Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару

Сен

Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығаруды үйренесің

Психологиялық дайындық

Оқып білім аламыз, Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз.

Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

Қарама-қарсы бағытта қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығы бір-біріне қозғалып келе жатқан нысандардың

жылдамдықтарының қосындысы ретінде қарастырылады:

Vжақындау= V1 + V2.

Нысандардың арасындағы бастапқы арақашықтықты t табу үшін, жақындау жылдамдығын уақытқа көбейту керек: S = (V1 + V2) • t

Нысандардың арасындағы белгілі бір уақыттағы

арақашықтығын табу үшін, бастапқы жылдамдықтан жақындау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек: D = S – (V1 + V2) • t.

1-тапсырма. Қарама-қарсы қозғалыс

Екі шортан балық бір-біріне қарама-қарсы жүзіп, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісі 40 км/сағ, ал екіншісі 30 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Шортандар арасындағы бастапқы арақашықтық қандай болды?

Пойыздар

а) 1 сағатта пойыздардың арақашықтығы қалай өзгереді? 2 сағатта ше?

90 км/сағ. 60 км/сағ.

ә) Пойыздардың жақындау жылдамдығын және кездескенге дейінгі арақашықтығын тап.

Шығарып көр

Екі шағала арақашықтығы 450 км болатын екі аралдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші шағаланың жылдамдығы 80 км/ сағ. Екінші шағаланың жылдамдығы неге тең?

V1 V2

d = ?

S

Дәл сол кездегі екі нысанның арақашықтығын табу үшін, бастапқы арақашық-тықтан жақындау жылдамдығы мен уақыттың көбейтіндісін азайту керек:

d = S – (V1 + V2) ∙ t

Арақашықтықты анықта

Арасы 260 км болатын екі ауылдан екі мотоциклшы бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Біріншінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал екіншінікі 40 км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

Ойлан

Арасы 147 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі мото-циклшы шықты. Екінші мотоциклшының жылдамдығы 26 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездессе, бірінші мотоциклшының жылдамдығы қандай болған?

Қосымша тапсырмалар

Шығарылуы келесідей болатын есеп құрастыр:

480 – (25 + 36) • 3.

«Көз жұмып ойлану»әдісі

Оқушылар көздерін жұмып,мына сұрақтарға іштей жауап береді.

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не қызық болды?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу