Есептерді формулалар арқылы шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A-бөлім: «Өрнектер. Қозғалысқа есептер»

Мектеп:

Күні:2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Есептерді формулалар арқылы шешу

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.5.1.2 есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық

3.5.1.3 жылдамдық, уақыт, арақашықтықты табу есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды формулаларды қолдануға жағдайлар жасау. Түзу бойымен бірқалыпты қозғалысты түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

Формулаларды қолданады;

Бірқалыпты қозғалысты анықтайды.

Тілдікмақсаттар

 

Талқы нүктелері:

  • Біз екі белгісіз мүшесі бар кезде бұны істей аламыз ба?

Сен неге .. екенін айта аласың ба?

  • …біз бұны бұлай қайта құра алмаймыз?

Жазу сыбырсөздері:

  • (…) формуланың бағыңынқысы қылып, формуланы қайта құрыңыз.
  • Формуланың барлық мүмкін қайт құруларын көрсетіңіз.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, жауапкершілік,өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Көпбұрыштардың ауданы

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отыра құрастыру.

Өткенді бекіту.Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар топта отырып шеңбер бойымен кестелерімен ауысадыда бірін-бірі тексереді және дескрипторлар арқылы бағалайды.

А4 форматына жазылған кестедегі есептер.

Сабақ

Ортасы

6-10мин

11-15мин

16-21мин

22-35мин

Қызығушылықты ояту.

  • Қозғалыста болатын қандай денелерді білесіңдер?

    (машина, мотоцикл, адам, жануар, құс)

  • Қозғалыста болмайтын ше? (заттар, тамақ ,құрал т.с.)
  • Қозғалыстағы дене қандай бағытта болуы мүмкін?

(Ұ)Сурет бойынша жаңа сабақты жетекші  сұрақтар арқылы түсіндіру. -Балалар,назарларыңды мына суретке  аударыңдар.-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?-Трактор қозғалыста ма? Оны неден байқадыңдар?-Жүк машина ше?-Ал адам ше?-Енді келесі суретке назар аударыңдар.-Бұл суреттен не байқадық?-Трактордың,жүк машинаның,жаяу адамның козғалысы жайында не айтуға болады?-Олардың бір сағатта бара алатын қашықтықтары бірдей бола ма,әлде әр түрлі бола ма?-Неліктен?Қайсысы басқаларынан баяу,қайсысы жылдам қозғалады?

Бірқалыпты қозғалыс.

Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

(Ө)Есеп шығару.

Мақсаты:Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар

Тапсырманы орындап болған соң ұжымдық тексеру өткізіледі.Яғни барлық оқушылар талдайды, өзін-өзі бағалайды.

(Т,Қ)Диференциация

Мақсаты: Формулаларды пайдаланып, қиындығы әр түрлі есептерді шығаруға машықтандыру.

1-топ: Бұл бір амалмен шешілетін қарапайым есепті шығарады

Астанадан Алматыға дейінгі ара қашықтық 1200 км. Поезд 60 км/сағ жалдамдықпен – қозғала отырып бұл қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді ?

2-топ: Екі амалмен шығарылатын есепті шығарады.

«Поезд 12 сағат бойы 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер Астанадан Алматыға дейінгі арақашықтық 1200 км болса, оған жүріп өтуге қанша километр қалды?»

3-топ:Үш амалмен шығарылатын есепті шығарады.

Поезд сағат 15.00-де 60 км/сағ жылдамдықпен «Астанадан Алматыға жолға шықты. Астанадан Алматыға дейінгі 1200 км жолды поезд жүріп өту үшін қанша уақыт керек және Алматыда қай уақытта болады?

Әр топ есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын жазып, көрші топтардың алдыңда талдап, түсіндіреді, өз жұмысын қорғайды. Қалған топтар олардың жұмысын бағалайды.

Карточкаларпрезентация,

құм сағат

Сабақтың соңы

36-40мин

Рефлексия:

  • Сабақта не маңызды болды?
  • Не қызықты болды?
  • Қандай қиындықтар кездесті?

Басбармақ сигналды карталары

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау, өз-өзін бағалау.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу