Есептерді шешуде алгоритмдерді пайдалану. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4B Бөлім:

Есептерді шығару

тәсілдері

Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім: Шамиганова Р.М.

Қатысқандар саны:19

Күні:

Қатыспағандар саны:

Сынып: 2В

Сабақ

тақырыбы:

Есептерді шешуде алгоритмдерді пайдалану

Осы

сабақтақолжеткізілетін

оқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

ММ2.3

Математикалық және практикалық есептерді шешу үшін амалдар тәртібін құру

Сабақтың

мақсаты

Есептерді шешу жолдарын табу, математикалық және практикалық есептерді шешу үшін алгоритмдер құрастыру

Әртүрліесептердішешуде алгоритмдерді білу және қолдану.

Жетістік

критерийлері

  • есептердішешудіңалгоритмінқұрастырадыжәнетүсіндіреалады

Тілдік

мақсаттар

  • Алгоритм
  • Жүйе
  • Шарты
  • Сұрағы
  • Шешуі

Құндылықтарды

дарыту

 

 

 

сыйластық

жауапкершілік

Пәнаралық

байланыстар

Қазақтілі, дүниетану

Алдыңғы

меңгерілген

білім

Есептерді әртүрлі әдістермен шығара алады.

Сабақтың

барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

«Тез есепте?» көбейту кестесін қайталау.

Көбейткіш

4

4

4

4

4

4

Көбейткіш

5

3

7

4

6

8

Көбейтіндінің мәні

« Ойлан, тап!» ойыны

1станок күніне 15 бөлшек, ал екінші станок одан 5 бөлшек артық жасайды. Екеуі бір уақытта жұмыс істесе, онда 7 жұмыс күнінде неше бөлшек жасап шығарады?

Бұл қандай есеп? Мәтінді есеп.

Сонымен бүгінгі сабақ не жайында болмақшы?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Есептерді шешуде алгоритмдерді пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

  • Есептерді шешу жолдарын табу, математикалық және практикалық есептерді шешу үшін алгоритмдер құрастыру
  • Әртүрлі есептерді шешуде алгоритмдерді білу және қолдану.

Жетістік критерийлері:

  • есептерді шешудің алгоритмін құрастырады және түсіндіре алады

Сабақтың

ортасы

Қызығушылықты ояту.

Математикалық диктант

1- тапсырма.

Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт  та, нәтижені 2-ге бөл.Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап?

2- тапсырма.

Мен бір сан ойладым. Ол санды 6 есе арттырғанда 540 саны шықты.Мен қандай сан ойладым?

3-тапсырма.

Ойлаған санды 2-ге бөліп,бөліндіге 5-ті қос та, нәтижені 3-ке көбейт. Сонда 30 саны шықты. Ойлаған санды тап?

Жауаптары:

1. * х 3-6 :2=15

2. * х 6 = 540

3. * :2+5 х 3= 30

Тақтамен жұмыс. Есептерді шығар:

  • Футбол алаңында 16 бала ойнап жүрді. Оларға тағы 8 бала қосылды да, олар екі топқа бөлінді. Әр топта бала саны қаншадан болды?

Шешуі: (16+8):2=12

Жауабы: Әр топта 12 баладан болды.

  • Көркем сырғанау үйірмесіне 15 қыз , ал теннис үйірмесіне одан 4 есе артық қыз қатысады. Екі үйірмеде барлығы қанша қыз қатысады?

Шешуі: (15х4) +15 =75 (қыз)

Жауабы: Екі үйірмеде 75 қыз қатысады.

  • Мектептегі каратэ үйірмесіне 24 бала, ал бокс үйірмесіне одан 4 есе кем бала қатысады. Екі үйірмеге барлығы қанша бала қатысады?

Шешуі: 24:4+24 = 30 (бала)

Жауабы: Екі үйірмеге барлығы 30 бала қатысады.

Есепті шығаруда қандай алгоритм қолдандыңдар? (оқушылардың партасында мынадай сұрақтар болады:

- Есепте не белгілі?

- Нені табу керек?

- Есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?

- Неше амалды есеп? Неліктен?

- Есептің қысқаша шартын дәптерге жазыңдар.

- Шешуін топта талқылаңыздар.

- Есептің шешуін жазыңдар.

Оқушылар өз шешулерімен бөліседі.

- Қай топта есептің шешуі басқаша? Есепті неше тәсілмен шығардыңдар?

Алгоритм дегеніміз - берілген есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:

1) 30 бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт.2) 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - ды қос.3) 8 бен 4 - тің қосындысы 11 мен 6 - ның айырмасынан қаншаға көп.4) 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос.5) 16 мен 8 - дің айырмасын 7 - ге арттыр.6) 21 мен 29 - дың қосындысын 22 мен 12 - нің айырмасынан кеміт.

Сабақтың соңы

Қорытынды. Не үйреніп,не білдік?

  • Сабақта не қызық болды?
  • Қандай қиындықтар кездесті?
  • Не маңызды болды деп ойлайсыңдар?
  • Келесі сабақта қандай жұмыс түрімен жұмыс жасау

Дифференциация

Қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс түрлерін беру

Кері байланыс кестені толтыру арқылы жасау:

«Сөйлемді аяқта» (тиісті сөздің астын сыз)

Мен бүгінгі сабақты..................(түсіндім, түсінбедім)

Маған тақырып .................. (қиын, оңай, жеңіл, көңілсіз)

Келесі сабақта .................(тырысу, белсенді болу, жақсы қатысу)

Денсаулық сақтау

Қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бағалау

Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы » арқылы бағалау.

Білмеймін

Білемін

Түсінемін,орындаймын.

Басқаларға көмектесе аламын.

Үйге тапсырма беру:

Есепті шығар:

Бала бақша асханасына 3 литрлік 9 банка қызанақ , 2 литрлік 8 банка қияр әкелді.Асханаға барлығы қанша литр азық әкелінген?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу