246:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу № 114 сабақ. | Мектеп | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова Адигул | ||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||
Тақырыбы: | 246:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||
Бағалаукритерийлері | Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіреалады. | ||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушылардың бойында еңбек пен шығармашылық , ашықтық сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 46:2 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||
Психологиялық дайындық Сабақтың басы | «Арқаға жазылған комплименттер» Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 1-2 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді. (Т) «Қазақстанның тарихи орындарына саяхат» Кіріспе тапсырма. Оқушыларды 4 топқа ұйымдастыру. Мұғалім бүгінгі сабақта Қазақсатнның тарихи орындарына саяхатқа шығатынымызды айтады. Әр тарихи орынды таңдаған топ ол туралы қысқаша мәлімет бере отырып, жасырған тапсырмасын орындау және оны талдау тапсырылады. Топтарға екі мысалдан беріледі. Оларға ламинатталған парақтарға бөлу амалдарын орындау ұсынылады.Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу ережесін еске түсіруді сұрау. Қолдарындағы алгоритмде бұрын қарастырылмаған қадамды қызыл маркермен бояп көрсетуді тапсыру. Әртоптың бір өкілі тақтаға шығып, топтың құрастырған алгоритмін таныстыру. Алгоритмде қандай қадам қосылған? Мұғалім бағыт беріп, түйіндейді.Жетекші сұрақтар қоя отырып жаңа материалды өздерінің игеруіне мүмкіндік жасайды. Бағалау: «Бағдаршам» түстер» арқылы бағалау | 3 слайд 4-6 слайд (мысалдар Жазылған парақтар) Тарихи орындардың суреттері | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Сергіту сәті | (ЖЖ) Кестені толтыр (Абай Шәкәрім кесенесінен келген тапсырма) Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды. Оқушыбөлу алгоритмін қолданып, мысалдарды дәптерде шығарады. Жұпта алмасып тексереді, қайсы мысалда қате жіберілгенін анықтайды.Жұмыс барысында кейбір оқушылардың жұмысын тексеріп, осындай түрдегі бөлу алгоритмін қалай түсінгенін бағалау Бағалау:Жарайсың! Ұмтыл! Талпын! «Балық, құс, аң» Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. (Т)Есепті шығар. (Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен келген тапсырма) -Есепте не белгілі? -Есептің сұрағы қандай? -Біз есептің сұрағына жауап бере аламыз ба? -Қалай? Есепте кім туралы айтылғанын түсіндіру. Тапсырманы топта орындайды. Топтардың жұмыстары «Сұхбаттасу» тәсілі арқылы тексеріледі. 1- топ 2- топпен сұхбаттасады. 3-топ 4- топпен сұхбаттасады. Бөлу амалының бекітуге бағытталған жаттығулардың шешуіне комментарий жүргізу керектігін хабарлау. Бағалау:Смайлик арқылы бағалау.
(ӨЖ).Теңдеудің шешімін тап. (Түркістан қаласы. Тайқазаннан келген тапсырма) Теңдеудің барлық компоненттерін атату. Қайсы компоненті белгісіз? Оны қалай табу керек? Теңдеуді ламинатталған парақ қағазға шығаруды ұсыну. Әр оқушының теңдеуі дұрыс шығарғанын тексеруді ұйымдастырыңыз. Смайликтер әдісі арқылы бағалауды ұйымдастыру Бағалау:Бармақ арқылы бағалау (Ұ) Үй тұрғыз. (Айша бибі кесенесінің тапсырмасы) Тапсырманы орындауға шектеулі уақыт беріледі. Жұмысты шағын топта ұйымдастыру. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға жазбаша шығаруға арналған мысал беру. Топта әрбір оқушы бөлу алгоритмін қолданып, мысалдарды шығарады, ұяшыққа жауапты жазады . Жұмыс соңында қай топ көп амалдар орындағанын тауып, бағалау Бағалау: Бағдаршам түстері арқылы бағалау | Интербелсенді тақта 8 слайд
10 слайд 11-12 слайд А3 форматты қағаз, маркер 13-14 слайд 3×а=636 Х÷3=212 4×у=844 Z÷4=211 15-16 слайд | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Хат жазысу» Оқушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты хат жазуын сұрау. (Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды. Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар аралы» болып табылады) | 17 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?