Заңдылықтар. Математика, 4 сынып, презентация.


МАТЕМАТИКА

4- сынып

Бөлім:

Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану

6-сабақ

Тақырыбы: Заңдылықтар

Сен: 1 000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтай аласың

«Миға шабуыл»

Бізді қоршаған ортада қандай құбылыстар белгілі бір тәртіппен қайталанады?

Математикалық заңдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Математикалық заңдылық дегеніміз сандардың, фигуралардың немесе басқа да бір таңбалар қатарында оның элементтерінің қандай да бір тәртіппен қайталануы.

Ауызша есепшот( ары қарай жалғастыр)

1 000, 2 000, 3 000, 4 000, ...

10 000, 20 000, 30 000, 40 000, ...

100 000, 200 000, 300 000, 400 000, ...

Жаңылмай сана!

-Санау тәсіліне байланысты сандарда қай разряд өзгереді?

А) 2 789-дан 2 793-ке дейін бірлікпен санау;

Ә) 38 600-ден 45 600-ге дейін мыңдықпен санау;

Б) 231 07 –тен 191 070-ке дейін он мыңдықпен санау.

«Дананың кілттері» тәсілі

1-топқа «Егер де» кілті.

2-топқа «Шығармашылық» кілті

3-топқа «Заңдылықтар» кілті

4-топқа «Кемшіліктер» кілті

1-топқа «Егер де» кілті.

Тапсырма. Әр сандар тізбегі қандай заңдылықтар бойынша құрылғанын анықта.

Екі сандар қатарын құр және жаз.

!!! Біріншісі 1-ден басталады да, келесі сан одан 10 есе артық болуы тиіс.

Біріншісі 1 000 000-нан басталады да, келесісі одан 10 есе кем болуы тиіс.

1-топқа «Егер де» кілті. Жауап

Бірінші сандар қатары:

Егер де 1 санын 10 есе арттырсақ, 10 саны шығады, 10 санын 10 есе арттырсақ, 100 саны шығады.

Екінші сандар қатары:

Егер де 1 000 000 санын 10 есе кемітсек, 100 000 саны шығады, 100 000 санын 10 есе кемітсек, 10 000 саны шығады.

1,10, 100, 1 000, 10 000, 100 000...;

1 000 000, 100 000, 10 000, 1 000, 100, 10, 1;

Бағалау «Смайликтер» арқылы көрсетеді.

2-топ «Шығармашылық» кілті

3-тапсырма. Сандардың әр тізбегі қандай ереже бойынша құрылған, тауып көр. Сол ереже бойынша әр қатарға бірнеше сан жазып көр:

6 002, 6 004, 6 008, 6 016, 6 032, 6 064, 6 128...;

5 002, 5 004, 5 006, 5 008, 5 010, 5 012, 5 014...;

Осы ереже бойынша қай қатарға сандарды жалғастырып жаза аласың, дәлелде. Әр қатарға жалғастырып жазуға болатын санды тауып, ол сандарды жеке-жеке бағандарға жаз.

Бірінші қатарда бірінші разряд бірлігін 2 есе арттыру.

Екінші қатарда бірінші разрядтың бірлігін 2-ге арттыру.

2-топ «Шығармашылық» кілті

Жауабы

Бірінші қатарда бірінші разряд бірлігін 2 есе арттыру.

Екінші қатарда бірінші разрядтың бірлігін 2-ге арттыру.

6 256, 6 512,

5 016, 5 018, 5 020

Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

3-топ «Заңдылықтар» кілті.

Тапсырма. Бүгінгі сабаққа қатысты сандар қатарының құрылу заңдылықтарын анықтайды.

4 512, 4 256, 4 128, 4 064, 4 032, 4 016...;

3 020, 3 018, 3 016, 3 014, 3 012, 3 010, 3 008, 3 006...;

Үшінші қатарда бірінші класс бірліктерін 2 есе кеміту.

Төртінші қатарда әр санды 2-ге кеміту.

4-топ «Кемшіліктер» кілті

Тапсырма. Заңдылық бұзылған сандар тізбегін анықта және қатені түзетіп, оларды дәптеріңе көшіріп жаз:

10 289, 11 289, 12 289, 13 289, 14 289, 15 289, ... ;

60 897, 60 887, 60 877, 60 897, 60 867, 60 857,... ;

504 003, 514 003, 524 003, 532 003, 534 003, 544 003,... ;

300 405, 301 405, 302 405, 303 405, 304 405, 306 405,

"Елшілік" әдісі арқылы бағалау

Тапсырмаларды орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды.

Барлық топқа ортақ тапсырма «Әліпби» кілті. Берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді әліпби ретімен жазады.

Мысалы: А – артық, ә – әдіс, б – баған, в – ..., г –...;

Сергіту "Қошемет"

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бастаушы кімдерге қошемет жасау керек екенін кезекпен айтып тұрады.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с.

«Ұшу жолағы»

Не байқадың? Сандар қандай тәртіппен орналасқан? Өсу ретімен бе, әлде кему ретімен бе? Сандар нешеге өседі немесе кемиді?

Көк жолақ: 1 000 001, 1 000 000, 999 999, 999 998, 999 997, 999 996; заңдылық: әрбір келесі сан 1-ге кем.

Қызыл жолақ: 999 998, 899 998, 799 998, 699 998, 599 998, 499 998; заңдылық: әрбір келесі сан 100 000-ға кем.

Жасыл жолақ: 460 550, 480 550, 500 550, 520 550, 540 550, 560 550; заңдылық: әрбір келесі сан 20000 мыңға артық.

 

Жұлдыздар шеруі.

Сандармен амалдар орындау кезінде заңдылықты анықтаңдар. Тапсырманы шағын топта талқылаңдар, топтың өкілі жауабын таныстырады.

Жауабы: Сары жұлдыздар – қосу амалы: екінші қатарда 200 және 300, төменде 400.

 

Орындап көр!

Миллионға дейінгі кез келген натурал санды ата. Осы саннан кейін қандай сан келеді? Алдыңғы сан қандай? Заңдылықты анықта.

Осы санды 100-ге, 1000-ға, 10000-ға,

100 000-ға арттыр (кеміт).

 

Шығарып көр!

Белка және Стрелка атты екі ит 1960 жылғы 11 сағат 44 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты. Сол уақыттан осы сәтке дейін қанша уақыт өткенін есепте.

Мысалы: « Егер бүгін 2019 жылдың 11 қарашасы 13 сағат 41 минут болса, онда 59 жыл, 2 ай , 23 күн, 1 сағат 57 минут өтті»

 

Әрбір сан алдыңғы саннан 200 000-ға артық заңдылығымен анықталған тізбекті тап:

а) 230 900, 231 000, 231 100, 231 200, 231 300, 231 400, 231 500;

ә) 230 900, 231 900, 232 900; 233 900; 234 900; 235 900;

б) 230 900, 430 900, 630 900, 830 900

 

Рефлексия

«Сабақта үйренгенін бағалау» тәсілі

Кері байланыс:

«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып,

құшақтасқан түрде тұрып,

сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу