Шамалар.Теңдеудің көмегімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
№ 144 сабақ. Тақырыбы: Шамалар.Теңдеудің көмегімен есептер шығару
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Сабаққа байланысты деректі материалдар. Бір өлшем бірлігін екінші өлшем бірлігіне ауыстыру үшін шаманың өлшем бірліктерінің кестесін білу керек.
1г 1 кг 1 ц 1 т
1000 100 10
Масса өлшем бірліктерінің кестесі
1 c1 мин.1 сағ.1тәул.1апта
60 60 24 ?
Уақыт өлшем бірліктерінің кестесі
1 мм1 см1 дм1 м1 км
10 10 10 1000
Ұзындық өлшем бірліктерінің кестесі
Кейбір есептерді теңдеудің көмегімен шығарған ыңғайлы. Мұндай есептерде белгісізді айнымалы арқылы белгілеп, оған қатысты теңдік құрады, бұл теңдеу болып табылады. Күрделі теңдеуді шешу үшін келесі жоспарды қолдан:
1-қадам. Теңдіктің оқ жағын ықшамда.
2-қадам. Белгісіз көбейткішті тап.
3-қадам. Тексеру жаса.
Мысалы:
12 · х = 123 – 15
12 · х = 108
х = 108 : 12
х = 9
12 · 9 = 123 – 15
108 = 108
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе
ДОМИНО
Кіріспе тапсырма
(Ұ.Ж) Оқушыларға тапсырмалар жазылған қима қағаздарды таратып беріңіз. Бірінші оқушы тақтаға шығып, өзінің таратпа қағазын бекітеді және ауызша таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі шаманың мәнін табады. Кейін шаманың мәні жазылған таратпа қағазы бар оқушы өз кезегінде тақтаға шығып, оған өзінің таратпа қағазын бекітеді және таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі тапсырманы орындуды сұраңыз.
Мысалы, бір оқушы шығып санайды: «100 мин =1сағ 40мин » бар екендігін айтады. Кімнің таратпа қағазында 1 сағ 40 мин деп жазылса, тақтаға шығады және өзінің тапсырмасын орындайды. «1200м =12км» Таратпа қағазында «12км» деп жазылған оқушы шығады және т.б. Ойын шеңбер тұйықталғанда аяқталады: соңғы таратпа қағазда бірінші оқушының сол жақ бөлігінде жазылғандағына жауабы болады.
Бұл ойын арқылы оқушылар шамалар туралы алған білімдерін қайталайды.
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.
*Кейбір есептерді теңдеудің көмегімен шығарған ыңғайлы. Мұндай есептерді белгісізді айнымалы арқылы белгілеп,оған қатысты теңдік құрады,бұл теңдеу болып табы-лады.Күрделі теңдеуді шешу үшін келесі қадамдарды қолдан:
1-қадам.Теңдіктің оқ жағын ықшамда.
2-қадам.Белгісіз көбейткішті тап.
3-қадам.Тексеру жаса.
Мысалы:12*х=123-15
12*х=108
х=108:12
х=9
12*9=123-15
108=108
Сурет бойынша есеп құрастыр.
(Т.Ж) Әрбір топқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, есеп құрастырады және теңдеу құру арқылы шығарады ұсыныңыз. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығап, тапсырмаларын қорғауды ұсыныңыз. Қатесі болса басқа топтың оқушылары үш рет шапалақтау арқылы білдіруді сұраңыз. Кері байланыс беру арқылы қатені түзетіп отырыңыз.
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жұргізу
Шығарып көр
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беріңіз. Оқушыларға жұбымен тапсырманы алдымен мұқият оқып, талдауды ұсыныңыз. Күрделі теңдеу құрады және күрделі теңдеудің алгоритмін пайдалана отырып теңдеуді шешеді. Дайын жауабы арқылы өзін –өзі тексеруді ұйымдастырыңыз. Қате кеткен жағдайда кері байланыс беріп, қайта түсіндіруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы: а)х+172=600
х= 600-172
х=428
428+172=600
600=600
Жауабы: Зайсан көлінің ұзындығы 428 км.
ә) (х -260) : 6=28
х-260= 168
х=260+168
х=428
(428 -260):6=28
28=28
Жауабы: Арал теңізінің ұзындығы 428 м.
«Смайлик арқылы бағалау жүргізіңіз
«Ия - жоқ»
(Ұ.Ж) «Ия- жоқ» ойыны арқылы оқушылар бір өлшем бірлігін екінші өлшем бірлігіне ауыстыру туралы сұрақтарға дұрыс тұжырым болса «ия», дұрыс емес тұжырым болса «жоқ» деп сигналды карточканы көтеру арқылы жауап беруді ұйымдастырыңыз. Оқушылар бір өлшем бірлігін екінші өлшем бірлігіне ауыстыру үшін шаманың өлшем бірліктерін қайталайды.
Жауабы:
а) Үш тәулікте 72 сағат бар. (ия)
ә) Келу уақыты 20:15 болатын поезд жарты сағатқа кешікті. Поезд сағат
20:30 межелі жеріне келіп жетті. (жоқ)
б) Екі аптада 14 күн бар (ия)
в) Қысқа тілі 6 –ға жақын, ал ұзын тілі 10-ды көрсетіп тұр, демек сағ 18:10 болды. (жоқ)
г) 100жылда 1 ғасыр бар. (ия)
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Жұптасып –ойлан-бөліс
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға алдымен жеке орындауды ұсыныңыз. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылауды сұраңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.
Жауабы: а) d:2∙5 2) b: (а:10) б) с – (с:3)
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеулердің түбірі
(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды
Жауабы:
а∙ 12 = 108
с +248 = 683
943-а = 291
988 :с = 38
21 ∙с = 315
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Бұл қандай сан?
(Ұ.Ж) Оқушыларға тапсырманы сынып болып орындауды ұсыныңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар көбейту, бөлу туралы алғын білімдерін өмірде қолдануды үйренеді.
Жауабы:15, 55,31,81,30
Кері байланыс
Теңдеулерді шешу кезінде белгісіз санды қалай табуға болады? Оқушы пікірлерін тыңдау.
Сабақ соңында «Табыс сатысы» әдісі арқылы рефлексия беріңіз.
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?