Бір бағытта қалып қоюға берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бір бағытта қалып қоюға берілген

есептерді шығару

Оқу мақсаты:

4.5.1.9

бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс/ артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

бір-біріне кездесу;

қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс;

артынан қуып жету;

бір бағыттағы қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма.

Топтық жұмыс. Әр топқа есептер

және сызбалар беріледі. Оқушылар есептер мен сызбаларды сәйкестендіріп, есептер жазылған парақтарды тақтаға не қабырғаға іледі. Тапсырманы орындап болған соң оқушыларға екі есепті салыстыруға уақыт беру. Сұрақ қою:

-Бірінші есепте жылдамдықты қандай амалмен таптыңдар? Неліктен? (бірінші есепте қуып жететін пойыздың жылдамдығын табу керек, ол артық сондықтан қосу амалымен табамыз).

– Екінші есепте жылдамдықты қандай амалмен таптыңдар? Неліктен? (өлшем бірлік ең алғаш рет кездескенін сұрау. (2 га, 25 ар) – (бұл есепте алдында келе жатқан баланың жылдамдығын табу керек. Ол кем. Сондықтан азайту керек).

-Соңғы есепте берілген жылдамдықтардың орнын

ауыстырыңдар.

-Не шықты? (жаңа есеп — бір бағытта қалып қоюға берілген есеп).

- Есептің шешуі жаңа есепке сәйкес келе ме? (жоқ. Кездесу болмайды).

- Жаңа есепті шығару үшін не қажет? (басқа формуланы қолдану керек).

-Бұрын ар, гектар туралы естідіңдер ме? Қайдан?

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

Оқушыларға бұл өлшем бірліктің барлығы қабылданған аудан өлшем бірлігі екенін хабарлау, таныстыру.

(Ж)1. Саяжай жолы. Оқушыларға тапсырманы оқып жұпта орындауды ұсыну. Оқушылар

есептің шартын суретке қарап жұп болып талқылау арқылы толықтырады. Есептің шартына байланысты өрнек бойынша сұрақ қойып, есепті шығарады. Содан соң жұмыстарын басқа жұппен ауыстырып, бірін-бірі тексереді.

Жауабы:

(36 – 15) · 2 = 42 (км).

Жауабы: 42 км.

(Т)Шығарып көр. Оқушылармен бірге берілген есептерді талқылау. Есепті шығару үшін қай формула керек екенін сұрау. Содан кейін оқушылар топта есеп бойынша сызба құрастырады. Берілген есептер өзара

кері есептер деп қорытынды шығарады.

Жауабы:

а) 150 + (70 – 40) · 3 = 240 (км);

ә) 70 – (240 – 150) : 3 = 40 (км/сағ);

б) (240 – 150) : (70 – 40) = 3 (сағ);

в) 240 – (70 – 40) · 3 = 150 (км)3 ар = 300 м2.

(Ө)Ойлан.Берілген тапсырманы жеке орындауды

ұсыныңыз. Әр оқушының тапсырма орындауын қадағалау. Жылдам орындаған оқушыларды шығаруға қиналған оқушыларға көмек көрсетуді сұрау. Шешімін бірігіп тексеру.

Жауабы: 60 км

)2. Ит пен тиін.Оқушыларға өз бетінше есепті шығарып, жауапты ламинатталған параққа жазуды ұсыну.

Жауабы:

11 – 8 = 3 (м/с) жақындау жылдамдығы;

24 : 8 = 3 (с) 3 с-тан кейін ағашқа шығып алды;

13 – 3 · 3 = 2 (м) қалып қойды

(Ж) Орындап көр.Оқушыларға тапсырманы жұпта орындауды ұсыну. Сонымен қатар олардың әрқайсысы өз беттерінше тапсырмадағы сызба бойынша сұрақтарға жауап беруге тиіс. Жауаптарын жұпта тексереді. Жұп өздерінің жұмысын тексеріп болғаннан кейін, қолдарын көтереді. Жұмыстарын «дұрыс», қате болса «ойлан» деген стикерлермен бағалау. Жауабы: 240 км, 4 сағат

(Ж)Ойлан. Тапсырманың сурет түрінде ламинатталған параққа орындалатынын ескерту.

Агроном шаршы тәріздес егін алқабының төрттен бір бөлігіне бидай, қалған бөлігін 4-ке тең бөліп, сұлы, арпа, күріш және жүгері егуі керек. Агроном оны қалай орындайды?

Жауабы: сызбада жердің әр төрт бөлігі Г әрпіндей орналасқан үш торкөзден тұрады.

№3 слайд

№4-5 слайдтар

№6-7 слайдтар

№8-9 слайдтар

№10слайд

№11слайд

№13 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтағы материалды игерудің деңгейін оқушыларға берілген бағалау критерийлері бойынша өзарабағалауы арқылы тексеру, ол үшін оқушылар ауызшакерібайланыс береді. Ал, эмоционалдық деңгейін білуүшін сабақ соңында «Бас бармақ» әдісін қолдану.

Белгілер: бас бармақ жоғары бағытталса, «жақсы»,көлденең бағытталса, «қалыпты», төмен бағытталса,«алаңдаушылық» деген мағынаны білдіреді.

№16 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу