Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

№ 10 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

Оқу мақсаты:

•кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу.

Бағалау критерийлері

Қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде нысандардың алыстау жылдамдығына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешуді үйренеді.Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын формула арқылы табуды үйренеді.Берілген сызба сурет бойынша мәтінді есеп құрастыруды;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қарама-қарсы козғалыс,алыстау жылдамдығы,жылдамдық,уақыт,арақашықтық, қарсы қозғалыс.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау: Бір-бірінен қарама-қарсы қозғалыс бағытын (алыстау) мағынасын ұғынады, қозғалысқа байланысты есептерді шығаруда сызба, кесте бойынша шығаруға жаттығады. Қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде нысандардың алыстау жылдамдығы қарастырылады: Vалыстау= V1+ V2. Белгілі бір уақытта екі нысан бір-бірінен алыстайтын арақашықтық бастапқы арақашықтық формуласымен табылады: S = (V1 + V2) • t. Егер нысандар белгілі бір арақашықтыққа алыстайтын нүктелерден қозғалса,онда S = S нысандар арасында + (V1 + V2) • t. Қарама-қарсы бағыттардағы қозғалысты бір-біріне кездесу қозғалысының ерекше жағдайы ретінде қарастырады. Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады. Ойлау қабілеті артады.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Кездесу қозғалысына берілген есептер

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Өткенді қайталау.

1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?

2. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

3. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

4. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?

5. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

6. Жылдамдықтың бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген?

7. Қозғалыс шамаларының бір-біріне тәуелділігін тұжырымдайды;

Жақындау жылдамдығы дегеніміз не? Оны қалай табады?

Оқушыларға жұптарда қағаз бетіне осы формуларды жазуды ұсыну және бұл қағаз сабақ бойы парта үстінде, жұмыста көмектесетінін айту.

Жаңа сабақ

Екі оқушы қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты көрсетуге көмек көрсетуді сұрау. Сыныпта келесі тәжірибені құрастыру. Сыныптың ортасын тауып, сызық сызып және оқушыларды сыныптың қарама -қарсы жақтарына қозғала отырып, сызғышпен 1 метрді белгілеуді және арақашықтықты бормен жерде белгілеуді сұрау. Қалауы бойынша екі оқушыны сыныптың ортасында бір-біріне арқаларымен тұрғызып, оларға «1 м/с» жазуы бар қағаз беріңіз, кейін оларды белгіленген жерлерде тоқтай отырып, қарама-қарсы бағыттарда қозғалуды сұрау. Қалған оқушыларға мынадай сұрақтар қою:

1)1 секундттан кейін оқушылардың арасында қандай арақашықтық болады?

2)Алыстау жылдамдығын қалай білуге болады?

3)2 секундтан кейін оқушылардың арасында қандай арақашықтық болады?

4)3 секундтан кейін ше?

5)Оны есептеулердің көмегімен қалай жасауға болады?

Уақыт бірлігінде нысандардың бірірінен-бірі алыстауын алыстау жылдамдығы дейді. Бірінен-бірі қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

V алыстау = V¹ + V²

Белгілі бір уақытта екі нысан бір-бірінен алыстайтын арақашықтық бастапқы арақашықтық формуласымен табылады: S = (V1 + V2) • t. Егер нысандар белгілі бір арақашықтыққа алыстайтын нүктелерден қозғалса, онда S = S нысандар арасында + (V1 + V2) • t. Қарама-қарсы бағыттардағы қозғалысты бір-біріне кездесу қозғалысының ерекше жағдайы ретінде қарастыру жөн.

Оқушыларға бүгін қозғалысқа берілген есептерді шығаруды жалғастыратындарын айту.

1-тапсырма Әуедегі серуен. (Ж)

а)1 сағатта ұшақтар арасындағы арақашықтық қалай өзгереді? 2 сағатта ше? 3 сағатта ше?

Оқушылар сызба бойынша арақашықтық пен алыстау жылдамдығын анықтайды.

Жауабы:

1) 165 + 180 = 345 (км/сағ) – алыстау жылдамдығы;

2)345 • 2 = 690 (км);

3)345 • 3= 1035 (км).

ә) Тікұшақтар бір-бірінен қандай жылдамдықпен алыстайтынын анықта. 4 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болатынын анықта. Оқушылар арақашықтық пен алыстау жылдамдығын формуласын қолдана отырып, анықтайды.

Жауабы :

1) 150 + 170 = 320 (км/сағ);

2)320 • 4 = 1280 (км).

«Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады. 2-тапсырма Қарсы бағыттардағы қозғалыс. (Ж) Алдын ала оқушыларға жылдамдық, уақыт пен арақашықтықты табу формулаларын еске түсіруін сұрау.

а) Екі инелік бір мезгілде қарама-қарсы бағытта бір жапырақтан ұшты. Бірінші инеліктің жылдамдығы 15 м/с, екіншінікі — 13 м/с. 30 с кейін олардың арасындағы арақашықтық қандай болады?

Оқушыларды сұраққа жауап беру үшін не білу керектігін сұрау (алыстау жылдамдығы). Оқушылар шығарылуын қағаз бетіне жазады. Кейін жұптар арасында өзара тексеруді ұйымдастыру.

Жауабы :

(15 + 13) • 30 = 840 (с).

ә) Ұядан бір мезгілде қарама-қарсы бағыттарда екі сарышымшық ұшты. Бір са-рышымшықтың жылдамдығы 9 м/с, ал екіншінікі 2 м/с-қа кем. Қанша уақыттан кейін олардың арақашықтығы 400 м болады?

1) 9 – 2 = 7 (м/с);

2)9 + 7 = 16 (м/с);

3)400 : 16 = 25 (с).

б) Тастан бір мезгілде қарама-қарсы бағыттарда екі тасбақа жылжып кетті. Біреуінің жылдамдығы 370 м/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арасы 1440 м болды. Екінші тасбақа-ның жылдамдығы қандай? Есептің шартын бірігіп талдау. Оқушыларға сұрақтар қою: Бірінші тасбақа өткен арақашықтықты қалай табуға болады? Екінші тасбақа өткен арақашықтықты қалай табуға болады? Екінші тасбақаның жылдамдығын қалай табуға болады? Есептерді шығаруға жұптарға уақыт беру. Кейін шығарылуын бірігіп тексеру.

Жауабы:

1) 370 • 2 = 740 (м);

2)1440 – 740 = 700 (м);

3)700 : 2 = 350 (м/сағ).

Бағалау «Қолмен белгі беру» әдісі. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау.

Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.

Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны қадағалау.

  • Есте сақта Алыстап бара жатқан нысандардың арақашықтығы алыстау жылдамдығы мен нысандардың бір-бірінен алыстаған уақытқа көбейтіндісіне тең: S = (V1 + V2) ∙ t

Шығарып көр. Берілген тапсырманың ерекшелігі нысандардың бір нүктеден емес, бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасқан әртүрлі нүктелерден қарама-қарсы бағыттарда қозғалуында. Оқушыларға картадағы бөлікті қарастырып, қандай қозғалыс туралы әңгіме жүріп жатқандығын анықтауды ұсыну.

Жолаушы автобусы Көкшетаудан Петропавлға шықты. Дәл осы уақытта басқа жолаушы автобусы Астанадан Қарағандыға шықты. Егер бірінші автобустың жылдамдығы 83 км/сағ, ал екіншінікі 75 км/сағ болса, 3 сағаттан кейін

автобустар арасындағы арақашықтық қандай болады? Көкшетау мен Астананың арасындағы арақашықтық — 310 км. Бірінші автобус туралы не белгілі? Екінші туралы ше? Есептің шығаруын неден бастаған жөн? 3 сағаттан кейінгі олардың арасындағы арақашықтықты қалай табуға болады? Нені ескеру керек? (Көкшетау мен Астана арасындағы арақашықтық). Оқушыларға есепті кезеңмен түсіндіре отырып шығаруды ұсыну. Бір оқушы бірінші амалда нені анықтайтынын түсіндіреді, ал қалғандары амалды жазып, есептеулерді орындайды.

Жауабы:

1) 83 + 75 = 158 (км/сағ) – алыстау жылдамдығы;

2)158 • 3 = 474 (км) – автобустар жүріп өткен арақашықтық;

3)474 + 310 = 784 (км) – 3 сағаттан кейінгі автобустар арасындағы арақашықтық.

Оқушыларды бір нысан кері қозғалысымен жүретін, бірақ әртүрлі жылдамдықпен, және сәйкесінше, бір арақашықтыққа әртүрлі уақыт жұмсайтын қозғалысымен таныстыру.

Тәжірибе жүргіз. Саған секундомер қажет болады. Тапсырманы екі бөлікте орындауды сұрау; мектепке кірерде және шығарда.

1.Мектептің қақпасынан есігіне дейінгі арақашықтықты анықта.

2.Секундомерді қос және қақпадан есікке дейін сөмкеңмен жүріп өт. Секундомердің көрсеткішін жаз.

3.Секундомерді қайта қосып есіктен қақпаға дейін сөмкесіз жүріп өт. Секундомердің көрсеткішін жаз.

4.Сен не байқадың?

5.Қандай қорытынды жасауға болады?

Ойлан.

Араның ұясынан гүлге дейінгі арақашықтық 150 м. Ара оны 30 секундта ұшып өтті. Қайтар жолда араның жылдамдығы

2 м/с-қа кеміді. Ара гүлге дейінгі және қайтар жолды қанша уақытта ұшып өтеді?

Оқушыларды гүлге ұшып бара жатқан кездегі араның жылдамдығын анықтауға болатынын сұрау. Қалай? Араның жылдамдығы қайтар жолда қалай өзгерді? Неліктен деп ойласыңдар? Араның жолы өзгерді ме? Қайту жолындағы уақытты анықтауға болады ма? Ал жұмсалған уақытты ше? Оқушыларға топтарда есепті шығаруға уақыт беру. Алынған жауаптарды бірігіп талдау.

Жауабы:

1)150 : 30 = 5 (м/с);

2)5 – 2 = 3 (м/с);

3)150 : 3 = 50 (с);

4)30 + 50 = 80 (с).

Температураны өлшеу Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолдану. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады. «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алу.

Жұмыс дәптерінде орындалатын тапсырмаларға қатысты ұсыныстар

1.Алыстау жылдамдығын анықтау. Тапсырма алыстау жылдамдығын анықтау дағдысын бекітуге бағытталған.

Жауабы:

а)143 + 165 = 308 (км/сағ)

ә) 346 + (346 + 39) = 731 (км/сағ).

2.Кестені толтыр. (Ө) Тапсырманың орындалуы формулалармен жұмыстың дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Орындағаннан кейін жұптардағы өзара тексеруді жүргізіңіз.

Жауабы:

V1

V2

T

Vалыстау

S = Vалыстау. · t

154

км/сағ

130

км/сағ

5 сағ

284

км/сағ

1420

км

262

м/с

238

м/с

12

с

500

м/с

6000

м

820

км/сағ

870

км/сағ

5 сағ

1690 км/сағ

8450

км

23 м/мин

18 м/мин

20

мин

41 м/мин

820 с

3.Есептерді шығар. (Ө) а) Тапсырма шартында әртүрлі нүктерлерден шығатын нысандардың қозғалысы қарастырылатын есептерді шығару дағдысын бекітеді. Оқушылардан есепте не туралы айтылу мүмкіндігін сұрау. Нысандар қалай қозғалды? Олар қайдан келді? Нүктелер арасындағы арақашықтық қандай — қозғалыстың басы.Жұмыс барысында қажетті көмек көрсету. Жауабы:

1) 105 + 120 = 225 (км/сағ);

2)225 • 5 = 1125 (км); 3)1125 + 79 = 1204 (км).

ә) Тапсырма оқушыларға шартында кері қозғалыс туралы айтылатын есептерді шығару дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Сызбаны сызу барысында оқушыларға оқулықтағы мысалды қолдануды ұсыну. Оқушылардың бір бөлігі тапсырманы өздері орындайды. Қалғандарына көмек көрсету.

1) 6 • 30 = 180 (км);

2)180 : 9 = 20 (км/сағ);

3)180 • 2 = 360 (км).

Қосымша тапсырмалар

Қаладан ауылға дейін атты жолаушы 10 сағатта 100 км арақашықтықты жүріп өтті. Қайтар жолда оның жыл-дамдығы 10 км/сағ-қа артты. Атты жолаушы қайтар жолды қанша сағат жүрді?

Жауабы:

1)100 : 10 = 10 (км/сағ);

2)10 + 10 = 20 (км/сағ);

3)100 : 20 = 5 (сағ).

Сызба

Слайд

Кері байланыс

Бір минуттық эссе Бір минуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі. Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.

Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?

Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу