Көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

126- сабақ. Тақырыбы: Көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталау

Оқу мақсаты: 3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдану.

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту бөлуге берілген өрненктерді пайдаланып есептер шығару дағдысын бекіту.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т.Т. «Орнын тап» ойыны арқылы сабақты бастау, оқушыларды сабаққа белсендіру.

«Шарты», «Сұрақтар», «Шешуі» сөздері жазылған 3 ватманды үстелге қойыңыз.

1-топ есептің шартын анықтайды,

2-топ сұрақтар анықтайды,

3-топ шешуін көрсетеді.

Әр топқа көше тазалаушы машинаның суреті салынған кеспеқағаздарды таратып, тапсырманы орындауды сұраңыз. Шарты:Көше тазалауға шыққан үш машинаның біреуі 1км 500м жер тазалады, екінші машина біріншіден 1км 170 м жер артық, ал үшінші машина екіншіге қарағанда 1км 800 м кем тазалады. Үш машина барлығы қанша километр жол тазалады?

Мәліметтерді бірдей шамаға келтіру:

1км500м-1500м

1 км 170м-1170м

1 км800 м-1800м

Сұрақтар:екінші машина қанша километр, үшінші машина қанша километр, үш машина барлығы қанша километр жол тазалады?

Шешуі: 1)1500м+1170м=2670м (екінші машинаның тазалаған жолы)

2670м-1800м=870 м (үшінші машинаның тазалаған жолы)

3500м+2670м+870м=7040м-7км40м

Осыдан кейін кері есеп құрастыруды тапсырыңыз, бірақ топтар орындарымен алмасады. Сұраңыз:Неше есеп шығардыңдар? Есептің шарттары өзгерді ме? Есептің шешуі өзгерді ме? Әрі қарай тапсырмалармен жұмыс ұйымдастырыңыз.

Ж.Ж. «Жұбын тап» Жұптағы оқушылар алдымен тапсырманың шартын түсініп оқиды, өрнектердің жұбын анықтап, өрнектердің мәнін табады, кезекпен түсіндіреді. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді.

Т.Т. «Құрастыр, тап» Оқушыларға тапсырма екі бөлімнен тұратынын айтыңыз: алдымен жай теңдеуді құрып алып, сонан кейін күрделі теңдеуді жазу және шығару керек. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Топтық талқылау барысын бақылаңыз. Есептеу қабілеті орташа оқушыларға жай теңдеулерді шешуді ұсыныңыз. Оқушылардың жұмысын бағалаңыз.

Т.Т. «Қате бар, тап» ойыны арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу, көбейту және екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін пайдалана отырып есеп қатесін табу. Ол үшін оқушыларға мұғалімнің орнында болып көретінін айтыңыз. Көбейту мен бөлу амалдарының дұрыс орындалғанын баған түрінде орындап көрсетіп тексеру керек. Оқушылар алгоритм бойынша мысалдарды топта кезекпен түсіндіре отырып шығарады. Дайын жауабын көрсетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастырыңыз.

302*3=716 (906) 792:2=386(396)

65*4=240 (260) 867:3=189(289)

Кері байланыс

Оқушылардың екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды білетінін анықтау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз.

  • 624:3, 84:2 бөлінділерінде цифрлар саны қанша?
  • 975:5, 84:3 бөлінділеріндегі бірінші толымсыз бөлінгішті ата.

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу қай разрядтан басталады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу