Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: №9 сабақ | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | •кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешуді үйренеді. Кездесу қозғалысына берілген есептерді формуламен табуды үйренеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,жаратылыстану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кездесу қозғалысына берілген есептер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы : | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Өткенді қайталау. Жақындау жылдамдығы дегеніміз не? Оны қалай табады? Оқушыларды формуламен және ережелерді еске түсіреді. Қарама-қарсы бағытта қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығы бір-біріне қозғалып келе жатқан нысандардың жылдамдықтарының қосындысы ретінде қарастырылады: Vжақындау= V1 + V2. Нысандардың арасындағы бастапқы арақашықтықты t табу үшін, жақындау жылдамдығын уақытқа көбейту керек: S = (V1 + V2) • t Нысандардың арасындағы белгілі бір уақыттағы арақашықтығын табу үшін, бастапқы жылдамдықтан жақындау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек: D = S – (V1 + V2) • t. Оқушыларға жұптарда қағаз бетіне осы формуларды жазуды ұсыну және бұл қағаз сабақ бойы парта үстінде, жұмыста көмектесетінін айту. Оқушыларға бүгін қозғалысқа берілген есептерді шығаруды жалғастыратындарын айту. Оларға қозғалысқа байланысты қандай мамандықтарды білетінін сұрау. Сандар арқылы топқа бірігу. Бірліктер,ондықтар,жүздіктерді парақшаларға жазып,оқушыларға таратып үш топқа бітіктіру. Оқушылар таратпа қағаздағы кестені толтыру керек, кейін өзара тексеру жүргізу үшін әртүрлі кестелермен алмасады.
1-тапсырма Жерде, аспанда және көлде. Топтық жұмыс а) Арақашықтығы 116 км болатын екі ауылдан бір-біріне кездесу бағытында велоси-педші мен мотоциклшы шықты. Велосипедшінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал мотоциклшы-ның жылдамдығы 37 км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады? Оқушылардан есепте не белгілі екендігін сұрау. Есепте не сұралып тұр? S — қандай формуламен анықталады? Есептің барлық компоненттері белгілі ме? Жақындау жылдамдығын қалай табуға болады? Екі сағат ішінде велосипедші пен мотоциклшы қандай арақашықтықты жүріп өткендігін анықтайды. Олар екі сағаттан кейін кездесті ме? Неліктен? Олардың арасында неше километр қалғандығын анықтаңдар. Есепті басқа әдіспен шығаруға болады ма? Топтарда ол қандай әдіс екендігі туралы ойланыңыздар. Есепке қатысты өрнек құрады. Жауабы: 116 – (18 +37) • 2 = 6 (км). ә) Оқушыларға есептің шартын оқып танысады.(Ж) Арақашықтығы 8326 км болатын екі қаладан бір уақытта екі ұшақ ұшып шықты. Бірінші ұшақтың жылдамдығы 725 км/сағ, ал екіншінің жылдамдығы 72 км/сағ-қа артық. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады? Оқушыларға есепке қатысты сызба құруды ұсыну. Қажет болған оқушыларға көмек көрсету. Оқушылар жұптарда есепті шығарғаннан кейін, ортақ тексеру жүргізу. Жауабы : 1) 725 + 72 = 797 (км/сағ); 2)725 + 797 = 1522 (км/сағ); 3)1522 • 3 = 4566 (км/сағ); 4)8326 – 4566 = 3760 (км). б) Оқушыларға есептің шартын оқып танысады. (Ж) Екі айлақтан бір уақытта бір-бірімен кездесу бағытында екі катер шықты. Бірін-ші катер кездесуге дейін 24 минут бойы 300 м/мин, ал екінші катер 30 минут бойы 280 м/мин жылдамдықпен жүзді. Айлақтардың арақашықтығын тауып, мәндерді километрмен өрнекте. Оқушылар есептің шартын құрып, жұптарда шығарады. Кейін жұптар арасындағы өзара тексеру жүргізіледі. Жауабы : 1)300 • 24 = 7200 (м); 2)280 • 30 = 8400 (м); 3)7200 + 8400 = 15600 (м) = 15 км 600 м. Бағалау Өз жұмысын смайликтер арқылы бағалауын және бір-бірін бағалауын сұрау. -өте жақсы -жақсы -орташа -нашар және олай бағалағаның ауызша айтып өтеді. 2-тапсырма Жолда (Ө) а) Жеңіл автокөлік А қаласынан В қаласына 92 км/сағ жылдамдықпен шықты. Автобус 3 сағаттан кейін В қаласынан 65 км/сағ жылдамдықпен шығып, 5 сағаттан кейін жеңіл автокөлігімен кездесті. Сызбаны есептің шартымен салыстыруды ұсыну. •Жеңіл автокөлік жолда қанша уақыт болды? •Жеңіл автокөлік кездесуге дейін неше километр жүрді? •Кездесуге дейін автобус неше км жүрген? •Қалалардың арақашықтығы қандай? Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, есептеулерді жазбаша орындайды. Жауабы: 1) 3 + 5 = 8 (сағ); 2)92 • 8 = 736 (км); 3)65 • 5 = 325 (км); 4)736 + 325 = 1061 (км). ә) Топтардағы жұмысты ұйымдастыру. Сызбаны талдауды ұсыну. Ауылдан қалаға жүк көлігі шықты және оған қарама-қарсы сол жылдамдықпен 2 сағаттан кейін автобус шығып, екеуі 4 сағаттан кейін кездесті. Ауыл мен қаланың арасы 1200 км болса, автобус пен жүк көлігі қандай жылдамдықпен жүрген? Оқушыларға сұрақтар қою: жүк көлігі жолда қанша сағат болған? Автобус жолда қанша сағат болды? Жүк көлігі мен автобус жолда неше сағат болды? Жақындау жылдамдығын қалай анықтауға болады? Жүк көлігі мен автобустың жылдамдықтары туралы не айтылған? Жүк көлігі мен автобустың жылдамдықтарын қалай табуға болады? Оқушыларға есепті шығаруға уақыт беру. Жауабы : 1) 2 + 4 = 6 (сағ); 2)6 + 4 = 10 (сағ); 3)1200 : 10 = 120 (км/сағ); 4)120 : 2 = 60 (км/сағ). Ынталандыру арқылы бағалау. «Жарайсың!» «Мен сіздің сабақтағы сіздің жұмысыңызға ризамын» «Сіз жақсырақ жқмыс істей алар едіңіз» 3-тапсырма Шығарып көр. (Ұ) Бірінші пойыз А қаласынан В қаласына 62 км/сағ жылдамдықпен шықты. Оған қарама-қарсы 3 сағаттан кейін 72 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрген екінші пойыз шықты. Қай пойыз артық жол жүрді? Қанша артық жүрді? Топтардағы оқушыларға есепке қатысты сызбаны қағаздарда орындауды ұсыну. Сызбалары бар қағаздарды тақтаға іліп, оны оқушылармен талдау. Аса сәтті нұсқаны таңдауды сұрау. Есептің ортақ талдауын жүргізу және есепті топтарда шығаруды ұсыну. Есептің шығарылуын ортақ тексеруін жүргізу. Жауабы: 1)3 + 5 = 8 (сағ); 2)62 • 8= 496 (км); 3)72 • 5 = 360 (км); 4)496 – 360 = 36 (км-ге). Бағалау «Қолмен белгі беру» әдісі. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау) Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны қадағалау. 4-тапсырма «Ойлан» Топтық жұмыс. Саяхатшы таңғы 8-де лагерьден шығып, 12 сағатта тауға шығып, сонда түнді өт-кізді. Келесі күні сағат 9-да ол дәл сол жолмен қайтар жолға аттанып, кешкі сағат 8-де лагерьге жетті. Саяхатшының бірінші және екінші күндерінде оның сағаты бір уақытты көрсеткен нүкте жолдың бойында табылады ма? Оқушыларға саяхатшының жолын екі адамның бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы ретінде ойлауды ұсыну. Бірінші күні ол жолда қанша болғанын және тәуліктің қандай уақытында жолда болғанын сұрау. Оқушылар сұрақтарға топта жауап береді. Талқылау барысында формуланы пайдалана алды ма? Кімге көмек қажет болғанын бақылап шығу. Саяхатшының жылдамдығы бару жолы мен қайтуда бірдей болды ма? Оқушылардан саяхатшының кездесу нүктесін көрсетуін сұрау. Жауабы: Біріншісі көтерілетін, екіншісі түсетін екі саяхатшыны елестетейік. Өтетін жол өзгермегендіктен, біріншісі тезірек, ал екіншісі баяуырақ жүрсе, онда олар міндетті түрде кездеседі. Бұл, саяхатшы жалғыз болғандағы, жет-кен нүктесі мен уақыты болады. Яғни ол дәл осы уақытта болатын сондай нүкте бар. Бағалау. «Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады. Жұмыс дәптерінде орындалатын тапсырма. 1.Біз келе жатырмыз … Тапсырма білімдерін жүйелендіріп, бір-біріне кездесу қозғалысына арналған есептерді шығару дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. а) Оқушыларға ден қойып сызбаны оқуды және оны сәйкес өрнектермен байланыстыруды ұсыну. Есептің ортақ тексеруін ұйымдастыру. Жауабы: 1) 56 + 6 = 62 (км/сағ); 2)56 + 62 = 118 (км/сағ); 3)118 • 3 = 354 (км); 4)118 • 4 = 472 (км). ә) Оқушылардан есепте не белгілі екендігін, нені табу керектігін сұрау. Кейбір оқушыларды шарттары бойынша есеп құрастыруды сұрау. Қиындықтар туындаған жағдайда, оқушылармен бірге есептің шығарылуының жоспарын құру. Оқушылар есептің шығарылуын өз бетінше орындайды. Кейін шығарылуын және есептің жауабын дәптерлерін ауыстыру арқылы дұрыс жауабымен жұптарда тексереді. б) Бір-біріне кездесу қозғалысына арналған қиындатылған есеп оқушыларға көмек ретінде қадамдап шығаруға ие. Оқушылар алдын ала есепке қатысты сызбаны толықты-рады. Кейін оқушыларға сұрақтарға жауап бере отырып, есепті дербес түрде шығарады. Кейбір оқушыларға есепке қатысты өрнек құруды ұсыну. 5-тапсырма Қайтала (Ө) Амалдардың кезегін өрнектерде қайталаңдар. Жауабы: а) (5672 • 3 – 8120 : 4) – 2948 = 17016 – 2030 – 2948 = 12038; ә) 19697 – (6451 • 2 + 3208 : 2) = 5191. 6-тапсырма Есепті шеш. Бір-біріне кездесу қозғалысына арналған күрделенген есеп оқушыларға көмек ретінде қадамдап шығарылады. Оқушылар алдын ала есепке қатысты сызбаны толықтырады, сұрақтарға жауап бере отырып, оны шығарады. Кейбір оқушыларға есепке өрнектер құруды ұсыну. Жауабы: 1) 2 + 2 = 4 (сағ) — бірінші катердің уақыты; 2) 17 • 4 = 68 (км) — кездесуге дейін бірінші катердің өткен арақашықтығы; 3) 24 • 2 = 48 (км) — кездесуге дейін екінші катердің өткен арақашықтығы; 4) 68 + 48 = 116 (км) — айлақтардың арақашықтығы. 17• (2 + 2) + 24 • 2 = 116 (км). Бөлуді бағандап орында. Тапсырманың орындалуы оқушыларға мәнінде нөл болған жағдайдағы, бағандап бөлуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Жауабы: 91350 : 15= 6090 867720 : 42= 20660 85080 : 12= 7090 681850 : 65= 10490 97120 : 16 = 6070 740160 : 36 = 20560 817440 : 16 = 51091 888860 : 98 = 9070 Бағалау «Қолмен белгі беру» әдісі. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау) Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны қадағалау. Қосымша тапсырмалар Үйден мектепке дейінгі арақашықтық 940 м. Оқушылар мектепке 60 м/мин жылдамдықпен жүреді. 240 метр өт-кеннен кейін, оған қарсы мектептен басқа оқушы шығып, кездесуге дейін 5 минут жүрді. Екінші оқушының жыл-дамдығын тап. Жауабы: 1)940 – 240 = 700 (м); 2)700 : 5 = 140 (м/мин). | Слайд Еркін және балама энергия бойынша форумнан алынған ой http://zaryad.com/forum/threads/staraja-zadacha-pro-monaxa.528/. Монах туралы ежелгі есеп.) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс | “Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды *.......................... қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім. * Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім *Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім. *................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым * Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?