Есептерді өрнектердің көмегімен шығару / Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


№156 сабақ

Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Есептерді өрнек және теңдеу құрып шығару. Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті

Сабаққа қажетті ресурстар: Қима қағаздар; Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар жазылған карточкалар; Сюжетті суреттер;

Жоспар:

Ынталандыру

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Сабаққа бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

Өзектендіру.

Математикалық диктант.

Өрнектер және теңдеулер жаз.

  • 6-ның квадратын белгісіз санға бөлгенде 9 қалды.
  • 48 бен 6-ның бөліндісін 4 есе арттыр.
  • 3-тің кубын 10 есе арттыр.
  • 7-нің квадратын неше есе арттырса 490 шығады?

64 пен 8-дің бөліндісін 7-ге көбейт.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды. (Есептерді өрнек және теңдеу құрып шығаруды бекіту.)

Өткенді қолдану

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Топпен орындатуға болады. Оқушылар есептерге өрнектер жазады және олардың мәнін табады.

Өзіндік жұмыс

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсынады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі бағалауымен тапсырманы орындап, есептерді өрнек және теңдеу құрып шығару туралы білімдерін нақтылайды.

Бағалау критерйиі.

Мен:

-есептерді өрнек құрып шығаруды;

-есептерді теңдеу құрып шығаруды білемін.

Өткенді жұмыс

Оқулықтағы 3-тапсырманы жұппен орындатуға болады. Оқушылар өрнектердің мәнін табады, өзара тексеруді орындайды.

Мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушыларға тапсырманы тақтада орындатуға болады. Теңдеу құрады және оны шешеді.

5-тапсырманы топпен орындайды диаграмманы талдаудан бастайды. Көлденеңінен оқушылардың саны, тігінен сыныптардың реті берілген. Диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады. Әр топ диаграмма бойынша есептер құрастырып, оны басқа топтарға оқып береді. Есепті шығарады, тексеру жасалады.

Оқулықтағы 6-тапсырманы тақтада орындатуға болады. Тапсырма математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Амалдардың орындалу ретін анықтап, есептейді.

7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушыларға бұл тапсырманы кесте немесе граф арқылы орындау ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу