Заңдылықтар. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: Заңдылықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.4.3.1.** 1 000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра біледі. Ортақ жұмысқа жұмылады. Өз ойын дәлелдеуге талпынады.

Бірқатар оқушылар үшін:

Сандар тобының ретін құрады, құрылу заңдылықтарын анықтай біледі. Басқалармен қарым-қатынас құрып, әрекеттеседі

Кейбір оқушылар үшін

Өз әрекетіне талдау жасайды, баға береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Сандарды оқу мен жазу, салыстыру
  • Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу

Пәндік лексика және терминология:

  • салыстыру, разрядтар
  • алгоритм

формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Санды сомаға қалай көбейтеміз? Өрнекке ше? Санды өрнекке қалай бөлеміз?
  •  Шынайы өмірде санды сомаға бөлу білімі қандай жағдайда керек болады? Санды өрнекке көбейту мен бөлу ше?

Жазу:

 Сандарды жазыңыз.

 Есептеулер нәтижелерін ұлғаю/азаю бойынша орналастырыңыз.

 Есептеу тәсілдерін жазып алыңыз.

Флипчартқа өздеріңнің есептеу тәсілдерін жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, сандар тізбегі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

Ынталандыру.

Ұ: «Миға шабуыл» әдісі бойынша топтарға сұрақ қою

-Бізді қоршаған ортада қандай құбылыстар белгілі бір тәртіппен қайталанады?

Жауаптар: (жыл мезгілдері, айлар, апта күндері, тәулік уақыты)

-Математикалық заңдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Математикалық заңдылық дегеніміз сандардың, фигуралардың немесе басқа да бір таңбалар қатарында оның элементтерінің қандай да бір тәртіппен қайталануы.

Практикалық жұмыс: Дәлелдеу үшін әрбір оқушы А4 парағын 4 бөлікке бөліп, әр бөлікке 10000-нан 999 999-ға дейінгі кездейсоқ сандарды жазуына болады. Мысалы,

1 034 553 61 206 9999 899 10 001 Бұл сандарды өсу, кему ретімен атаңдар.

Бүгінгі сабағымызда миллионға дейінгі сандар тізбегінің ретін құруды, жазуды, құрылу заңдылықтарын анықтауды, заңдылықтың бұзылуын табуды үйренетініміз туралы хабарланады.

Ауызша есепшот( ары қарай жалғастыр)

1 000, 2 000, 3 000, 4 000, ...

10 000, 20 000, 30 000, 40 000, ...

100 000, 200 000, 300 000, 400 000, ...

Ж: 1-тапсырма: Жаңылмай сана: -Санау тәсіліне байланысты сандарда қай разряд өзгереді?

А) 2 789-дан 2 793-ке дейін бірлікпен санау;

Ә) 38 600-ден 45 600-ге дейін мыңдықпен санау;

Б) 231 07 –тен 191 070-ке дейін он мыңдықпен санау.

Сандар тізбегіндегі әрбәр келесі сан өзінің алдындағы санмен байланысты болады. Тізбекті жалғастыру үшін оның құрылу заңдылығын анықтау керек.

Жаңаны қолдану

Т: «Дананың кілттері» тәсілі (іс-әрекет кілттер кешені) арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, шығармашылық қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылады.

Шағын топтарға бөлінген оқушылардың әр тобына бір кілттен орталарына қойылады. (Кілт қатты қағаздан жасалып, әр кілттің атауы жазылады)

1-топқа «Егер де» кілті. «Егер де» деген сұрақ қойып, тапсырмалар орындайды, сұраққа жауап табады, дәлелдейді.

2-тапсырма. Әр сандар тізбегі қандай заңдылықтар бойынша құрылғанын анықтайды.

Екі сандар қатарын құр және жаз.

Біріншісі 1-ден басталады да, келесі сан одан 10 есе артық болуы тиіс.

Біріншісі 1 000 000-нан басталады да, келесісі одан 10 есе кем болуы тиіс.

Бірінші сандар қатары:

Егер де 1 санын 10 есе арттырсақ, 10 саны шығады, 10 санын 10 есе арттырсақ, 100 саны шығады.

Екінші сандар қатары:

Егер де 1 000 000 санын 10 есе кемітсек, 100 000 саны шығады, 100 000 санын 10 есе кемітсек, 10 000 саны шығады.

1,10, 100, 1 000, 10 000, 100 000...;

1 000 000, 100 000, 10 000, 1 000, 100, 10, 1;

Бағалау «Смайликтер» арқылы көрсетеді.

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

2-топқа «Шығармашылық» кілті. Шығармашылықпен жұмыс жасайды, өз ойын ұсынады.

3-тапсырма. Сандардың әр тізбегі қандай ереже бойынша құрылған, тауып көр. Сол ереже бойынша әр қатарға бірнеше сан жазып көр:

6 002, 6 004, 6 008, 6 016, 6 032, 6 064, 6 128...;

5 002, 5 004, 5 006, 5 008, 5 010, 5 012, 5 014...;

Осы ереже бойынша қай қатарға сандарды жалғастырып жаза алатынын дәлелдейді. Әр қатарға жалғастырып жазуға болатын санды тауып, ол сандарды жеке-жеке бағандарға жазады.

Бірінші қатарда бірінші разряд бірлігін 2 есе арттыру.

Екінші қатарда бірінші разрядтың бірлігін 2-ге арттыру.

Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

3-топқа «Заңдылықтар» кілті. Шығармашылық тапсырма.

4-тапсырма. Бүгінгі сабаққа қатысты сандар қатарының құрылу заңдылықтарын анықтайды.

4 512, 4 256, 4 128, 4 064, 4 032, 4 016...;

3 020, 3 018, 3 016, 3 014, 3 012, 3 010, 3 008, 3 006...;

Үшінші қатарда бірінші класс бірліктерін 2 есе кеміту.

Төртінші қатарда әр санды 2-ге кеміту.

Осы ереже бойынша қай қатарға сандарды жалғастырып жаза алатынын дәлелдейді. Әр қатарға жалғастырып жазуға болатын санды тауып, ол сандарды жеке-жеке бағандарға жазады.

4-топқа «Кемшіліктер» кілті. Тапсырмадағы қатені табады, түзету енгізеді.

5-тапсырма. Заңдылық бұзылған сандар тізбегін анықта және қатені түзетіп, оларды дәптеріңе көшіріп жаз:

10 289, 11 289, 12 289, 13 289, 14 289, 15 289, ... ;

60 897, 60 887, 60 877, 60 897, 60 867, 60 857,... ;

504 003, 514 003, 524 003, 532 003, 534 003, 544 003,... ;

"Елшілік" әдісі арқылы бағалау

Тапсырмаларды орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды.

Барлық топқа ортақ тапсырма «Әліпби» кілті. Берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді әліпби ретімен жазады.

Мысалы: А – артық, ә – әдіс, б – баған, в – ..., г –...;

Әр топ жұмыстарын жариялайды. Ауызша тапсырмаларға ауызша жауап береді, жазбаша орындалатын тапсырмалар тақтада орындалады. Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

Сергіту "Қошемет"

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бастаушы кімдерге қошемет жасау керек екенін кезекпен айтып тұрады.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с.

6-тапсырма «Ұшу жолағы» Зымыранға дейін сандар жолағымен жүріп өтіңдер. Ол үшін сандар қатарындағы заңдылықты анықтап, тиісті сандарды жазығдар.

-Не байқадың? Сандар қандай тәртіппен орналасқан? Өсу ретімен бе, әлде кему ретімен бе? Сандар нешеге өседі немесе кемиді? Әркім өзінің ұшу жолағын таңдауға болады. Соңында оқушылар жолақтары бойынша бірігіп, өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды.

Қорытынды: тізбекті жалғастыру үшін оның құрылу заңдылығын білу керек.

Жауабы: Көк жолақ: 1 000 001, 1 000 000, 999 999, 999 998, 999 997, 999 996; заңдылық: әрбір келесі сан 1-ге кем. Қызыл жолақ: 999 998, 899 998, 799 998, 699 998, 599 998, 499 998; заңдылық: әрбір келесі сан 100 000-ға кем. Жасыл жолақ: 460 550, 480 550, 500 550, 520 550, 540 550, 560 550; заңдылық: әрбір келесі сан 20000 мыңға артық.

(Т) «Ұшу алаңы».

Шағын топта шаршының алғашқы екі қатарындағы дөңгелектегі сандардың қандай тәртіп бойынша белгіленгенін анықтаңдар. Осы заңдылық бойынша

белгіленгенін анықтаңдар. Осы заңдылық бойынша

тізбектегі сандарды жалғастыр.

Бағалау: Соңында оқушылар анықтаған сандар тізбегін оқып таныстырады. Жауабы: 21, 24, 25, 27, 28, 30; 32, 35, 36, 40; 42, 45, 48, 49, 50; 54, 56, 60; 63,64, 70; 72, 80; 81, 90.

7- тапсырма Жұлдыздар шеруі.

-Сандармен амалдар орындау кезінде заңдылықты анықтаңдар. Тапсырманы шағын топта талқылағаннан кейін, топтың өкілі жауабын таныстырады.

Жауабы: Сары жұлдыздар – қосу амалы: екінші қатарда 200 және 300, төменде 400.

Бағалау "Отшашу"арқылы

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ж) 8-тапсырма. Орындап көр. Миллионға дейінгі кез келген натурал санды ата. Осы саннан кейін қандай сан келеді? Алдыңғы сан қандай? Заңдылықты анықта.

Осы санды 100-ге, 1000-ға, 10000-ға, 100 000-ға арттыр (кеміт).

Миллионға дейінгі көптаңбалы санды ойлап, одан кейінгі және оның алдындағы сандарды атау арқылы оқушылар натурал сандар қатарын қайталайды.

Бағалау: Жұптағы оқушылар тапсырманы орындап болған соң заңдылық бұзылған тізбекті анықтап, басқа жұппен бірігіп талқылау.

Жауабы: Мысалы: «Мен 239 874 санын ойладым». Алдындағы сан 239 873, келесі сан 239 875. Санды 100-ге арттырғанда 239 974, ал кеміткенде 239 874 саны шығады. Ойлаған санды 1000-ға арттырғанда 240 874, ал кеміткенде …, т. с. с.

(Ұ) 9-тапсырма «Шығарып көр»

Белка және Стрелка атты екі ит 1960 жылғы 11 сағат 44 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты. Сол уақыттан осы сәтке дейін қанша уақыт өткенін есепте. Мысалы: « Егер бүгін 2019 жылдың 11 қарашасы 13 сағат 41 минут болса, онда 59 жыл, 2 ай , 23 күн, 1 сағат 57 минут өтті»

Есепті жұптасып, бірге шығарту. Бағалау үшін жасыл және қызыл түсті белгілерді қолданады.

Жауабы: 58 жыл 3 ай 44 минут өткен.

10-тапсырма Есептемей, жауабын айт.

Еске түсір!: бөлгіш үлкен болған сайын, бөліндінің мәні кіші болады, көбейткіштің мәні үлкейген сайын, көбейтіндінің мәні үлкейе береді. Осының негізінде оқушылар есептемей-ақ бөлінділер мен көбейтінділерді кему ретімен қоя алады. Әр қатардағы заңдылық бұзылған өрнекті анықтаңдар

. Жауабы: а) 600: 3; 660: 6; 600: 30; 600: 300; ә) 900 · 2; 600 · 2; 220 · 5; 300 · 2.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушылар жауаптарды мұқият тыңдап отырып, дұрыс жауапқа үш шапалақ соғады.

3- слайд

Таратпа парақтар

4-слайд

А 4 парақтар

5-слайд

6-слайд

Қима кілттер кешені

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

12-слайд

13-слайд

14-слайд

15-слайд

Ламинатталған парақтар

16-слайд

17-слайд

18-слайд

19-слайд

38–40

Рефлексия

Әрбір сан алдыңғы саннан 200 000-ға артық заңдылығымен анықталған тізбекті тап:

а) 230 900, 231 000, 231 100, 231 200, 231 300, 231 400, 231 500;

ә) 230 900, 231 900, 232 900; 233 900; 234 900; 235 900;

б) 230 900, 430 900, 630 900, 830 900

-Қандай қиындық болды? Қалай жеңдің?

«Сабақта үйренгенін бағалау» тәсілі

Ұнады

Неліктен?

Қиын болды

Неліктен?

Кері байланыс: «Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.

20-слайд

21-слайд

кесте



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу