Параллелепипедтің моделі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

109- сабақ.

Тақырыбы:

Параллелепипедтің моделі

Оқу мақсаты:

3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты

параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін

құрастыру

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау (текше, тікбұрышты параллелепипед) және оның моделін құрастырады

Оқушылардың көпшілігі:

Жазбадан параллелепипедтің моделін қалай жасап алуға болатынын түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі :

Текшенің,тікбұрышты параллелепипедтің моделін құрастыру және өзбетімен жасай алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар параллелепипедтің моделін қалай алу керектігін

түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: параллелепипед, сызба, жазба, модель

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Қалай ойлайсың, тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайындау үшін неге тіктөртбұрыш сызу керек?

–Қанша және қандай тіктөртбұрышты кескіндеу қажет?

–Неліктен оларды осылай қағаз бетіне қою ыңғайлы?

–Жазбаларда «құлақшаны» не үшін дайындайды?

–Қандай фигураларды кубтың қырлары деп атайды?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Параллелепипедтің жазбасы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

(Т) Кіріспе тапсырма.

Берілген суреттен параллелепипедтің жазбасын тап.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тікбұрышты параллелепипедтің моделін құрастыруды үйренетінін хабарлау. Әр топқа тікбұрышты параллелепипедті құрастыруға уақыт белгілеу. Олар ермексаз бен түтікшілерді пайдаланып, модельді құрастырады. Оқушылар композицияларын көрсетеді. Сыныпта модельдер көрмесін ұйымдастыру.

«Қағаздағы сұрақтар»

әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл..

-Тікбұрышты параллелепипедтің жақтары тіктөртбұрыш болып табылады ма?

-Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары тең бе?

-Параллелепипедтің барлық қырлары қандай?

-Тікбұрышты параллелепипедтің барлық бұрыштары тік болып келеді ме?

-Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар?

Бағалау. Оқушыларға жауаптарды оқып, егер жауап «дұрыс» деп есептесе қолдарын көтереді. Содан соң өз жауаптарын түсіндіруін сұрау

Тікбұрышты параллелепипедтің жазбасы , ермексаз, түтікшелер

3-5 слайд

Сабақтың ортасы

2 мин

1 мин

2 мин

5 мин

2 мин

8 мин

2 мин

3 мин

(ЖЖ)Талқыла. Тікбұрышты параллелепипедтің моделін жабыстырып жинау үшін қай жазбаны қолданар едің? Оқушылардан модель үшін қай жазбаны таңдағанын сұрау. Оқушылар қандай жазбаны таңдады және жауаптарын түсіндіреді.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар басбармақтары арқылы берілген тапсырманың жауаптарын бағалайды. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: Орташа! бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Ұнамады! Бармағын төмен бағыттап көрсетеді.

) Ұзындығын есепте. Оқушылардан алдын ала ұзындығы 11 см, 5 см, 8см болатын тікбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар екенін сұрау. Оқушыларға өз бетінше параққа есептетіп, содан соң жұппен өзара тексеруді ұйымдастыру.

) Орындап көр. Топтарға қосымша тапсырма беру.

«Бағалау сатысы» әдісі арқылы бағалау.

Төменгі:1-сатыда дұрыс емес, толық емес, қате орындаған топ;

Ортаңғы:2-сатыда қателері бар, жартылай тапсырмаларды орындаған топ;

Жоғарғы:3-сатыда жауабы дұрыс, толық, жылдам орындаған топ орналастырылады.

Ойлан. Берілген параллелепипедте неше текше бар? Қай жазбадан параллелепипед құруға болады? Дәлелде.

(ӨЖ) Тез жауап жаз.

Фигуралардың ауданын есептеуді қайталау үшін үлестірмелі қағазға жазылған тапсырмаларды тарату.

Бағалау. Оқушыларға өз бетінше тапсырманы орындап болған соң, сағат тілінің бағытымен көршісіне өзара тексеру үшін парақтарын беруді ұсыну. Оқушылар алынған нәтижені айтып, шығару жолын түсіндіреді.

(Ұ) Өткенді қайталау. Ауызша көбейту кестесін қайталау үшін «Тұғындарын тап» ойынын өткізу

Бағалау. «Шапалақ» арқылы бағалау.

Топтар өзара жұмыстарын тексереді:

3 шапалақ - дұрыс толтырылған болса,

2 шапалақ - қателері болса,

1 шапалақ - дұрыс емес болса.

Оқулық, торкөзді парақ, қайшы. 6-7 слайд

8-9 слайд

10-слайд

«Толықтыр» тапсырмасы жазылған парақтар. 11-слайд

«Тұрғындарын тап!»

12-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

5 мин

Кері байланыс

Оқушылардың сабақтағы материалды қаншалықты меңгергенін анықтау үшін «Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне ақ параққа сұрақ жазып лақтырады, оқушы қай кесекті қағып алса, сонда жазылған сұраққа жауап береді.:

– Тікбұрышты параллелепипедтің ерекше белгілерін ата.

– Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі, қыры, жағы бар?

Бұл фигура неге осылай аталады?

Барлық жақтары тең параллелепипед қалай аталады?

Сенің ойыңша, егер жазбаның өлшемі 3 см болса,

ол тікбұрышты параллелепипед бола ала ма?

Бағалауды «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізу.

Параққа оқушылар өз алақандарының суретін салады, әр саусаққа сұрақтарға жауап жазады.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Жауаптарды оқып, қорытындылау.

13-слайд

«Бес саусақ» әдісі

14-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу