Көптаңбалы сандарға амалдар қолдану. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№79 сабақ. Тақырыбы:

Көптаңбалы сандарға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту мен бөлуді орындау.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі:

  • дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығару.

 Бағалау критерийлері

-толық ондықтар мен жүздіктерге көбейте және бөле алады;

- толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту және бөлу тәсілдерін түсіндіре алады;

- дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығара алады.

 Ғылыми тіл

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Көбейту мен бөлу тәсілдері.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай бөлуге (көбейтуге) болады?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиетті қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

 АКТ қолдану дағдылары

Өрнектерді интербелсенді тақтада орындау

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ –үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің –тірлік, тірек, адалдық.

Әрбір сөзің –шындық, бірлік, адамдық.

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу «қосу», «азайту», «бөлу»

Кіріспе тапсырма

Математикалық эстафета

(Д.Ж.) Оқушылармен математикалық эстафета ойынын ұйымдастыру. Оқушылар бұл ойын арқылы үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды, нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекітеді.Қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдарының арасындағы өзара байланыс туралы білімдерін жетілдіреді. Ол үшін әрбір топқа бос ұяшығы бар кестені таратып береу. Ойынның басталуы туралы берілген белгісі бойынша бірінші партаның оң жағында отырған оқушы бірінші «терезені» жаба бастайды, яғни бірінші бос шаршыны толтыра бастайды.

Бірінші «терезені» жаба отырып, ол кестені өзінің көршісіне береді және ары-қарай жалғастырады. Қатардағы соңғы оқушы тапсырманы орындап, алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Эксперт кестенің толты-рылуының дұрыстығын тексереді. Оқушыларға экранға дұрыс толтырылған кестені көрсетіп немесе оны тақтаның артына дайындап, тапсырмалардың орындалуын ың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Тапсырма:

1-топ

126+□=652 900:□=9 450:□=9 459-□=154

50∙□=500 □∙40=160 □+458=927 □-125=203

□:100=7

2- топ

214+□=455 700:□ =100 180:□=2 752-□=400

20∙□=200 □∙30=270 □+174=293 □-89=351

□:100=4

3- топ

315+□=422 700:□=7 320:□=8 566-□=135

45∙□=450 □∙ 60= 360 □+258=756 □-259=473

□:100=6

«Смайлик» арқылы бағалау

 

Слайд №2

Слайд№3,4,5

Сабақтың ортасы

Қай үйде тұрады?

) Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу. Әрбір топқа тапсырма жазылған үй және ертегі кейіпкерлерінің суретін таратып беру. Оқушылар үйдегі мысалды шығарады және оған жауабы сәйкес келетін ертегі кейіпкерін орналастырады. Оқушылар дұрыс жауабы арқылы өз- өздерін бағалайды.

Тапсырма:

20∙30 540:90 900:100 240:80 50∙2 7∙100

«Смайлик» арқылы бағалау

«Балмұздақ»

(Т.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Кім қандай балмұздақ алатынын білу үшін берілген мысалдардағы амалдардың орындалу ретін анықтайды. Сәйкес келген жауабына қарай балмұздақты таңдайды.Топтар жұмыстарын сағат тілімен ауыса отырып, бір –бірінің жұмыстарын тексереді.1-топ 3- топтың жұмысын, 2- топ 1- топтың жұмысын,3-топ 2- топтың жұмысын тексереді.

Тапсырма:

  • (40∙3)+(4∙30)
  • 600+(3∙50)
  • 2∙200+350-60

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

-5; -4; -3

Есепті шығар

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Алдымен есепті оқиды. Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы есептің шартын толықтырады. Жұпта талдайды, есеп не туралы, не белгігі, не белгісіз екендігін анықтап алады. Есепті шығарады.Бірнеше жұпқа есепті тақтаға шығаруды ұсыну. Оқушылармен бірге есептің қысқаша жазуы мен шешуін талдау. Жауаптарын салыстыру.

Тапсырма:

Анасы 7 теңгеден 20 дәптер және 50 теңгеден 3 альбом сатып алды. Оның неше теңгесі қалды?

Есепті шығару үшін берілген мәліметтер жеткілікті ме? Есептің шартын толықтыр және шығар.

«Бағдаршам» түстер» арқылы бағалау

«Диагональ»

(Ж.Ж) Оқушыларға тізбек жазылған тапсырма таратылып беріледі. Оқушылар тізбек бойынша берілген тапсырманы параққа жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, дұрыс жауабы арқылы өзін-өзі тексереді, бағалайды.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

-5; -4; -3

(Т.Ж) Периметрін тап

Әрбір топқа жіп, ермексаз таратып беру.Оқушылар жіп және ермексаздың көмегімен тіктөртбұрыш құрас-тырып,өлшем бірліктерін анықтайды, периметрін табады.

-Тіктөртбұрышты геометриялық фигура ретінде сипатта.

-Тіктөртбұрыш қоршаған ортада қандай заттарға ұқсайды?

-Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табуға болады?

«Смайлик» арқылы бағалау

Слайд № 6,7

Слайд №8

Слайд №9

Слайд №10,11

Слайд №12,13

Сабақтың соңы

Рефлексия

Не үйрендім?

«Ашық микрофон» әдісі

-Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Сабақта өзіңе не ұнады?

Слайд№14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу