Бірнеше айнымалысы бар өрнектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: 4 A Теңдеу, теңсіздік, өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cмагулова М.Е.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бірнеше айнымалысы бар өрнектер

Оқу мақсаты:

4.2.1.3 айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану;

Бағалау критерийлері

Санды және әріпті өрнектері түрлендіреді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өрнек, түрлендіру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:Әріпті өрнектің мәнін табуда айнымалылардың өзгеруіне байланысты талқылау

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды өрнектерді түрлендіру

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма

Психологиялық дайындық

Оқып білім аламыз, Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз.

Айнымалы — кез келген мәнді қабылдай алатын шаманы көрсету үшін қолда- нылады. Айнымалы бірнеше өрнекті бір өрнек арқылы жазуға мүмкіндік береді.

(Т) Зымыран жылдамдығы. Оқушылар топқа бірігіп, әр топ зымырандағы есептерді шығарады. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, есептің әр жолын қайта шығара бермеу үшін әріпті өрнек құруға болатынын айтады. Әр топтың жауабын тақтаға ілген соң, «айнымалылардың» орнына әріп жазады. Әріпті өрнекті оқиды, бір айнымалылы өрнекті екі айнымалысы бар өрнекке айналдырады.

Жауабы:

а) 420 + (420 + 20) = 860 (км);

ә) 420 + (420 + 30) = 870 (км);

б) 420 + (420 + 40) = 880 (км).

Әріпті өрнек: 420 + (420 + а) = 860, мұндағы а = 20, 30, 40.

Бағалау: Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындағандарға «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындағандарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау.

(Т) Кім жылдам? Тапсырманы орындай отырып, амалдардың арасындағы байланысы туралы өз білімдерін естеріне түсіреді. Оқушылар орындап болған соң жауаптарын таныстырады. Айнымалының мәні бөлу амалы дұрыс орындалатын мәндерді ғана қабылдайтынын айтады. Олар айнымалылардың өзгеруіне байланысты өрнек- тің мәні де өзгеретіні жайлы қорытынды жасайды.

Жауабы:

а) 612 : а;

ә) 1)  а = 2; 3; 4; 6; 12; 51; 102; 153; 204; 306; 2)  Бөлгіштің мәні артқанда айырманың мәні кемиді.

3)  а = 2; 4)  а = 306.

Бағалау. Ынталандыру арқылы бағалау. *Жарайсың! *Мен сабақтағы жұмысына ризамын. *Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз

(Ж) Айнымалылар. Оқушылар жұптасып берілген өрнектердегі айнымалылардың қабылдайтын мәндерін анықтайды. Өрнектегі амалдарды орындау мүмкін болған жағдайда ғана өрнектің мағынасы болатынын еске түсіреді. Тапсырманың нәтижесін келесі жұп сыңа- рымен ауысу арқылы таныстырылады.

Жауабы:

а) 120 : b = 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 20, 30, 40, 60; m = кез келген сан болуы мүмкін;

ә) c = көбейткіштен артық болу керек; a = кез келген сан болуы мүмкін;

б) n = кез келген сан болуы мүмкін; d = қосылғыштан кем болуы керек;

в) z пен a = кез келген сан болуы мүмкін.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді.

(Ж) Шығарып көр. Жұптық жұмыс жалғасады. Оқушы- лар екі айнымалысы бар есептерді оқып, шешімін екі айнымалысы бар өрнек құру арқылы шешеді. Айныма- лылардың орнына мүмкін болатын мәндерін ойлап та- бады. Әр жұп өз жауаптарын тақтаға іліп, салыстырады. Айнымалылардың қабылдайтын мәндерін дәлелдейді.

Жауабы:

а) х : 24 + а; ә) (a + 2) : c; б) t · 9 – b.

Ойлан. Тапсырманы шағын топта талқылайды. Оқушылар әр топқа берілген теңдіктегі компонент- тердің өзара байланысын анықтайды. Теңдіктегі c айнымалысы қандай мәндерді қабылдай алатынына тоқталады. Тапсырманың нәтижесін әр топ өкілі шығып таныстырады.

Жауабы:

a) және ә) — бөлу амалы дұрыс орындалатындай мәндерді ғана қабылдайды;

б) b > c;в) c > k;г) және ғ) кез келген сан.

Бағалау. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

4. Дұрысын тап. Есепті жұпта оқи отырып, шешімін екі айнымалысы бар өрнек құру арқылы шешілетінін айтады. Берілген әріпті өрнектерден шешімі болатын өрнекті табады. Дұрыс орындаған жұп айнымалылар- дың орнына мәндерін беріп, есепті шығарады. Дәптер- лерін ауыстыра отырып, бір-бірінің жұмысын тексереді.

Жауабы:

б) 200 · a + 55 · x.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Дұрыс жауапқа үш шапалақ.

Қосымша тапсырмалар

Салыстыр. Оқушылар компоненттер арасын- дағы өзара байланыстар туралы өз білімдерін еске түсіруден бастайды. Олар әріптердің сандық мәндері қандай болса да, кез келген уақытта олардың арасын- дағы байланыстар бойынша салыстыруға болатыны жайлы қорытынды жасайды.

Жауабы:

а) 320 · c + b > 310 · c + b; б) 420 · c + b > 410 · c + b; ә)320–c+b>310–c+b; в)420:c–b>410:c–b.

Өшіргіштің тапсырмасы

Оқушылар өрнектердегі берілген амалдарды тәртібімен орындайды, бірдей мәндерін сәйкестен- діреді.

а)4815:15+679=1000; 1)152·30–3640=920;

ә)250·13–250=3000; 2)15•321–1815= 3000; б)5418:301+902=920. 3)6273:123+949=1000.

Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызшалар табыстау

Есептер жазылған зымыран суреттері

3 слайд

4 слайд

5 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

6 слайд

7 слайд

8 слайд

9 слайд

10 слайд

11 слайд

12 слайд

13 слайд

14 слайд

15 слайд

16 слайд

Кері байланыс

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»әдісі

Оқушылар мына сұрақтарға жауап беріп, баспалдаққа жазып орналастырады

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не қызық болды?

17 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу