538:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А.Ж. | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
№ 120 сабақ. Тақырыбы: | 538:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар көбейту мен бөлудің алгоритмін айтып бере алады. | |||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Құндылықтар | Қазақ халқының өнерін бағалауға, дәріптеуге дағдыландыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. (Ұ) Топқа бірігу Барлық оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге төрт мысалды уақытқа орындауға беру. 164 · 4 = 248 · 3 =127 ·6 = 364 · 2 = Өзара жұмыстарын ауыстырып критерий бойынша тексеру. Өрнектердің дұрыс жауаптарын көрсету. Критерий:
Екінші айналымда қайта төрт мысал беру. 129 · 5 = 466 · 2 = 159 · 6 = 219 · 4 = «Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізу. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға отырғызу. Үшінші айналымда төрт мысал беру. 269 · 3 = 287 · 2 = 189 · 5 = 302 · 3 = «Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізу. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға отырғызу. Жұмысты «Гамма» тобында оқушы саны азайғанша жалғастыру. | 1 – слайд 2 – слайд 3 – слайд Торкөзге жазылған үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуге берілген мысалдар 4 - слайд 5 - слайд 6 – слайд 7 - слайд 8 – слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т) Еске түсір. Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін еске түсіру үшін тапсырмалар мен сұрақтар беру.
(ЖЖ) Салыстыр. Оқушыларға алдын – ала дайындалған үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу ұсыну. Оқушыларға жұпта талқылауға сұрақ беру.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауапқа тоқталу. Дұрыс жауап табуға қосымша сұрақтар қою арқылы қол жеткізу. (ӨЖ) Шығарып көр. Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған тапсырманы үлестіру. Тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауаптарын хабарлап, бағалау критерийін түсіндіру. Бағалау критерийі:
(Ж) Тез, әрі дұрыс орында. «Математикалық футбол» дидактикалық ойыны. Ойын ережесі: Тақтаға қақпа суретін ілу (көрсету). Кезекпен кезек қақпаның алдына бір доп қою. Допты қақпаға кіргізу үшін үш таңбалы санды бір таңбалы санға тез әрі дұрыс жазбаша бөлу қажеттігін түсіндіру. Тапсырманы кім бірінші және дұрыс орындаса, сол оқушы «гол» соқты деп есептеу. Әрбір дұрыс әрі тез орындалған тапсырма үшін алған «гол» ауызша саналып, тапсырманың соңында «Үздік футболшы» атағына ие болатынын хабарлау. 328: 4= 546:6= 448:8= 216:9= 170:5= 399:7= 152:8= 392:4= 255:3= 414:9= | 9 – слайд 10 - слайд 11 - слайд 12 – слайд 13 – слайд Үлестірме қағаздарға жазылған тапсырма 14 - слайд 15 – 19 слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Ассоциация» Мен өзімнің бүгінгі сабақтағы алған білімімді ... ұқсатамын, себебі....
Піскен жеміс - тақырыпты түсіндім Піспеген жеміс – түсіндім, алайда тақырып бойынша алған білімімді толықтыру керек деп ойлаймын Гүл - түсінбегенім әлі көп деп ойлаймын. | 20 - слайд | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру