала отырып, ең үлкен үш таңбалы санды жазады. Қалған екі санның қосындысына бөледі.

Ақгүлде 1, 8, 6, 4, 2 сандары жазылған ашықхаттар болды. Ол анасына құттықтау жіберу үшін осы цифрларды пайдаланып ең үлкен үш таңбалы санды қалған екі санның қосындысына бөлуі керек. Ақгүлге анасына ашықхат жіберуге көмектес.

Жауабы:

864 : (1 + 2) = 288.

Бағалау. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Қосымша тапсырмалар

Тек жауабын жаз. Өз беттерінше блиц-турнир жүргізеді. Жауаптарын жазбаша жазып, көршілерімен дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді.

–  Тоннаның төрттен бір бөлігі қанша килограмм? — 250 кг; –  Сағаттың екіден бір бөлігі қанша минут? — 30 мин;

–  25-ті 8 есе арттыр — 200;

–  8 ц картопты қаптауға 40 кг қанша қап қажет болады? — 20 қап;

–  3 км 850 м мен 1 км 150 м қанша километр болады? — 5 км;

–  Шаршының периметрі 24 см. Ауданын есепте. — 36 см2; –  Пойыз жарты сағатта 45 км жүрсе, 3 сағатта қанша жол жүреді? — 270 км;

–  Сырдария өзенінде 95 күн мұз қатып жатса, жылдың қанша күнінде мұзсыз ағады? — 270 күн мұзсыз ағады;

–  Зымыранның жылдамдығы 16 км/мин болса, онда 1 сағатта қандай қашықтықты ұшады? — 960

Есептеуіш мәшине

а) Тапсырма әріпті өрнекті түрлендіруге арналған. Бос орынға әріпті өрнектің мәнін қояды. Сызбаны пай- даланып алдымен әріпті өрнек құрастырады.

ә) Оқушылар сызбаны пайдаланып теңдеу құрасты- рады.

Жауабы:

а) а · 100 – 1. Мұндағы а = 2, 200, 100, 50, 300; 1) 2 · 100 – 1 = 199;2) 200 · 100 – 1 = 1999;3) 100 · 100 – 1 = 9999;

4) 50 · 100 – 1 = 4999; 5 300 · 100 – 1 = 29999;

ә) а · 100 – 1 = 99а · 100 = 99 + 1

а = 100 : 100

а =1

а · 100 – 1 = 199

а · 100 = 199+1

а = 200 : 100

а = 2

Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

3 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

4 слайд

5 слайд

6 слайд

7 слайд

8 слайд

9 слайд

10 слайд

11 слайд

12 слайд

13 слайд

Кері байланыс

Рефлексия

«Табыс баспалдағы»әдісі

1 - баспалдағы Мен… БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен… ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен… ЖАСАЙ АЛАМЫН

14 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу