Көбейту мен бөлудің әртүрлі мысалдарын қайталау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

121- сабақ. Тақырыбы: Көбейту мен бөлудің әртүрлі мысалдарын қайталау

Оқу мақсаты: .1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Құрамында мәнін табу керек болатын айнымалысы бар теңдік теңдеу деп аталады. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу деген сөз

Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз.

Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т. Т. Сабақты оқушылармен сабаққа кіріспе тапсырмасымен бастаңыз.

Топтарға тапсырманы таратыңыз. Оқушылар алдымен өрнек бөліктерімен танысып, олардан өрнек құрады және оны шешеді. Әр топтың өкілі топтың жауабын таныстырады. Өрнектің жауабын айтады.

Сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап бөлу және көбейту тақырыбымен байланысты оқу материалынан тұратын тапсырмалар қолданыңыз.

Т.Т. «Сәйкестендір» Шағын топтарға қайталауға берілген тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Оқушылар алдымен кілтте берілген өрнектерді топта талқылайды, сонан кейін дәптерге жазып шығарады. Әр топтың өкілі топтың жауабын таныстырады да үйлердің кілттерін сәйкестендіреді. Сынып болып қалдықпен табу алгоритмін талқылайды.

Т.Т. Теңдеуді ықшамда және түбірін тап. Оқушылардан ықшамдау дегенді қалай түсінетінін сұраңыз. Топтарға теңдеуді парақ қағазға шығаруды ұсыныңыз. Әр топтың теңдеуі дұрыс шығарғанын тексеруді ұйымдастырыңыз. Бағдаршам әдісі арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.

Х*5=502+238

Х*5=740

Х=740:5

Х=148

148*5=502+238

740=740

7*у=816-221

7*у=595

у=595:7

у=85

7*85=816-221

595=595

а:6=647-325

а:6=322

а=322*6

а=1932

1932:6=647-325

322=322

Т.Т. «Ойлан, шығар, тап» Топтағы оқушыларға берілген үштік сандардан бөлу мен көбейтуге барынша көп өрнек құрастыру керек екенін айтыңыз. Топтардың қанша өрнек құрғанын сұраңыз. Құрылған өрнектерді қалай атауға болады?. Олардың жауаптарын салыстырыңыз.

194,4,776 203,5,1015

Ж.Ж. «Жалғастыр» Тапсырма екі таңбалы және үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді бекітуге бағытталады.

47, 141, 423

Шығарып көр. Әр топқа параққа өздеріне ыңғайлы түрде есептің қысқаша шартын – сызба, сурет немесе қысқаша жазбасын жазуды тапсырыңыз. Есеп салыстыруға берілгенін айтыңыз. Топтың бір өкілі жауабын тақтаға шығарып көрсетеді. Сынып болып есептің қысқаша жазбасын және шығару жолын талдау. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.

? б

18 б 18 б ? бала

Бір мектептен жарысқа екінші мектептен қарағанда 2 есе кем, ал екінші мектептен 36 бала қатысты. Барлығы неше бала жарысқа қатысты?

Жазғы демалыс кезінде балалар хоры 30 концерт берді. Оның ішінде қалада 3 концерт, лагерьлерде одан 4 есе артық, ал қалғандарын ауыл клубтарында көрсетті. Ауыл клубтарында қанша концерт көрсеткен?

30

Бірдей 5 торға 20 үй қояны сыяды. 36 қоянды сыйғызу үшін қанша тор керек?

20 қоянға -5 тор

36 қоянға-? тор

Ойлан. Тапсырма есептеу дағдыларын және амалдардың компоненттері бойынша білімін бекітуге бағытталған. Тапсырманы өз бетінше орындауға тапсырыңыз. Алдымен өрнек құруды сұраңыз. Дұрыс жауабын көрсетіп, салыстырып тексеруді ұсыныңыз.

  • Нәтижесінде 86 санын алу үшін 3 –ті нешеге бөлу керек?
  • Нәтижесінде 476 саны шығу үшін

7-ні нешеге көбейту керек?

  • Нәтижесінде 512 шығу үшін 128-ді нешеге көбейту керек?

Ж.Ж. «Таңда, есепте» Тапсырма есептеу және амалдардың орындалу ретін сақтау дағдыларын бекітуге бағытталған. Амалдардың орындау ретін белгілеп содан соң есептеуге тапсырыңыз.

(140:14+650):6*3

970-540:9*8-120

270:9*7-360:4

Кері байланыс

«Серпілген доп» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау сұрақтарын бір-біріне допты беру барысында қояды.

1. Бүгінгі сабақта саған қай есеп түсініксіз болды?

2.Есептеу барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаландың ба?

3. Сабақ ұнады ма?

4. Бүгінгі сабақ мақсатына жете алдың ба?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу