75:15 түріндегі бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№91 сабақ. Тақырыбы: 75:15 түріндегі бөлу
Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; қима қағаз,
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Көбейту және бөлу – өзара кері амалдар.
Демек, екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде көбейтудің мәнін жіктеу арқылы табуға болады. Ол санды бөлгішке көбейтудің нәтижесінде бөлінгіш шығады.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе
(Ұ.Ж) «Тұрағы қай жер?» ойыны арқылы көбейту кестесін қайталаудан бастаңыз. Оқушылар көбейту және бөлуге берілген мысалдарды ауызша тез, әрі шапшаң орындайды.
-Мәндерін кему ретімен орналастыр.
-Қандай сөз шықты?
-Бекіту.
-Сендер ойын барысында көбейту және бөлу кестесін бекітуге арналған мысалдарды шығардыңдар.
-Келесі тапсырмаға қараймыз. 42:14
- Мәнін бірден таба аласыңдар ма? (Бұл сұраққа барлық бала жауап бере алмауы мүмкін)
-Неге? (екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөле алмаймыз)
-Ендеше, бүгін екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді үйренеміз.
42:14 Бөліндінің мәнін таңдап алу тәсілімен іздеп табу.
-42-ні 14-ке бөлу үшін, 14-ке көбейткенде 42-кі шығатын санды табу.
Тексеруді 2 саныннан бастау.
2 санын аламын 14-ке 2-ні көбейтсек 28 шығады. Сәйкес келмейді.
3 санын аламын 14-ке 3-ті көбейтсек 42 шығады. Сәйкес келеді.
Демек, 42-ні 14-ке бөлсек 3 шығады. Жауабы: 3
Оқушылар екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлгенде жіктеу әдісін қолданған ыңғайлы екенін үйренеді.
Келесі тәсілмен де табуға болады. 72:36
-72 санының бірлігі 2, 36 санының бірлігі 6 демек,6 санының көбейту кестесінен 2-ге аяқталатын сандарды табамыз.Ол қандай сандар? (12,42)
72:36 бұл 2;7 саны 2∙6=12 және 7 ∙6=42
-Сонымен, екі санды тексеріп көреміз.
36∙2=72, сәйкес шықты. Жауабы: 2
Бөліндіні тап
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру арқылы сабақты жалғастырыңыз. Оқушылар кезекпен жіктеу әдісін қолданып мысалдарды шығарады. Мысалдарды шығарған соң, жұптар дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір- бірінің жұмыстарын салыстыра отырып, тексеруді ұйымдастырыңыз. Қателескен оқушымен жеке жұмыс жүргізіңіз.
Жауабы:
96 : 16 =6 50 : 25 =2 45 : 15 =3
42 : 14 =3 32 : 16 =2 60 : 15 =4
48 : 16 =3 51 : 17 =3 38 : 19 =2
54 : 18 =3 70 : 14 =5 90 : 45 =2
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Есепті шығар
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар есепті алдымен жұпта оқып, талқыласың. Сосын топта бірігіп, ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушыларға салыстыра отырып, тексеруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:3 күнбағыс
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Салыстыру
(Ж.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Шығарып болған соң сағат тілінің бағытымен дәптерді ауыстырып, бір – бірінің қатесін тексеруді сұраңыз.
Жауабы:
77 : 11 > 84 : 42
99 : 33 > 24 : 12
52 : 26 < 100 : 25
46 : 23 < 90 : 18
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеуді шеш
(Ж.Ж) Оқушыларға теңдеуді өзіндік жұмыс ретінде орындауды ұйымдастырыңыз.
Шығарып болған соң, жұптасып бір –бірінің дәптерін тексеруді сұраңыз.
Жауабы: x=3; x=26; x=16
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Сәйкестендір
(Ұ.Ж) Оқушылар тапсырманы тақтаға біртіндеп шығып орындауды ұйымдастырыңыз. Мәндері сәйкес келетін өрнектерді бағыт сызығы арқылы қосады, өз таңдауын түсіндіруді сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы санның квадраты мен кубын есептеуді қайталайды.
Жауабы:
9² 81
5² - 4² 9
6² + 7² 91
8² 64
4²+2² 20
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Тізбекті шеш
Оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Шығарып болған соң дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырма арқылы есептеу дағдысын пысықтайды.
Жауабы:1
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында «бір сөзбен» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз
-Есептеуді қалай орындау керек?
-Қандай тәсілдер қолданылды?
«Бір сөзбен» әдісі
- Оқушылар берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?