Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Кездесу қозғалысына берілген есептерді шығару

Сен

Кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешуді үйренесің.

Әртүрлі есептерді шығаруды үйренесің.

а) Арақашықтығы 116 км болатын екі ауылдан бір-біріне кездесу бағытында велоси-педші мен мотоциклшы шықты. Велосипедшінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал мотоциклшының жылдамдығы 37 км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

Есепте не белгілі?

Есепте не сұралып тұр?

S қандай формуламен анықталады?

Есептің барлық компоненттері белгілі ме?

Жақындау жылдамдығын қалай табуға болады?

Олар екі сағаттан кейін кездесті ме?

Неліктен?

Олардың арасында неше километр қалғандығын анықтаңдар.

Есепті басқа әдіспен шығаруға болады ма?

1-тапсырма Жерде, аспанда және көлде.

ә) Оқушыларға есептің шартын оқып (Ж)

танысады. Арақашықтығы 8326 км болатын екі қаладан бір уақытта екі ұшақ ұшып шықты. Бірінші ұшақтың жылдамдығы 725 км/сағ, ал екіншінің жылдамдығы 72 км/сағ-қа артық. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

б) Оқушыларға есептің шартын оқып танысады. (Ж) Екі айлақтан бір уақытта бір-бірімен кездесу бағытында екі катер шықты. Бірін-ші катер кездесуге дейін 24 минут бойы 300 м/мин, ал екінші катер 30 минут бойы 280 м/мин жылдамдықпен жүзді. Айлақтардың арақашықтығын тауып, мәндерді километрмен өрнекте.

а) Жеңіл автокөлік А қаласынан В қаласына 92 км/сағ жылдамдықпен шықты. Ав-тобус 3 сағаттан кейін В қаласынан 65 км/сағ жылдамдықпен шығып, 5 сағаттан кейін жеңіл автокөлігімен кездесті.

2-тапсырма Жолда

Жеңіл автокөлік жолда қанша уақыт болды?

Жеңіл автокөлік кездесуге дейін неше километр жүрді?

Кездесуге дейін автобус неше км жүрген?

Қалалардың арақашықтығы қандай?

ә)Ауылдан қалаға жүк көлігі шықты және оған қарама-қарсы сол жылдамдықпен 2 сағаттан кейін автобус шығып, екеуі 4 сағаттан кейін кездесті. Ауыл мен қаланың арасы 1200 км болса, автобус пен жүк көлігі қандай жылдамдықпен жүрген?

Жүк көлігі жолда қанша сағат болған?

Автобус жолда қанша сағат болды?

Жүк көлігі мен автобус жолда неше сағат болды?

Жақындау жылдамдығын қалай анықтауға болады?

Жүк көлігі мен автобустың жылдамдықтары туралы не айтылған?

Жүк көлігі мен автобустың жылдамдықтарын қалай табуға болады?

3-тапсырма Шығарып көр. (Ұ)

Бірінші пойыз А қаласынан В қаласына 62 км/сағ жылдамдықпен шықты. Оған қарама-қарсы 3 сағаттан кейін 72 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрген екінші пойыз шықты. Қай пойыз артық жол жүрді? Қанша артық жүрді?

Орындап көр

Есепті теңдеу арқылы шығар:

Арақашықтығы 126 км болатын екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі мотоциклшы шықты. Біріншісінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал екіншісінікі 27 км/ сағ. Олар неше сағаттан кейін кездеседі.

Қайтала

Өрнектердің мәнін тап:

а) (5672 • 3 – 8120 : 4) – 2948;

ә) 19697 – (6 451 • 2 + 3208 : 2).

Бөлуді бағандап орында.

91350 : 15; 867720 : 42;

85080 : 12; 681850 : 65;

97120 : 16 ; 740160 : 36;

817440 : 16; 888860 : 98;

Аяқталмаған сөйлемдер * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды *.......................... қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім. * Мен енді....................... білемін. * Мен............................... Сезіндім *Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім. *................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым * Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу