Бір айнымалысы бар өрнектер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A бөлім – Кестелік көбейту және бөлу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 3 А

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар өрнектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

33.2.2.2 ** х· (25:5)=60; (24·3):х=6; х: (17·2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

Сабақ мақсаттары

бір айнымалысы / екі айнымалысы бар өрнектерді ажыратуды, құрастыруды, жазуды және оқуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

х· (25:5)=60; (24·3):х=6; х: (17·2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

 Сөздік қор

Айнымалы

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Бір айнымалысы бар өрнектерді есептеудің маңыздылығын біледі

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі , дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды. Құмырсқаның еңбекқорлығы туралы айтылады

ИКТ

АКТ – мен байланыс, презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз Біз

- ОМ таныстыру

Бір айнымалысы бар өрнектер құрастыруды үйренесің.

(Т)

1. Гүлзардан x қызыл раушан гүлін және одан 2 есе кем ақ раушан гүлін қиып алды. Барлығы неше гүл қиып алды? (Қосымша сұрақ: Қиып алған қызыл гүлдер ақ гүлдерден неше есе артық?)

2. Мінбеде a ұлдар мен 15 қыз отырды. Ұлдардың саны қыздардан неше есе артық?

Қосымша сұрақтар:

Ұлдардың саны қыздардың санынан нешеге артық?

(Берілген сұраққа жауап беру үшін, a-ның мәні қай саннан артық болу керек деген сұрақты қою керек. a >15)

Мінбеде қанша бала отырды?

3. Әрқайсысына b килограмнан ұн салған бірдей 5 қалта бар. Наубайшы 6 кг ұннан нан пісірді. Қанша кг ұн қалды?

4. Бірдей 3 қапта d ц бидай бар. Осындай 10 қапта қанша центнер бидай бар?

Оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелі парақтар,

көбейту кестесі плакаты

Сабақ ортасы

30 минут

Айнымалы – кез келген мәнді қабылдай алатын шаманы көрсету үшін қолданатын символ. Мысалы, х + 1000 өрнегінде х шамасының мәні ретінде кез келген нақты санды алуға болады. Айнымалы бірнеше

өрнекті бір өрнек арқылы жазуға мүмкіндік береді.

(Т) Сұрақ – жауап

Оқушылар жауаптарын ламинатталған параққа жазады. Оларға алғашқы үш сұрақ бойынша жауаптарының басы берілгенін, енді оларды жалғастыру керек екенін айту.. Ал төртінші сұраққа жауапты толығымен құрастыру керек болады, онда қорытынды жасап, тізбекті жалғастыру қажет. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр топ өз жауабын тақтаға іледі, жауаптарын салыстырып тексереді, бағалайды.

Жауабы:

0-ден 40-қа дейін;

40-тан 0-ге дейін; азайтқыштың өсуіне байланысты айырманың мәні кемиді 0; 40.

Өрнектер.

Өрнектерді оқы және мәнін тап.

а) a ∙ 7 + 135, мұндағы a = 6, 8, 9.

ә) 842 – с : 7, мұндағы c = 42, 56, 63.

Жауабы:

а) 177, 191, 198; ә) 836, 834, 833.

Шығарып көр.

а) Мерекелік шамдар тізбесінде 30 шам бар.

Олардың ішінде y — қызыл шам, қалғандары –жасыл. Қызыл шамдар жасыл шамдардан неше есе артық?

ә) Жылқы 3 шелек су ішті. Бұл түйенің ішкенінен х есе кем. Түйе жылқының ішкенінен неше шелек артық

су ішкен? Айнымалылардың орнына кез келген санды қойып,есептерді шығарып көр.

Жауабы :

А. y : (30 – y) (шам);

Ә. x ∙ 3 – 3 (шелек).

(Ө) Салыстыр.

a ≠ 0; d ≠ 0 екенін ескеріп, салыстыр.

9 ∙ x * x ∙ 9

y : 8 * y : 7

50 : a * 25 : a

b ∙ 1 * b : 1

72 – d * 72 : d

(c + 2) ∙ 4 * c + 2 ∙ 4

Оқушылар бір айнымалысы бар өрнектерді салыстырады. Өрнектерде белгісіз айнымалыға бөлу берілгендіктен а және d айнымалылары үшін, a ≠ 0; d ≠ 0 шарттары қоса көрсетілген. Тапсырманы өз бетінше орындауға беру, оқушыларға жауабын жұп болып талқылауды ұсыну. Қателескен оқушыларға өз қателерін жөндеуге уақыт беру.

Жауабы:

9 ∙ x = x ∙ 9;

y : 8 < y : 7;

50 : a > 25 : a;

b ∙ 1 = b : 1;

72 – d > 72 : d;

(c + 2) ∙ 4 > c + 2 ∙ 4.

(Ж) Теңдеулерді шеш.

а) 9 ∙ x = 63

ә) y ∙ 9 = 45

б) 36 : a = 9

в) b : 9 = 6

Оқушыларға теңдеулерді шешуді ұсыныңыз. Түбірін табу үшін 9-ға көбейту кестесінің кейбір жағдайларын қолданады және

бекітеді.

Жауабы:

а) x = 7; ә) y = 5; б) a = 4; в) b = 54.

(Т) Орындап көр.

Бір айнымалысы бар өрнекті таңда және теңдеу құрастыр. Теңдеуді шеш.

a + 45 : b

x : 9

y ∙ 8

c + d : 2

(781 – 419) + a ∙ 6

c – (921 – 358)

Мысалы, (781 – 419) + a ∙ 6 өрнегін «= 900» арқылы толықтырып, (781 – 419) + a ∙ 6 = 900 теңдеуін құруға болады. Тапсырмада бір айнымалысы бар 4 өрнек бар, сондықтан әр топтың оқушылары 4 теңдеу құруы керек. Шағын топтар әртүрлі теңдеулер құрады. Олармен танысып, тексеру үшін бір топтың мүшелері басқа топтағы оқушылармен өзара дәптерлерімен алмасады.

сандар, арифметикалық амалдар жазылған

кеспеқағаздар;

• сызғыш;

• А4 форматты парақтар;

• белгі беретін кеспеқағаздар;

• ламинатталған парақтар, маркерлер.

Сабақтың соңы

5 минут

(ҚБ)

Маржан 7 кәмпит сатып алып, a кәмпитті інісіне берді. Маржанның өзінде неше кәмпит қалды? a айнымалысы қандай мәндерді қабылдауы мүмкін? Жаз.

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті төмен оқушыларға «жеке қолдау көрсету

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сұрақ – жауап - мадақтау, қолдау көрсету арқылы бағалау; Өрнектер- (жұлдызша арқылы бағалау)

Салыстыр - ( бас бармақ арқылы бағалау)

Шығарып көр- топтық жұмысы (Өзара бағалау)

Орындап көр, теңдеуді шеш (Бақылау арқылы бағалау)

(ҚБ) - жазба түрде бағаланады

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу