Қалып қоюға берілген есептерді шығару тәсілдері (1). Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қалып қоюға берілген

есептерді шығару тәсілдері (1)

Оқу мақсаты:

4.5.1.9

бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс/ артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

бір-біріне кездесу;

қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс;

артынан қуып жету;

бір бағыттағы қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар қашықтықты, жылдамдықты табу формуласын бекітеді.

Кестеде не белгілі, не белгісіз екенін сұрау. Кесте бойынша ауызша есептер құрастыру. Оқушылар берілген сұрақтар бойынша теңдеулер құрастырады. Теңдеулерді және есептің шешуін А3 парағына жазады, есептің шығару жолын түсіндіреді. Топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Мәшине

90 км/сағ

бірдей

270

Мотоцикл

60 км/сағ

бірдей

Мотороллер

Кесте бойынша 1, 3, 4 сұрақтарға теңдеу құр. х-тің мәнін тап.

1. Мәшине 270 км жолды х сағатта өтті.

2. Мотоцикл жолда … сағат болды?

3. Мотоцикл х км жол жүрді.

4. Мотороллер 4 сағатта х км/сағ жылдамдықпен

жүрді.

5. Мәшиненің жылдамдығы мотоциклдың жылдамдығынан … км/сағ артық.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардан

есептердің сұрақтарына жауап беру үшін қандай тәсілдерді қолданғанын сұрау.

Жауабы:

1) х· 90 = 270;

2) мотоцикл жолда 3 сағат болды;

3) х: 60 = 3;

4) 180 : х= 4;

5) 45 км/сағ артық.

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

Оқушыларға бұл өлшем бірліктің барлығы қабылданған аудан өлшем бірлігі екенін хабарлау, таныстыру.

) Саяхатшылар жылдамдығы.

Тапсырманы орындау үшін Бурабай табиғатының көркемдігі туралы суреттер, бейнеролик пайдаланыңыз. Оқушыларға

сұрақтар қойыңыз:

Тапсырмада не белгілі?

Оқушыларға сұрақтар қойыңыз:

Тапсырмада не белгілі?

Нені табу қажет?

Белгісіз шаманы қалай белгілейміз?

Оқушыларға тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсыныңыз, ал кейін жұптар арасында өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

7 · (х + 5) = 84

х + 5 = 84 : 7

х + 5 = 12

х = 7 км/сағ.

Жауабы:7 км/сағ.

(Т)Шығарып көр Шығарып көр.Тапсырма қалып қоюға берілген есептерді алгебралық тәсілмен шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар топтағы жұмысты

жалғастырады. Есептердің шартымен танысқан соң, топ болып есептердің шығару жоспарын құруды ұсыныңыз. Есептерді орындап болған соң топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Жауабы:

а) х: 3 = 80 – 60

х: 3 = 20

х= 20 3

х= 60.

Жауабы:60 км.

ә) х– 60 = 60 : 3

х– 60 = 20

х= 60 + 20

х= 80.

Жауабы:80 км/сағ.

б) х· 80 – 60 = 60

х ·20 = 60

х= 60 : 20

х= 3.

Жауабы:3 сағ.

(Ө) 2. Жүзгіштер жарысы.Тапсырманы өз беттерінше шешуді ұсыныңыз. Содан соң екі оқушыны таңдап алып (дұрыс және қате жауабы бар), оларға тапсырманың жауабына қалай келгендерін басқа оқушыларға түсіндіруін сұраңыз. Содан соң басқа оқушыларға кімнің шешімі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі туралы шешім шығаруын және неліктен екендігін түсіндіруін ұсыныңыз.

Жауабы:

а) х· (75 – 45) = 60

х· 30 = 60

х= 60 : 30

х= 2.

Жауабы:2 мин.

ә) Жауабы: қуып жете алмайды, жүзгіштердің

арақашықтығы сақталып қалады

Ойлан.Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Саралау мақсатында жекелеген оқушыларға өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Соңынан жұптар арасында өзара тексеру жүргізіңіз. Жұптың және тапсырманы өз бетінше орындаған оқушыларды бағалаңыз.

Жауабы:

х: 13 = 330;

х= 330 · 13;

х= 4290.

Жауабы: 4290 м = 4 км 290 м

№3 слайд

№4-5 слайдтар

№6-7 слайдтар

№8-9 слайдтар

№10слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтағы материалды игерудің деңгейін оқушыларға берілген бағалау критерийлері бойынша өзарабағалауы арқылы тексеру, ол үшін оқушылар ауызшакерібайланыс береді. Ал, эмоционалдық деңгейін білуүшін сабақ соңында «Бас бармақ» әдісін қолдану.

Белгілер: бас бармақ жоғары бағытталса, «жақсы»,көлденең бағытталса, «қалыпты», төмен бағытталса,«алаңдаушылық» деген мағынаны білдіреді.

№16 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу