84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А.Ж.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

119 сабақ. Тақырыбы:

84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Жазуларды пайдаланып, көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіреді.

Оқушылардың көпшілігі:

Сәйкес алгоритмді айта отырып, есептейді.

Оқушылардың кейбірі :

Көбейтудің алгоритмі мен бөлудің алгоритмін салыстырады.

Бағалау критерийлері

Разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту мен бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Бөлуді қандай разрядтың сандарынан бастау керек?

–Бірінші толық емес бөлінгіш неге тең?

–Бөліндінің цифр санын қалай анықтауға болады?

–Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

–Егер бөлінгіш бөліндіден кем болса, не істеу керек?

–Егер толық емес бөлінгіш толық бөлінбесе, не істеу керек?

Құндылықтар

Қазақ халқының өнерін бағалауға, дәріптеуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

269∙2 түріндегі үштаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

(Т) Топқа бірігу.

Оқушыларға сары, көк, жасыл түсті кеспе қағаздар таңдап алуға ұсынылады. Таңдаған түстерге байланысты топтарға бөлініп отырады. Өз түсіне сәйкес тапсырманы орындайды.

«Ергежейлілер тапсырмасы»

Ергежейлілер орындауға ұсынып отырған көбейтінділерді орындау.

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар өздерін өздері тексереді. Көбейтінділердің дұрыс жауаптары беріледі.

Оқушылар тексеріп болған соң сұрақ қойылады.

  • Көбейтіндіні дұрыстығын тексерудің тағы қандай әдісі бар?

(оқушылар көбейтуді бөлумен тексеруге болады)

  • Бөлу жазбаша есептеудің алгоритмі қалай болуы мүмкін?

Оқушылардың мүмкін жауаптары тыңдалады.

  • Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін білу үшін бейнероликке назар аудару ұсынылады.

1 – слайд

2 – слайд

3 – слайд

4 – слайд

5 – слайд

Бағалау парағының үлгісі

6 – слайд

Сабақтың ортасы

) Болжа

Бейнероликтен екі таңбалы санды бір таңбалы санға ондықтан аттау дағдысын қалыптастыру мақсатында есептер шығару.

Есептің мазмұны: Пошта бөлімшесіне 84 әкелінді. Оларды 3 жәшікке теңдей бөліп салды. Әр жәшікте неше хат бар?

  • Есептің шешу жолдарын қандай?

Оқушылардың болжамдарын тыңдалып болған соң, бейнероликтегі есептің дұрыс шешімен салыстыру.

Қайтала

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу амалының алгоритмін оқушылармен біріге отырып орындау.

Бөлу алгоритмі:

  • Бірінші толымсыз бөлінгіш 8 ондық
  • 8 ˃5, сондықтан бөліндінің мәнінде екі таңбалы сан болады.
  • 8 санында 5 бір рет кездеседі.
  • 5 – ті 1- ге көбейтеміз, көбейтіндінің мәні 5 –ке тең болады.
  • 8 – ден 5 – ті азайтамыз, айырманың мәні 3 – ке тең
  • Қалдық бөлгіштен кем болу керек. 3 қалдық 5 бөлгіштен кем.
  • Қалықтың оң жағына бірлікті жазамыз
  • 30 екінші толымсыз бөлінгіш
  • 30 санында 5 саны 6 рет кездеседі
  • 6 санын бөлгішке көбейтіп, екінші толымсыз бөлінгіштен азайтамыз. 30 – 30 = 0
  • Қалдық 0 – ге тең
  • Бөлу аяқталды, бөліндінің мәні 16 – ға тең.

(ӨЖ) Бөлінділерді жазбаша есепте

Парталас көршілер орындаған жұмысын бір – бірімен ауыстыру арқылы тексеріледі. Дұрыс орындаған оқушылар саны анықталады, егер сынып оқушыларының басым көпшілігі дұрыс орындаса қайта түсіндірілмейді. Егер оқушылардың басым көпшілігі қате жіберсе, мұғалім бөлу алгоритмін түсіндіре отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөледі. Түсіндіріп болған соң оқушыларға қайта үш өрнек орындауға береді. Екінші рет жасалған жұмыстың нәтижесі үшінші рет қайталауды қажет етсе, үшінші рет қайталанады.

(Т)

Дұрыстығын жазбаша тексер

Оқушылар жұпта дұрыс орындалмаған өрнекті анықтайды. Тез әрі дұрыс орындаған топты «Шапалақ» әдісімен бағалау.

7 – слайд

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/28-3-84-3-turindegi-eki-tangbaly-sandy-bir-tangbaly-sanha-kobejtu-zhane-bolu

8 – слайд

9 – слайд

10 - слайд

11 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Алау басында» әдісі

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушыларға өздерін топ серуен кезінде алау басына жиналған сәтті елестетуді ұсыну. Алау басында оқушылардың әрқайсысы бүгінгі сабақтан ең қызықты өткен сәтті есіне түсіріп айтуын сұрау.

12 – слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу