Егіннің түсімділігіне берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Егіннің түсімділігіне берілген есептер

Оқу мақсаты:

4.5.1.2**

есептерді шығаруда егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

егіннің түсімділігі, егін массасы;

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма. Жаңа ғана бизнесін

бастаған кәсіпкерлер рөлін атқаратынын хабарлау.

Шаруашылық жұмыстарды

бастаудан бұрын есептеулер жүргізу керек екенін ескертіп төмендегі тапсырманы ұсыну. Оқушылар қағаз парағында өнімділікке

берілген есептердің белгісіз шамасын табады.

І топ: жүгерінің барлық массасын табады. Жауабын килограммен өрнектеу:

840 ц = 84000 кг.

ІІ топ: әр гектардан қанша тонна жүгері алынатынын табады. Жиналған өнімнің массасын кіші өлшем бірлікпен өрнектеу:

1080 т = 1 080 000 кг

ІІІ топ: қарбыз алқабының ауданын табады.

Шыққан гектар өлшемін кіші өлшем бірліктерімен өрнектейд:

8 га = 800 ар = 80000 м2.

Жауабы:

70 · 12 = 840 (ц);

1080 : 9 = 120 (т);

200 : 25 = 8 (га).

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

800 ц =

1080 т =

8 га =

Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен таныстыру:

егіннің түсімділігіне берілген есептерді шығаруды үйренесің

(Ж) Ауданның өлшем бірліктері. Суретте көрсетілген заттардың ауданын өлшеу үшін, қандай өлшем бірліктерді қолданған қолайлы екенін анықтап, оқушылар тапсырманы

жұпта орындайды.Тапсырманы тексерген кезде, оқушыларға жауапты дауыстап айту керектігін ескерту. Неліктен олай істегендерін, өлшем бірліктердің ең үлкені қайсы, оны қай кезде пайдалануға болатынын сұрау.

Жауабы:

гектармен: егін алқабы;

армен: саяжайдағы жер көлемі;

метр квадратпен: үй;

сантиметр квадратпен: ноутбук;

милимметр квадратпен: өшіргіш.

Жасырын сөзді тап. Тапсырманың мақсаты аудан өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтай отырып салыстыру дағдыларын дамыту. Оқушылар тапсырманы өз беттерінше орындайды, содан соң әрбір жұп бірін-бірі

тексереді. Оқушылар дұрыс теңдіктер мен теңсіздіктерді анықтап, шыққан әріптерден шаруашылыққа үлкен зиян келтіретін табиғат құбылысын табады. Бұршақ туралы жеке мағыналы танымдық мәлімет беруге болады.

Бұршақ — ол түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын. Бұршақ мұз түйіршіктері ауаның тік бағыттағы өте күшті қозғалысы кезінде қалыптасады.

Қатты жауған бұршақ шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.

(Т)Шығарып көр. Оқушылар есептердің шартын оқып шығару жолын шағын топта талдап, шешуін өз бетінше дәптеріне жазады. Барлық есепті шығарып болған соң, әр топтың өкілі басқа топқа барып жауаптарын салыстырады, шығару жолын түсіндіреді.

Жауабы:

а) 1) (400 + 800) : 30 = 40 (көшет) – әр шаршы ме-

трінде;

2) 400 : 40 = 10 (м2);

3) 800 : 40 = 20 (м2).

Бірінші гүлзардың ауданы 10 м2, екінші гүлзардың ауданы 20 м2.

ә) 1) 10 · 3 = 30 ( кг);

2) 900 · 10 = 9000 ( кг);

3) 900 · 30 = 27000 ( кг);

4) 27000 – 9000 = 18000 (кг).

Екінші фермер біріншіге қарағанда неше 18000 кг

артық құлпынай жинап алды.

(Т) Қызықты есептер.

Топтарға есепті жазу үшін А3 форматты парақты тарату. Оқушыларға есептің шартын сызбаның, қысқаша жазудың немесе суреттің көмегімен

орындау. Тапсырманы орындаған

соң, топтар А3 парақта жазылған есептерінің шығару жолын тақтаға немесе қандай да бір қабырғаға іліп, сыныптағы барлық оқушыларға түсіндіреді. Оқушылардан есепте қандай өлшем бірліктері бар екенін сұрау.

(ә, б) есептерінде біріншіден не істеу

керек (гектарды шаршы метрге ауыстыру)?

Жауабы:

а) 300 – 50 = 250 ( м);

300 · 250 = 75000 (м2);

75000 = 7 га 50 ар.

Жауабы: егістіктің ауданы 7 га 50 ар;

ә) 24 га = 240 000 м2;

240 000 : 300 = 800 м;

(300 + 800) · 2 = 2200 м.

Жауабы: саябақтың периметрі 2200 м;

б) 50 · 8 = 400 (м2);

3 га = 30000 м2;

30000 : 400 = 75 жылыжай.

Жауабы: 75 жылыжай салуға болады.

Ойлан. Шаршы пішінді бақшаның әр қабырғасын 4 есе арттырса, оның ауданы қалай өзгереді?

Жауабы:

16 есе артады.

Мысалы: шаршының қабырғасы — 3 см

3 3 = 9 cм2;

(3 · 4) · (3 · 4) = 144 см2;

144 : 9 = 16.

(Ж) Орындап көр. Кеспеқағазда дайындалған тапсырманы ламинатталған парақта жұмыс жасау. Оқушылар атаулы сандармен мысалдар ойлайды және оларды шығарады. Барлық бос торкөздерді толтырған соң, кеспеқағаздарымен (ламинатталған парақтарымен) басқа жұппен ауысады.

Жауабы.

Мысалы:

а) 12 м2 86 см2 + 3 м2 45 см2 = 16 м2 31 см2;

ә) 5 га 48 ар + 35 ар = 5 га 83 ар;

б) 45 га 275 ар – 18 га 130 ар = 27 га 145 ар;

в) 26 кг 350 г – 24 кг 2 г = 2 кг 348 г;

г) 65 т 275 кг – 17 т 120 кг = 48 т 155 кг;

ғ) 31 кг 470 г – 27 кг 129 г = 4 кг 341 г.

Қайтала. Тапсырма параллелепипедтің көлемін табуды қайталауға арналған.

Жауабы:

5 · 7 · 9 = 315;

2 · 2 · 2 = 8;

40 · 8 = 320.

315 саны 320 санынан кем болғандықтан, сыймайды.320 – 8 = 312; 312 : 8 = 39.

Жәшікке 39 текше сыяды.

№3 слайд

№4 слайд

№ 5 слайд

№ 6 слайд

А3 форматты парақтар

№ 7 слайд

№ 8слайд

№ 9 слайд

№13 слайд

Сабақтың соңы

Сабақтың рефлексиясы

Оқушылар дөңгелек бойымен пікірлерін айтады,

мына сөйлемдердің бірін өзінің жауабына қосып айтуға таңдайды.

№14 слайд

№15 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу