Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

№8 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Кездесу қозғалысына берілген есептер

Оқу мақсаты:

•кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийлері

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс туралы білімдерін кеңейтеді.Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешуді үйренеді. Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығаруды үйренеді. Қарама-қарсы бағытта қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығын формула арқылы табуды үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: жылдамдық,уақыт,арақашықтық, қарсы қозғалыс, жақындау жылдамдығы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Қарама-қарсы бағытта қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығы бір-біріне қозғалып келе жатқан нысандардың жылдамдықтарының қосындысы ретінде қарастырылады: Vжақындау= V1 + V2. формулаларды қолдану арқылы есептерді талдайды.

Нысандардың арасындағы бастапқы арақашықтықты

t табу үшін, жақындау жылдамдығын уақытқа көбейту керек :

S = (V1 + V2) • t формуламен есептеу дағдыларын дамытады.

Нысандардың арасындағы белгілі бір уақыттағы

арақашықтығын табу үшін, бастапқы жылдамдықтан жақын-

дау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек:

D = S – (V1 + V2) • t. формулаларды қолдану арқылы есептерді талдайды және шығарады.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Жылдамдық, уақыт және арақашықтықты табу формулаларын қайталау керек:

S = V • t, V = S : t, t = S : V. Оқушыларға жұптарда қағаз бетіне үш формула жазуды ұсыну және бұл қағаз сабақ

бойы парта үстінде, жұмыста көмектесетінін айту.

Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын суретке аударып,

формуладағы әр әріп нені білдіретінін сұрау.

Бастапқы арақашықтықтың кездесу орнына дейінгі

арақашықтықтан айырмашылығын түсіндіру. Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады. Оқушыларды формуламен және ережемен таныстыру.

Қарама-қарсы бағытта қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығы бір-біріне қозғалып келе жатқан нысандардың

жылдамдықтарының қосындысы ретінде қарастырылады:

Vжақындау= V1 + V2.

Нысандардың арасындағы бастапқы арақашықтықты

t табу үшін, жақындау жылдамдығын уақытқа көбейту керек: S = (V1 + V2) • t

Нысандардың арасындағы белгілі бір уақыттағы

арақашықтығын табу үшін, бастапқы жылдамдықтан жақындау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек: D = S – (V1 + V2) • t.

Оқушыларға олар бүгінгі сабақта бір-біріне қарама-қар-

сы бағыттағы қозғалыс туралы айтатындарын айту.

Бұл қозғалысты жұптарда көрсетуді сұрау. Қозғалыс

кезінде қандай шамаларды қарастыратынымызды сұрау

(жылдамдық, уақыт, арақашықтық). Оқушылар тәжірибе жасап, өлшем бірліктерді өрнектейтіндерін айту.

Тәжірибе жүргізу. Тәжірибе шарттары: екі оқушы партаның басынан қозғалатын ойыншықтарды жібереді. Басқа екі оқушы секундомердің көмегімен кездесуге дейінгі уақытты өлшейді. Ал бесінші кездесу сәтін өлшейді. Керекті өлшем бірліктер: бірінші нысан өткен арақашықтық, екінші нысан өткен арақашықтық, кездесуге дейінгі уақыт. Тапсырма: әр нысанның жылдамдығын табу. Барлық берілгендер кестеге:

1-қашықтық

Қанша уақыттан соң

1-нысанның

кездесті?

жылдамдығы

2-қашықтық

Қанша уақыттан соң

2-нысанның

кездесті?

жылдамдығы

Топтарға арналған сұрақ:

– Кездесуге дейінгі орташа жылдамдықты қалай табады?

– Ол үшін нені білу керек? (орташа арақашықтық)

– Оны табуға болады ма? (нысандар өткен арақашықтықтарды қосу).

Тапсырма: екі нысанның орташа жылдамдығын табыңдар (топтардың жауаптары).

Оқушыларға олар бір-біріне кездесу қозғалысы кезіндегі жақындау жылдамдығын тапқандарын айту және оларды оқулықтағы ережемен таныстыру.

Қарама-қарсы қозғалыс

V1

V2

V1 + V2 жақындау жылдамдығы

1-тапсырма Қарама-қарсы қозғалыс. (Ө)

Оқушыларға топтарда есептің шартымен танысып, есепке қатысты сызба сызуды ұсыну. Кейін есепті шығарып, шығарылуын ұжымда тексереді.

Екі шортан балық бір-біріне қарама-қарсы жүзіп, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісі 40 км/сағ, ал екіншісі 30 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Шортандар арасындағы бастапқы арақашықтық қандай болды? Жауабы:

1) 40 + 30 = 70 (км/сағ);

2) 70 • 2 = 140 (км).

2-тарсырма Пойызда. (Ж)

а) Оқушыларға сызбаға қарап,сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Қимадағы бір бөліктің құны қанша екендігін сұраңыз. Пойыздар 1 сағатта

бір-біріне қаншалықты жақындайтынын қалай анықтайды?Ал 2 сағатта ше?

1 сағатта пойыздардың арақашықтығы қалай өзгереді? 2 сағатта ше?

90 км/сағ. 60 км/сағ.

?

Жауабы:

1) 1 сағатта: 60 + 90 = 150 (км);

2) 2 сағатта: 60 • 2 + 90 • 2 = 120 + 180 = 300 (км).

ә) Жақындау жылдамдығын қалай табатынын сұрау.(Ө)

Арақашықтықты қалай табады? Қосымша сұрақ

қою: пойыздардың кездесуге дейінгі арақашықтығын

есепте. Пойыздардың жақындау жылдамдығын және кездескенге дейінгі арақашықтығын тап.

Бағалау. Температураны өлшеу Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Жұптардан тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін сұрау. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

3-тапсырма (Ж)

Екі шағала арақашықтығы 450 км болатын екі аралдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші шағаланың жылдамдығы 80 км/ сағ. Екінші шағаланың жылдамдығы неге тең?

Оқушыларға есепке қатысты сызбаны қағаз бетіне сызуды ұсыну. Осыдан кейін оқушылар есепті шығарудың жоспарын құрады:

1)Жақындау жылдамдығын анықтау;

2)Екінші құстың жылдамдығын анықтау.

Кейін шығару жоспарын бірігіп тексеру. Осыдан кейін әр оқушы дербес түрде амалдарды жазып, есептеулер орындайды. Оқушыларға өрнек құрастыра отырып, есепті шығаруды ұсыну.

Дәл сол кездегі екі нысанның арақашықтығын табу үшін, бастапқы арақашық-тықтан жақындау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек:

d = S – (V1 + V2) ∙ t

Жауабы:

450 : 3 = 150 (км/сағ) – жақындау жылдамдығы;

150 – 80 = 70 (км/сағ) – екінші құстың жылдамдығы;

450 : 3 – 80 = 70 (км/сағ).

Бағалау. Температураны өлшеу Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Жұптардан тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін сұрау. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

4-тапсырма Арақашықтықты анықта. )

Арасы 260 км болатын екі ауылдан екі мотоциклшы бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Біріншінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал екіншінікі 40 км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

Тапсырма формула бойынша орындалады. Есептің талдауын сұрақтар бойынша жүргізу: Есепте не белгілі? Нені табу керек? Есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба? Неліктен? Бірінші және екінші кезекте нені табу керек? Жақындау жылдамдығы мен бастапқы арақашықтықты біле тұра, екі сағаттан кейінгі мотоциклшылардың арақашықтығын таба аламыз ба? Оқушыларға есепті өрнекті құрастыра отырып, жұпта шығаруды ұсыну.

Жауабы:

260 – (50 + 40) • 2 = 80 (км).

Дәптермен жұмыс Тапсырма жақындау жылдамдығын табу формуласымен жұмыс істеу дағдысын дамытуға бағытталған. (Ө)

Оқушыларға есептеулер жүргізудің алдында жақындау жылдамдығын табу формуласын жазуды ұсыну.

Жауабы: а) 12 + 14 = 26 (км/сағ). ә) 56 : 7 = 8 (км/сағ);

56 + 7 = 63 (км/сағ).

Жылдамдық, уақыт, арақашықтық. (Ж) Тапсырма жақындау жылдамдығын, бастапқы арақашықтықты, кездесуге дейінгі уақытты табу формулаларын қолданумен бір-біріне кездесу қозғалысына арналған құрама есептерді шығару дағдысын дамытуға бағытталған. Әр есепті шығарғаннан кейін,дұрыс жауап айтылады жұптарда өзара тексереді.

Жауабы:

а) (68 + 74) • 3 = 426 (км); ә) 288 : (57 + 15) = 4 (сағ); б) 488 : 8 – 27 = 34 (км/сағ).

Бағалау «Қолмен белгі беру» әдісі. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау.

Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.

Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны қадағалау.

Есепті шығар. Тапсырма d= S – (V1+V2) • t формуласын қолдана отырып, берілген сәттегі арақашықтықты табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан сызбадағы әр санды және әріпті мән нені білдіретінін сұрау. Кейін шарттар бойынша есепті ауызша құрастырып, оны айтуды ұсыну. Оқушылардан берілген есепті шығару үшін, қандай формула қажет болатынын сұрау. Оны жазуды ұсыну. Содан кейін өздігінен шығару үшін уақыт беру. Кейбір оқушыларға келесі сұрақтар бойынша көмек қажет болуы мүмкін:

Есепте не сұралып тұр? Оны бірден табуға болады ма? Неліктен? Бірінші кезекте нені табу керек? Ал содан кейін? Оқушыларға шығару әдісін өздеріне таңдауға мүмкіндік беріңіз: амалдар немесе өрнектер бойынша. Орындағаннан кейін оқушылардың біріне басқа оқушылардың шығарғандарымен салыстыру үшін және жіберілген қателерді талдау үшін, өз шығаруын тақтаға жазуды ұсыну. Оқушылардың назарын формуланы қолдану уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтып өту. Әріп мәндерінің орнына барлық берілгендерді орналастырып, оларды шығару жеткілікті болады.

Жауабы:

1)60 + 42 = 102 (км/сағ) — жақындау жылдамдығы;

2)102 • 4 = 408 (км) — 4 сағатта;

3)500 – 408 = 92 (км) — кездесуге дейін. Формула бойынша: 500 – (60 + 42) • 4 = 92 (км).

Өшіргіштің тапсырмасы. Тапсырма оқушыларға көптаңбалы сандарды бағандап көбейту және бөлу дағды-ларын дамытуға мүмкіндік береді. Амалдардың орындалу ретін нөмірлеп, өрнектердің мәнін табады.

Жауабы: (803 • 205 + 1385) : 830 – 196 = 4.

5-тапсырма (Ұ)

Ойлан Арасы 147 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі мото-циклшы шықты. Екінші мотоциклшының жылдамдығы 26 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездессе, бірінші мотоциклшының жылдамдығы қандай болған?

Есептің шартын көрнекі түрде қабылдау үшін, оқушыларға топтарда сызба сызуды ұсыну. Берілгендерді сызбаға қалай енгізетіндерін сұрау. Есепте не белгілі және нені табу керектігін түсінетіндеріне көз жеткізу. Шығару әдістерін топтарда талқылауға уақыт беріңіз, талқылау барысында қажетті көмек көрсету. Шешуін талдай отырып, жұмыстарын тексеру.

Жауабы:

1)26 • 3 = 78 (км) — екінші мотоциклшы;

2)147 – 78 = 69 (км) — бірінші мотоциклшы;

3)69 : 3 = 23 (км/сағ) — бірінші мотоциклшының жылдамдығы.

Қосымша тапсырмалар

Шығарылуы келесідей болатын есеп құрастыр:

480 – (25 + 36) • 3.

қозғалатын механикалық ойыншықтар;

секундомер;

Слайд

Слайд

Кері байланыс

Рефлексия

«Көз жұмып ойлану»әдісі

Оқушылар көздерін жұмып,мына сұрақтарға іштей жауап береді.

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не қызық болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу