Әдептілік (қайталау сабағы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: №14 | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кенесбековна | |||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әдептілік (қайталау сабағы) | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А5. Сенімді және еркін жауап беру | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||
Бағалау критерийі | Сұрақтарға еркін жауап бере алады. Көзқарасын дәлелді жеткізеді. | |||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||
Алдыңғы оқу | Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуы, үндестік заңын ескеріп айту дағдылары қалыптастырылды. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 15 минут 10 минут 5 минут | Қызығушылықты ояту Берілген өлең жолдарын «Дыбыс шкаласы» әдісі арқылы оқыту. Оқушылардың мәнерлеп оқу және дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу. Әдептілік дегенің, Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің, Әуре сарсаң әлегің. Сабақтың мақсаты таныстырылады. Жұптық жұмыс. «Кафель» әдісі Өз жұбымен ойын бөліседі. Тапсырма. 1.Сұрақтардың айналасына сөз,сөз тіркестерін, сын есімдерді айналдыра жазыңыз. Әдептілік деген не? Әдепті бала қандай деп ойлайсың? 2. Өз ойыңызды сыныптасыңызбен бөлісіңіз. Бағалау. «Бас бармақ» әдісі Топтық жұмыс. «Хатқа жауап» Оқушыларды санамалау арқылы екі топқа бөлеміз. Екі конвертте екі түрлі ситуациялық жағдаят берілген, топта ақылдаса отырып өз ұсыныстарын білдіреді. 1- топқа Достар! Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па? 2 -топқа Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар.Ол көп өтірік айтады,сабақты да оқымайды, ата-анасын тыңдағысы келмейді. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? Тапсырма. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау,кішіпейіл болу, көмектесу сөздерін қолданып жауап беріңіздер. Бағалау «Үш шапалақ» әдісі. Сабақты бекіту тапсырмасы. «Минуттық эссе» Менің әдепті болғым келеді, себебі... | слайд А3 парағы маркер конверт | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Ойды аяқта: Бүгін мен білдім ... Мен үйрендім ... Қиындық тудырды ... | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру