Көптаңбалы сандарға амалдар қолдану. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

Тақырыбы: Көптаңбалы сандарға амалдар қолдану

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспе қағаздар әр топқа; ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Бұл сабақта үш таңбалы сандарды қосу және азайту, қосынды мен көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту алгоритмдерін, сондай-ақ дөңгелек сандарды көбейту және бөлуді бекіту керек.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу «қосу», «азайту», «бөлу»

Математикалық эстафета

(Д.Ж.) Сабақты оқушылармен математикалық эстафета ойынын ұйымдастырудан бастаңыз. Оқушылар бұл ойын арқылы үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды, нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекітеді.Қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдарының арасындағы өзара байланыс туралы білімдерін жетілдір-еді. Ол үшін әрбір топқа бос ұяшығы бар кестені таратып беріңіз. Ойынның басталуы туралы берілген белгісі бойынша бірінші партаның оң жағында отырған оқушы бірінші «терезені» жаба бастайды, яғни бірінші бос шаршыны толтыра бастайды.Бірінші «терезені» жаба отырып, ол кестені өзінің көршісіне береді және ары-қарай жалғастыра-ды. Қатардағы соңғы оқушы тапсырманы орындап, алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Эксперт кестенің толтырылуының дұрыстығын тексереді. Оқушыларға экранға дұрыс толтырылған кестені көрсетіп немесе оны тақтаның артына дайындап, тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Жауабы:

1-топ

526; 100; 50; 305; 10; 4; 469; 78; 700

2- топ

241; 7; 90; 352; 10; 9; 119; 440; 400

3- топ

107; 100; 40; 431; 9; 6; 498; 732; 600

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Қай үйде тұрады?

(Т.Ж) Сабақты әрі қарай топтық жұмыспен жалғастырыңыз. Әрбір топқа тапсырма жазылған үй және ертегі кейіпкерлерінің суретін таратып беріңіз. Оқушылар үйдегі мысалды шығарады және оған жауабы сәйкес келетін ертегі кейіпкерін орналастырады. Оқушылар дұрыс жауабы арқылы өз -өздерін бағалайды.

Жауабы:

600; 6; 9; 3; 100; 700

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

«Балмұздақ»

(Т.Ж) «Балмұздақ» айдары арқылы топтық жұмысты жалғастырыңыз. Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Кім қандай балмұздақ алатынын білу үшін берілген мысалдардағы амалдардың орындалу ретін анықтайды. Сәйкес келген жауабына қарай балмұздақты таңдайды.Топтар жұмыстарын сағат тілімен ауыса отырып, бір –бірінің жұмыстарын тексереді.1-топ 3- топтың жұмысын, 2- топ 1- топтың жұмысын,3-топ 2- топтың жұмысын тексереді.

Жауабы:

  • 240
  • 750
  • 690

Геометриялық фигуралар арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.

-5; -4; -3

Есепті шығар

(Ж.Ж) Жұптық жұмысты оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беруден бастаңыз. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Алдымен есепті оқиды. Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы есептің шартын толықтырады. Жұпта талдайды, есеп не туралы, не белгігі, не белгісіз екендігін анықтап алады. Есепті шығарады.Бірнеше жұпқа есепті тақтаға шығаруды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге есептің қысқаша жазуы мен шешуіне талдау жүргізіңіз. Жауаптарын салыстыру арқылы тексеруді ұсыныңыз.

Жауабы:

(есептің шартын толықтырады.)

Мысалы: Оның 500 теңгесі болды. 210 теңгесі қалды.

«Бағдаршам» түстер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

«Диагональ»

(Ж.Ж) Жеке жұмысты тізбек жазылған қима қағазды таратып берумен жалғастырыңыз. Оқушылар тізбек бойынша берілген тапсырманы параққа жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, дұрыс жауабы арқылы өзін-өзі тексереді, бағалайды.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.

-5; -4; -3

(Т.Ж) Периметрін тап.Сабақты әрбір топқа жіп, ермексаз таратып берумен жалғастырыңыз. Оқушылар жіп және ермексаздың көмегімен тіктөртбұрыш құрастырып, өлшем бірліктерін анықтайды, периметрін табады.

-Тіктөртбұрышты геометриялық фигура ретінде сипатта.

-Тіктөртбұрыш қоршаған ортада қандай заттарға ұқсайды?

-Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табуға болады?

Жауабы: оқушылар құрастырған тіктөртбұрыштың өлшемдеріне байланысты.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сабаққа «Ашық микрофон» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Сабақта өзіңе не ұнады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу