Параллелепипедтің көлемін табу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: : Есеп шығару тәсілдері № 137 сабақ. Тақырыбы: Параллелепипедтің көлемін табу | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.5.1.5 жанама болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастармен байланысты);тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалармен ауданын;тікбұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару. 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шамалар мен олардың өлшем бірліктері | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық! Кіріспе тапсырма Пазл (Т.Ж) Оқушыларға алдын ала қызыл,сары түсті параллелипипед және көк, жасыл текше дайындайды. Пазл А4 форматындағы парақта дайындау және кейін бөліктерге бөлу. Оқушылар пазлдың бөліктерін алады. Оқушыларға пазлдарының бөліктеріне ие оқушыларды табу үшін сыныпта қозғалу керек. Оқушылар пазлдың бөліктерінің барлық иелерін тапқаннан кейін, олар жұмысқа топпен кіріседі: пазлды құрады және тапсырмалар орындайды.Уақыт регла-ментін орналастыру.Тапсырма орындалғаннан кейін сұрақ-тарға жауап беру. Тапсырма: 1)Пазлдан қандай геометриялық фигура құрастырдың. 2)Ол туралы не білесің? Мысалы: -Кубтың барлық қырлары тең. - Параллелепипедтің сегіз жағы бар. Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» -Олай болса, формула бойынша параллелепипедтің көлемін есептеуді үйренесің. Есіңе сақта! *Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығы, ені және биіктігінің көбейтіндісіне тең. V = a ∙ b ∙ c Текшенің көлемі: V = a ∙ a ∙ a = a³ | Слайд №2 Куб немесе параллелепипедтің моделі Слайд №3,4,5,6 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Фигураның көлемін тап (Ж.Ж) Әрбір топқа фигуралар таратылып беру. Оқушылар жұптасып, фигураның көлемін есептеп табады. Оқушылар жұпта жұмыстарын алмастырып, бір-бірін тексеріп, бағалау. Тапсырма: а) Биіктігі 3 см, ені 2 см, ұзындығы 5 см тікбұрышты параллелепипедтің көлемін тап. ә) Қыры 6 см текшенің көлемін тап. «Басбармақ» арқылы бағалау. Көлемін тап (Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар параллелепипедтің және текшенің көлемін табу туралы алған білімін тиянақтай түседі. Тапсырма: Егер кішкентай переллелепипедтің өлшемдері 8 см, 4 см және 3 см болса, бүкіл фигураның көлемі неге тең? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Кестені толтыр (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, кестені толтырады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар параллелепипедтің көлемінің формуласын қолдану дағдысын қалыптас-тырады.Қате кеткен жағдайда сұрақтар қою арқылы қайта түсіндіру. Тапсырма:
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Шығарып көр (Ұ.Ж) Оқушыларға тақтадағы суретке назар аударуын сұрау.Текшенің ортасынан кішкентай текше ойып алынған.Қалған бөлігінің көлемін табуды ұсыну. Бұл тапсырма арқылы оқушылар кеңістіктікте ойлауды дамытады. – Осы фигураның көлемін білуге бола ма? Қалай? – Кесіп алған бөлігінің пішіні қандай? – Осы бөліктің көлемін білуге бола ма? Қалай? – Қалған фигураның көлемін қалай табуға болады? Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін бірлесіп, тақтаға жоспарды жазу. 1. Үлкен параллелепипедтің көлемін табу. 2. Кесіп алған фигураның көлемін табу. 3. Үлкен параллелепипедтің көлемінен кесіп алған фигураның көлемін азайту. Тапсырманы орындап болған соң оқушылардың есептеп тапқан жауабын сынып болып тексеру. «Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу | Слайд №4 Слайд №5 Слайд№6 Слайд 7,8 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Не білдім? -Параллелепипедтің көлемін қалай табамыз? -Кубтың көлемін ше? -Формулаларын жазып көрсет. «Білім ағашы» арқылы бағалау | Стикерлер Слайд №9 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды