Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы: Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

Сен

Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығаруды үйренесің

Өткенді қайталау.

1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?

2. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз?

3. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

4. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?

5. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

6. Жылдамдықтың бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген?

7. Қозғалыс шамаларының бір-біріне тәуелділігін тұжырымдайды;

8.Жақындау жылдамдығы дегеніміз не? Оны қалай табады?

Сыныптың ортасын тауып, сызық сызып және оқушыларды сыныптың

қарама-қарсы жақтарына қозғала отырып, сызғышпен 1 метрді белгілеп және

арақашықтықты бормен жерде белгілеп шығыңыздар.

Екі оқушыны сыныптың ортасында бір-біріне арқаларымен тұрады.

Қоладарыңызға «1 м/с» жазуы бар қағазды алыңыздар. Кейін оларды

белгіленген жерлерде тоқтай отырып, қарама-қарсы бағыттарда қозғалады.

Осы сұрақтарға жауап беріңіздер:

1)1 секундттан кейін оқушылардың арасында қандай арақашықтық болады?

2)Алыстау жылдамдығын қалай білуге болады?

3)2 секундтан кейін оқушылардың арасында қандай арақашықтық болады?

4)3 секундтан кейін ше?

5)Оны есептеулердің көмегімен қалай жасауға болады?

Уақыт бірлігінде нысандардың бірірінен-бірі алыстауын алыстау

жылдамдығы дейді. Бірінен-бірі қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде

алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

V алыстау = V¹ + V²

Белгілі бір уақытта екі нысан бір-бірінен алыстайтын арақашықтық

бастапқы арақашықтық формуласымен табылады: S = (V1 + V2) • t.

Егер нысандар белгілі бір арақашықтыққа алыстайтын нүктелерден қозғалса,

онда S = S нысандар арасында + (V1 + V2) • t.

Тәжірибе

1-тапсырма Әуедегі серуен.

а)1 сағатта ұшақтар арасындағы арақашықтық қалай өзгереді? 2 сағатта ше? 3 сағатта ше?

ә) Тікұшақтар бір-бірінен қандай жылдамдықпен алыстайтынын анықта. 4 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болатынын анықта.

150 км/сағ170 км/сағ

а) Екі инелік бір мезгілде қарама-қарсы бағытта бір жапырақтан ұшты. Бірінші инеліктің жылдамдығы 15 м/с, екіншінікі — 13 м/с. 30 с кейін олардың арасындағы арақашықтық қандай болады?

ә) Ұядан бір мезгілде қарама-қарсы бағыттарда екі сарышымшық ұшты. Бір са-рышымшықтың жылдамдығы 9 м/с, ал екіншінікі 2 м/с-қа кем. Қанша уақыттан кейін олардың арақашықтығы 400 м болады?

б) Тастан бір мезгілде қарама-қарсы бағыттарда екі тасбақа жылжып кетті. Біреуінің жылдамдығы 370 м/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арасы 1440 м болды.

Екінші тасбақаның жылдамдығы қандай?

Бірінші тасбақа өткен арақашықтықты қалай табуға болады?

Екінші тасбақа өткен арақашықтықты қалай табуға болады? Екінші тасбақаның жылдамдығын қалай табуға болады?

Алыстап бара жатқан нысандардың арақашықтығы алыстау жылдамдығы мен нысандардың бір-бірінен алыстаған уақытқа көбейтіндісіне тең:

S = (V1 + V2) ∙ t

Есіңде сақта

Жолаушы автобусы Көкшетаудан Петропавлға шықты. Дәл осы уақытта басқа жолаушы автобусы Астанадан Қарағандыға шықты. Егер бірінші автобустың жылдамдығы 83 км/сағ, ал екіншінікі 75 км/сағ болса, 3 сағаттан кейін автобустар арасындағы арақашықтық қандай болады? Көкшетау мен Астананың арасындағы арақашықтық — 310 км.

Бірінші автобус туралы не белгілі?

Екінші туралы ше?

Есептің шығаруын неден бастаған жөн?

3 сағаттан кейінгі олардың арасындағы арақашықтықты қалай табуға болады?

Нені ескеру керек? (Көкшетау мен Астана арасындағы арақашықтық).

Ойлан.

Араның ұясынан гүлге дейінгі арақашықтық 150 м. Ара оны 30 секундта ұшып өтті. Қайтар жолда араның жылдамдығы 2 м/с-қа кеміді. Ара гүлге дейінгі және қайтар жолды қанша уақытта ұшып өтеді?

Гүлге ұшып бара жатқан кездегі араның жылдамдығын қалай анықтауға болады?

Араның жылдамдығы қайтар жолда қалай өзгерді?

Неліктен деп ойласыңдар?

Араның жолы өзгерді ме?

Қайту жолындағы уақытты анықтауға болады ма?

Ал жұмсалған уақытты ше?

Бір минуттық эссе

Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?

Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу