Параллелепипедтің көлемі. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: : Есеп шығару тәсілдері

138 сабақ.

Тақырыбы:Параллелепипедтің көлемі.

Есеп шығару.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.5 жанама болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастармен байланысты);тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалармен ауданын;тікбұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Көлемді табуға берілген есепті шығара алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Көлемді әртүрлі өлшем бірліктері арқылы өрнектеуді біледі.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Есептің жоспарын құрып,талдау жасай алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамаларды ажырата алады;

Шамалардың өлшем бірліктерін ажыратады.

Талқы нүктелері

Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен материал жұмсау компоненттерінің арасында қандай байланыс бар?

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Сынып бөлмесінің көлемін табу үшін нені білу керек?Көлемнің қандай өлшем бірліктері бар?Көлемнің формуласын жазып көрсет.

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалардың өлшем бірліктерін біледі

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Кіріспе тапсырма.

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар өздеріне берілген қағазды бүктеу арқылы көлемдері әртүрлі параллелепипед және текше жасайды. Сол фигураның көлемін табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар тікбұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемін табуды пысықтайды.

Тапсырма:Бүктеу арқылы фигура құрастыр, көлемін тап.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

-Фигуралардың көлемін қандай өлшем бірлік арқылы таптық?Неге?

-Бөлменің, көп қабатты үйдің, қораптың, кітаптың өлшемін білу үшін қандай өлшем бірлікпен өлшеген тиімді.Неге?

-Бүгінгі сабақта, көлемді әртүрлі өлшем бірліктері арқылы өрнектеуді үйре-

несің.Үлкен параллелепипедтің көлемін дециметр куб (дм³) немесе метр куб (м³) арқылы өлшеген ыңғайлы екенін білесің.

1м 1м 1дм 1дм 1дм³ басқаша атауы – 1 литр

1м 1дм

1м³ 1дм³

4 рулетка

1метрлік сызғыш

Сабақтың ортасы

Шығарып көр

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы шағын топта талғылап, ортақ шешімге келеді, ламинатталған параққа жазады.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар формулаларды қолданып есеп

шығару дағдыларын дамытады.

Тапсырма:

  • топ

«Жанай» спорт кешеніндегі жүзу хауызының көлемі 408 м³. Оның ұзындығы 17 м, ені 12 м. Жүзу хауызының тереңдігі неше метр?

2-топ

Алма салатын жәшіктің көлемі 150 дм³, биіктігі 3 дм, ені 5 дм. Ұзындығын тап.

3-топ

Жұқа тақтайдан жеміс салатын жәшік жасады. Жәшіктің сыйымдылығын анықта.

2дм

4дм

8дм

4-топ

«Евразия» спорт кешеніндегі жүзу хауызының ұзындығы 20 м, ені 15 м, тереңдігі 2 м. Хауыздағы көлемін тап.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Көлемін есептеп тап

(Ж.Ж)Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Сосын қасындағы жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір –бірінің дәптерлерін тексереді, бағалайды.

Тапсырма:

а) 4 л = ? дм³

ә) 6 дм³= ? л

б) Қырлары 30 дм болатын текшенің көлемін.

в) Ұзындығы 8 см, ені 5 см, биіктігі 3 см параллелепипедтің көлемін.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Аквариум

(Ұ.Ж) Оқушылармен бірге есепті оқып, талдау.

-Аквариум қандай фигураға ұқсайды?

-Берілген сандар нені білдіреді?

-Көлемді табу үшін не істейміз?

-1 литрде қанша дм куб бар?

Есепті бір оқушы тақтаға шығарады, қалған оқушылар өз бетінше шығарады. Сосын тақтадағы есеппен салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

Мектептегі тірі табиғат бұрышында аквариум бар. Оның ұзындығы 9 дм, ені

5 дм, биіктігі 4 дм. Аквариумдегі су дәл ортасына жету үшін қанша литр су құю қажет?

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу

Ойлан

(Т.Ж) Әрбір топқа көлемі әртүрлі қорап таратып беру. Көлемі 12 дм³ болатын кәмпитті, қай қорапқа салуға болатынын анықтауды тапсыру.Оқушылар алдымен қораптардың көлемін табады. Салыстара отырып қай қорапқа кәмпиттің сиятынын табады. Оқушылардың жауабы бірдей болу керектігін ескерту. Егер қате кеткен болса, онда жетекші сұрақтар қою арқылы қатені табу, талқылау.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

«Ия-жоқ»

Сынып бөлмесінің көлемін куб метрмен өлшейді. (ия)

-Жүк шабаданы көлемін куб дециметрмен өлшейді.(ия)

-Қораптың көлемін куб метрмен өлшейді. (жоқ)

-Контейнердің көлемін куб километрмен өлшейді.(жоқ)

-Кір жуатын машинаның көлемін куб дециметрмен өлшейді? (ия)

-Көп қабатты үйдің көлемін куб метрмен өлшейді. (ия)

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет!», «Тамаша!», «Өте жақсы!»

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Тазалық» әдісі арқылы жүргізу

Не үйрендік?

- Көлемнің қандай өлшем бірліктері бар?

-Көлемнің формуласын жазып көрсет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу