Есептерді өрнектердің көмегімен шығару / Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


№155 сабақ

Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Есептерді өрнек және теңдеу құрып шығару. Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті Сабаққа қажетті ресурстар: Қима қағаздар; Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар жазылған карточкалар; Сюжетті суреттер;

Жоспар:

Ынталандыру

С – салмақты,

П – парасатты,

О – озат,

Р – рухты,

Т – төзімді,

Ш – шыныққан,

Ы – ынтымақшыл болайық! Бүгінгі сабағымызда осы қасиеттерді бойларыңнан табылады деген ойдамын. Сәттілік тілеймін!

Өзектендіру.

Балалар, бүгін біз мәдени ойын-сауық орталығындағы мұзайдынға коньки тебуге барайық. Спортпен шұғылдана отырып демалу денсаулығымызға пайдалы.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайық. Бұл есепті өзің білетін тәсілмен шығар. Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Кейде есепті шығару үшін теңдеу құру ыңғайлы. Ол үшін есепті мәтіннен математикалық тілге «аудару» керек.

  • Оны қалай жасауға болады?
  • Кім біледі?

Бүгін біз есепті өрнек және теңдеу құрып шығаруға үйренеміз.

Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы 1-тапсырманы теңдеу құрып шығар.

Мәтіні

Математикалық тіл

Мұзайдында бірнеше бала коньки теуіп жүр.

x бала

Тағы 15 бала келіп қосылды.

x+15

Мұзайдында 27 бала болды.

x+15=27

Мұзайдында алғашында неше бала коньки теуіп жүрген еді?

Мұзайдында алғашында х бала коньки теуіп жүрген делік.

Есеп бойынша теңдеудің қалай құрастырылғанын түсіндір.

Мұзайдында алғашында х бала коньки теуіп жүрген делік.

Онда мұзайдында x+15 бала болды, ал бұл – 27 бала.

Теңдеу құрып, шешеміз: x+15=27

х= 27 – 15 Тексеру:

х= 12 12 + 15 = 27

Жауабы: мұзайдында алғашында 12 бала коньки теуіп жүрген еді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Оқулықтағы 2-тапсырманы түсіндіре отырып орындайды.

Мәтіні

Шығартты...

Математикалық тіл

190 фотосурет

Сыйлады...

Қалды...

Теңдеу

x

125 фотосурет

190 – х= 125

Шешуі: 190 – х = 125

х =190 –125

х =65

Тексеру: 190 – 65 = 125

Жауабы: Сәуле әжесіне 125 сурет сыйлады.

Тексеру: 190 – 65 = 125 фотосурет сыйлады.

(ә) нұсқасын да осындай тұрғыда орындайды.

Жаңаны қолдану

Оқулықтағы 3-тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар есепті өрнек құрып шығарады және өрнектің мәнін табады.

Өткенмен жұмыс

Зерттеушілік тұрғыдағы 4-тапсырманы оқушыларға кез келген қолда бар материалдарды (фишка, қағаздан қиылған дөңгелектер т.б.) қолданып жұппен орындауды ұсынуға болады. Әрбір дөңгелекке қыздардың есімін жазып, тәжірибелік тұрғыда шешімін табады. Мұғалім оқушылардың назарын кілттік сөздерге аударады.

«Айжанның екінші қабатта тұрмайтыны», «Гүлназдың екінші және үшінші қабатта тұрмайтыны» сөздері нені білдіретінін оқушылардан сұрайды.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Рефлексия.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу