Шамалар.Теңдеудің көмегімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 144 сабақ. Тақырыбы:Шамалар.Теңдеудің көмегімен есептер шығару

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Теңдеудің көмегімен есеп шығаруды біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Сурет бойынша есеп құрастырып,теңдеудің көмегімен шеше алады.

Оқушылардың кейбіреулелері:

Теңдеу бойынша есеп құрастырады.

Ғылыми тіл

Оқушылар Теңдеудің көмегімен есептер шығарады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Өзара байланысты шамаларды ата

Күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін айт

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар мен олардың бірліктерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

ДОМИНО

Кіріспе тапсырма

(Ұ.Ж) Оқушыларға тапсырмалар жазылған таратпа қағаздарды таратып беріңіз. Бірінші оқушы тақтаға шығып, өзінің таратпа қағазын бекітеді және ауызша таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі шаманың мәнін табады. Кейін шаманың мәні жазылған таратпа қағазы бар оқушы өз кезегінде тақтаға шығып, оған өзінің таратпа қағазын бекітеді және таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі тапсырманы орындайды.

Мысалы, бір оқушы шығып санайды: «100 мин =1сағ 40мин » бар екендігін айтады. Кімнің таратпа қағазында 1 сағ 40 мин деп жазылса, тақтаға шығады және өзінің тапсырмасын орындайды. «1200м =12км» Таратпа қағазында «12км» деп жазылған оқушы шығады және т.б. Ойын шеңбер тұйықталғанда аяқталады: соңғы таратпа қағазда бірінші оқушының сол жақ бөлігінде жазылғандағына жауабы болады.

Бұл ойын арқылы оқушылар шамалар туралы алған білімдерін қайталайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Слайд №2

Слайд № 3

Сабақтың ортасы

30 мин

*Кейбір есептерді теңдеудің көмегімен шығарған ыңғайлы.Мұндай есептерді белгісізді айнымалы арқылы белгілеп,оған қатысты теңдік құрады,бұл теңдеу болып табылады.Күрделі теңдеуді шешу үшін келесі қадамдарды қолдан:

1-қадам.Теңдіктің оқ жағын ықшамда.

2-қадам.Белгісіз көбейткішті тап.

3-қадам.Тексеру жаса.

Мысалы:12*х=123-15

12*х=108

х=108:12

х=9

12*9=123-15

108=108

Сурет бойынша есеп құрастыр.

(Т.Ж) Әрбір топқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, есеп құрастырады және теңдеу құру арқылы шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығап, тапсырмаларын қорғайды. Қатесі болса басқа топтың оқушылары үш рет шапалақтау арқылы білдіреді. Кері байланыс беру арқылы қатені түзетеді.

Тапсырма:Сурет бойынша есеп құрастыр және теңдеу құру арқылы шығыр.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Шығарып көр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру. Оқушылар жұбымен тапсырманы алдымен мұқият оқып, талдайды. Күрделі теңдеу құрады және күрделі теңдеу шешу алгоритмін пайдалана отырып теңдеуді шешеді. Дайын жауабы арқылы өзін –өзі тексереді. Қате кеткен жағдайда кері байланыс береу, түсіндіру.

Тапсырма:

а) Балқаш көлі ұзындығының 600км, ал Зайсан көлінің ұзындығы 172 км қысқа.Зайсан көлінің ұзындығы қанша?

ә) Арал теңізінің ең терең жері 28 м, ал Арал теңізінің ұзындығы х метр. Егер теңіздің ұзындығын 260 метрге кемітіп, 6-ға бөлсе, оның тереңдігіне тең болады. Арал теңізінің ұзындығы қандай?

«Смайлик арқылы бағалау жүргізу

«Ия - жоқ»

(Ұ.Ж) «Ия- жоқ» ойыны арқылы оқушылар бір өлшем бірлігін екінші өлшем бірлігіне ауыстыру туралы сұрақтарға дұрыс тұжырым болса «ия», дұрыс емес тұжырым болса «жоқ» деп сигналды карточканы көтеру арқылы жауап береді.Оқушылар бір өлшем бірлігін екінші өлшем бірлігіне ауыстыру үшін шаманың өлшем бірліктерін қайталайды.

а) Үш тәулікте 72 сағат бар. (ия)

ә) Келу уақыты 20:15 болатын поезд жарты сағатқа кешікті. Поезд сағат

20:30 межелі жеріне келіп жетті. (жоқ)

б) Екі аптада 14 күн бар (ия)

в) Қысқа тілі 6 –ға жақын, ал ұзын тілі 10-ды көрсетіп тұр, демек сағ 18:10 болды. (жоқ)

г) 100жылда 1 ғасыр бар. (ия)

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу

Жұптасып –ойлан-бөліс

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

Тапсырма: Есептерді шығару үшін өрнек құр.

а) Велосипедші 2 сағатта d км жолды жүріп өтті. Велосипедші 5 сағатта неше км жолды жүреді?

ә) a метр сәтеннен 10 алжапқыш тігіледі. b м сәтеннен неше алжапқыш тігуге болады?

б) Бірінші жәшік c кг тартады, ал екіншісі одан 3 есе жеңіл. Бірінші жәшік екінші жәшіктен неше кг ауыр?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Теңдеулердің түбірі

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды

Тапсырма:

а∙ 12 = 108

с +248 = 683

943-а = 291

988 :с = 38

21 ∙с = 315

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Бұл қандай сан?

(Ұ.Ж) Оқушылар тапсырманы сынып болып орындайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар көбейту, бөлу туралы алғын білімдерін өмірде қолдануды үйренеді.

Тапсырма:

а) Мен — 13 мен 16-тің арасындағы санмын.

Сен мені 5-ке қалдықсыз бөле аласың.

ә) Мен — 50 мен 60-тың арасындағы санмын.

Менің цифрларымды қоссаң, 10 шығады.

б) Мен — 30 мен 33 арасындағы тақ санмын.

Мені 4-ке бөлуге болмайды.

в) Мен 73-тен үлкенмін, бірақ 82-ден кішімін.

Менің көбейткіштерімнің бірі — 9.

г) Мен — 26 пен 36-тің арасындағы санмын.

Менің цифрларымның көбейтіндісі 0-ге тең.

«Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Слайд №4

Слайд №5,6

Слайд №7

Слайд №8

Слайд №9

Слайд №10,11

Слайд №12,13

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Теңдеулерді шешу кезінде белгісіз санды қалай табуға болады?

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

Стикерлер

Слайд №14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу